Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: -
білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың
құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік
мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
-
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың
үйлесімді мазмұнын анықтау;
-
сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен
біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді
меңгеру деңгейін болжау;
-
оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін
таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және
қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-
барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге
асыру;
-
оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.