Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы: 1) ұйымдастырушылық кезең;
2) таным процесі кезінде
оқушылардың жоғары ойлау
белсенділігін ескере отырып материалды алғаш рет кірістіру;
3) оқушылардың нені есте сақтау керектігіне нұсқау;
4) жадыда ұзақ уақыт сақтау және есте сақтау уәждемесі
(орысш. – мотивация);
5) ойда сақтау техникасын өзектілеу немесе хабарлау (тірек
материалдармен жұмыс, мағыналық топтама және т.б.);
6) мұғалімнің бақылауындағы жеке қорытындыларды тікелей
қайталау арқылы алғаш рет бекіту;
7) алғашқы ойда сақтаудың нәтижесін бақылау;
8) қайталауға қойылатын талаптарға сәйкес, соның ішінде
сараланған тапсырмаларды қысқа және ұзақ уақыттан кейін жүйелі
қайталау;
9) жаңа білімдерді алу мақсатында алынған білімді және
біліктіліктерді іштен қайталау және оларды жиі қолдану;
10)
білімдерді жиі қайталауды бақылау және оларды әрдайым
бағалау үшін тірек материалын қосу;
11)
үйге тапсырма беру;
12)
сабақтың қорытындысы.