Байланысты: Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova
Сабақты өткізу мақсаттары: - мұғалімнің үлгілі іс-әрекетімен танысу арқылы сабақ өткізу
педагогикалық технологияларының әмбебап элементтерін игеру;
- белгілі бір сыныпта информатиканы (мектепте) оқыту
ерекшеліктерімен, қолданыстағы курс бағдарламасымен, оқыту
құралдарымен танысу;
- педагогикалық іс-әрекеттерді және оның нәтижелерін талдау
қабілеттерін дамыту;
- информатиканы оқыту кезінде дидактикалық қағидаларды
пайдалану ептілігі;
- әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелерін салыстыра білу
ептілігі және оқыту әдістемесі бойынша білімін бір пәннен екінші
пәнге ауыстыру; педагогикалық амалдар мен нақты мұғалімнің
әдістерін танып білу, баға беру және шығармашылық тұрғыда
қабылдау.
Информатика сабағының талаптарына сәйкес алуан түрлі
нұсқаларды салыстыра отырып, сабаққа талдау жасаудың мына сызбасына көшейік.