Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар



Pdf көрінісі
бет63/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 
Сабақтың психологиялық мақсаты: 
1.  оқушылардың  дамуын  нақты  оқу  пәні  және  нақты  сабақ 
шегінде жобалау; 
2.  сабақтың  мақсатын  қою  кезінде,  тақырыпты  оқытудың  және 
оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру; 
3.  оқушылардың 
дамуын  қамтамасыз  ететін  әдістемелік 
тәсілдердің  психологиялық  және  педагогикалық  әсерлерінің  жеке 
құралдарын қадағалау. 
Сабақтың стилі: 
1.  Оқытудың  дамытушылық  принципіне  сай  сабақтың 
құрылымы мен мазмұнын анықтау: 

оқушылардың  ойлау  және  есте  сақтау  қабілетіне  әсер  ететін 
жүктемелердің қатынасы; 

оқушылардың  шығармашылық  және  жүзеге  асыру  іс-
әрекетінің көлемін анықтау; 

дайын  түрде  (мұғалімнің  сөзінен,  кітаптан  немесе  қосымша 
құралдардан)  және  өздігінен  іздену  кезінде  білімдерді  меңгеруді 
жоспарлау;  

проблемалық-эвристикалық 
оқытуды 
мұғалім 
мен 
оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды 
және оны кім шешеді); 


 
67 

мұғалім  жүзеге  асыратын  әрекеттерді:  оқушылардың  іс-
әрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай 
бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу. 
2. Мұғалімнің өзін-өзі  ұйымдастыру  ерекшеліктері:  

сабаққа деген дайындығы және ең бастысы–  психологиялық 
мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;  

сабақтың  басында  және  барысындағы  көңіл-күй  – 
жинақылық,  сабақтың  психологиялық  мақсаты  мен  тақырыпқа 
байланысты  өзін-өзі  баптау,  жігерлілік,  анықталған  мақсатты 
орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік;  

педагогикалық әдептілік;  

сабақтағы психологиялық жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет