38
бойынша – «
Педагогикалық технология –
бұл оқушы мен мұғалімге
барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру
және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жан-
жақты ойластырылған моделі»
«
Педагогикалық технология – техникалық және адами
ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту
және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және
белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын
жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО).
Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу
әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық
технологияларды оқыту
әдістемесі» және т.б. сөз тіркестері кездеседі.
Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол
«алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын.
Осыған
байланысты,
«
әдістеме»
және
«
технология»
ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды.
А.В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“
(жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті
мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып
ажыратылады. Дербес дидактикалар ... оқыту мәселелерін сәйкес оқу
пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде – бала бақшадан
бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес
дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды... Олардың мақсаты
– сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды
дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары
заңдылықтарын зерттеу» [45, 9–21б.].
Г.К.Селевко
педагогикалық
технология
ұғымының
үш
иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді [41]:
-
бүтіндей
білім
беру
үрдісін
сипаттайтын
жалпы
педагогикалық немесе жалпы дидактикалық деңгей (аймақта, оқу
орнында, оқу деңгейінде), синонимі – «
педагогикалық жүйе»;
-
бір пән, сынып, мұғалім және т.б. аясындағы білім беру
үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі
– «жеке әдістеме»;
-
оқшауланған немесе
модульдік деңгей, яғни оқу-тәрбиелік
үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарды қалыптастыру,
бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т.б.).
Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық:
Достарыңызбен бөлісу: