11
ядросы, ал қазіргі есептегіш техникалардің барлық түрлері – оның
аппараттық қамсыздандыру негізі болып табылады.
Адам қызметінің барлық саласының
ауқымды түрде
ақпараттануы жағдайында, информатика пәнін кез келген ғылыммен
байланыстыруға болады. Мысалы, философиямен байланысында
әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, филология мен тіл білімінде
(бағдарламалау жүйесі, мәтіндік редактор, мәтінді айырып тану
жүйесі, компьютерлік аударма құралдары, жасанды интеллект
жүйесі), метематика, физика, экономика бойынша (компьютерлік
модельдеу), бейнелеу және графика (графиктік редакторлар, дизайн,
мультимедиа жүйесі), т.с.с.
Информатиканың фундаментальды негізі мына бөліктерден
тұрады: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары,
ақпараттық технологиялар, әлеуметтік информатика.
Теориялық информатика – информатиканың философиялық
негізі, математикалық және ақпараттық модельдер мен алгоритмдер,
сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологиялардың жобалау және
құру әдістерін қарастырады.
Ақпараттандыру құралдары бағдарламалық, техникалық болып
бөлінеді.
Бағдарламалыққа жүйелік бағдарламалық құралдар
(операциялық жүйе, бағдарламалау жүйесі мен тілдері), әмбебаб,
мамандыққа бағытталған құралдар,
техникалыққа – ДК, жұмыс
станциялары, ақпаратты енгізу-шығару құралдары, ЭЕМ-нің желілері,
компьютерлік (КТ) және телекоммуникациялық технологиялар (ТК)
жүйелері жатады.
Орта мектептің мәселелерін қамтитын информатика бөлігін
Достарыңызбен бөлісу: