Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


Оқыту әдістерінің жіктеуі



Pdf көрінісі
бет38/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

Оқыту әдістерінің жіктеуі 
Оқыту  әдістерінің  саны  мен  сипаттамасы  көп  болғандықтан, 
оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады. 
Мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекет  ету  сипаттамасы 
бойынша – Лернер-Скаткиннің
2
 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:  

түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс;  

репродуктивті әдіс;  

проблемалы  баяндау  әдісі;  бөлшектеп  іздеу  немесе 
эвристикалық әдіс;  

зерттеу әдісі. 
Мұғалім  әрекетінің  негізгі  құрамдас  бөліктері  бойынша  
Ю.К.  Бабанскийдің
3
 оқыту  әдісінің  үш  үлкен  топтамадан  тұратын 
әдістер жүйесі:  
а)  оқыту  әрекетін  жүзеге  асыру  және  ұйымдастыру  әдістері 
(ауызекі,  көрнекі,  практикалық  репродуктивті  және  проблемалы, 
                                                 
1
 М.  И.  Махмутов  (1926  ж.)  п.ғ.д.,  профессор,  академик.  Проблемалы  оқытудың    теориясы  мен 
тәжрибе негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі сабақтың жаңа жүйесін құрған.  
2
 Л.  Я.  Лернер  және  М.  Н.  Скаткин    оқыту  әдістерінің  жіктеуін  құрған  Кеңестік  педагог, 
дидактиктер.  Л.  Я.  Лернер    оқыту  әдістерінің  жүйесін  жасап,  оқытудың  дидактикалық  незідерін 
айқындаған. 
3
 Ю.К.Бабанский (1927 ж.) – Кеңес Одағының педагогика ғылым Академиясының толық мүшесі. 
Педагогикалық институттың студенттері үшін,  педагогика бойынша оқулықтардың авторы. 


 
49 
индуктивті  және  дедуктивті  өздік  жұмыстары  және  мұғалімнің 
басшылығымен өтетін жұмыстар);   
б) 
ынталандыру 
және 
білімді 
дәлелдеу 
әдістері 
(қызығушылықты  қалыптастыру  әдістері:  танымдық  ойындар, 
өмірлік  жағдайды  талдау,  жетістік  жағдайын  жасау;  білім  алу 
парызын  және  жауапкершілігін  қалыптастыру  әдістері:  білімнің 
қоғамдық  және  тұлғалық  мәнін  түсіндіру,  педагогикалық  талаптар 
қою);  
в)  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  әдістері  (ауызша  және 
жазбаша  бақылау,  зертханалық  және  практикалық  жұмыстар, 
машиналы  және  машинасыз  бағдарламалық  бақылау,  жаппай  және 
сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды);  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет