Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


Үй тапсырмаларының  үш деңгейі



Pdf көрінісі
бет45/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

Үй тапсырмаларының  үш деңгейі  


 
53 
Бірінші  деңгей  –  міндетті  минимум.  Тапсырма  бәріне  түсінікті 
және барлық оқушының біліміне сай келуі керек.  
Үй  жұмысының  екінші  деңгейі  –  жаттықтырушы.  Оны  пәнді 
жақсы  білгісі  келетін  және  еш  қиындықсыз  бағдарламаны  игеріп 
жатқан оқушылар орындайды. Олар бірінші деңгей тапсырмаларынан 
босатылады.  
Үшінші  деңгей  –  шығармашылық  тапсырма  –  сабақ 
тақырыбына,  сыныптың  дайындығына  және  т.б.  байланысты 
орындалады.  Оны  өз  еркімен  сұраған  оқушылар  орындайды,  жоғары 
бағамен және мақтаумен ынталандырылады.  
2.3.1. Үй жұмысын ұйымдастыру әдістемесі 
Мұғалімдердің  80%-ы  үй  жұмысын  сабақтың  соңында  береді, 
әйтсе  де  оны  сабақтың  басында,  ортасында,  барысында  беруге  де 
болады.   
С.А.  Пуйман  [39]  үй  жұмысын  беруді  ұйымдастырудың  мына 
негізгі ережелерін ұсынады: 
 
үй жұмысын беру үшін арнайы уақыт бөлу керек; 
 
үй  жұмысын  берген  кезде  бүкіл  сыныптың  назарын  аудару 
қажет; 
 
үй жұмысы бәріне түсінікті болуы керек; 
 
оқушылар  не  орындау  керектігін  ғана  емес,  қалай  орындау 
керектігін  білуі  тиіс:  оқулықты  қалай  оқу  керек,  тапсырманы 
орындауға қалай кірісу керек және т.б.   
Үй  жұмысын  саралаған  жөн.  Үлгерімі  жақсы  оқушылар  аса 
күрделі тапсырмаларды алуы тиіс.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет