Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет71/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   191
мен  көлемін  жоспарлау.  Оқушылардың  әрекетін  бақылау:  мазмұнын 
және 
бақылау 
формаларын, 
олардың 
нәтижелері 
қалайша 
қолданылатындығын  бақылау.  Қалыптасу  деңгейлерін  ескеріп,  тиісті 
оқыту  формалары  мен  әдістері  арқылы  тексерілетін  оқушылардың 
тізімін  даярлау  қажет.  Білімді,  ептіліктер  мен  дағдыларды  бағалау 
нормалары оқушыларға белгілі болуы тиіс. 
7.  Әртүрлі  оқушыға жеке қарым-қатынас амалын ойластыру
білім  алуда  кеткен  олқылықтарын  толтыру,  қателіктерді  алдын  алу 
және т.б.  
8.  Сабақ  жабдықтарын  даярлау.  Оқуға  қажетті  көрнекі 
құралдарды,  аспаптарды  және  т.б.  тізімін  жасау  керек.  Барлық  жаңа 
материал  тірек  конспекті  ретінде  тақтада  қалу  үшін  сынып 
тақтасының  түрін,  сондай-ақ  оқушылардың  тақтада  және  дәптерде 
орындайтын жұмыстарын ойластыру.  
9.  Үй  жұмысының  мазмұнын,  көлемін  және  формаларын 
анықтау.  Оларды  оқушыларға  үйрету  тәсілі  мен  орындау  жөніндегі 
ұсыныстар.   
Үй  жұмысының  мақсаттары  әртүрлі    болуы  мүмкін:  бұдан 
бұрын өткен  материалды қайталау;  проблемалы жағдай туғызу; жаңа 
материалмен  танысу  (жаңа  материал  үй  жұмысын  жалпылау  кезінде 
пайда  болады,  жаңа  материалды  оқыту  үй  жұмысына  тұрақты  түрде 
назар аударту арқылы өтеді); жалпылап қайталау; сабақта оқытылған 
материалды бекіту.   


 
77 
Үй 
жұмысы 
ауызша 
және 
жазбаша; 
репродуктивті, 
конструктивті және шығармашылық; міндетті және қалауы бойынша; 
жалпы,  жіктелген  және  жеке;  орындау  мерзімі  бекітілген  немесе 
бекітілмеген; құрамалы бола алады.  
10. 
Сабақты  қорытындылаудың  формасын  ойластыру. 
Қолданыстағы  тәжірибеде  үй  жұмысы  сабақтың  соңында  беріледі. 
Бірақ мұндай жағдай ұдайы ұтымды бола бермейді. Сабақтың аяғында 
–  оқушыларды  жалпылаушы  нәтижелермен  және  идеялармен 
таныстыру,  «аяқталмаған  әрекет»  тәсілін  қолданып;  тарихи 
мәліметтерді пайдаланып ойын жаттығуларын орындау; информатика 
бойынша 
жұмбақтарды, 
сөзжұмбақтарды, 
анаграммаларды, 
ребустарды  шешу;  күтпеген  қорытындымен,  әзілмен  және  т.б. 
қорытынды шығарумен аяқтауға болады.  
11.  Үш  негізгі  –  формалды,  мазмұндық  және  аналитикалық 
бөлімнен  тұратын  конспектіні  құрастыру.  Г.И.  Саранцев
1
 атап 
өткендей,  сабақ  конспектісін  жазудың  әртүрлі    формалары  болуы 
мүмкін:  ерікті  мұғалім  мен  оқушының  әрекетін,  сабақтың  мазмұнын 
ашатын  сұрақтар  мен  олардың  жауаптарын  бөліп  қарау  арқылы 
құрастыру.  Алайда,  ұстаздық  қызметін  жаңа  бастаған  мұғалімге, 
оқытушы  мен  оқушының  әрекетін  бөліп  құрастырылған,  неғұрлым 
толық  конспекті  ұтымды.  Мұндай  жұмыс  сабақта  мұғалімнің 
жасайтын әрекеттерінде қателіктерден құтқарады.  
I.  Формалды бөлім: 
Күні  _______   
Сабақ № ____/    
Тақырыбы:  _________________  
Мақсаттары: 
білім берушілік   ________________________________  
дамытушылық  _________________________________  
тәрбиелік  ______________________________________  
Сабақ түрі:  ___________________  
Жабдықтар  (көрнекі  құралдар,  бағдарламалық  қамсыздандыру, 
мультимедиа, Интернет ресурстары және т.б.).  
Оқыту амалдары, формалары мен әдістерінің тізбегі көрсетілген 
сабақтың жеке кезеңдерінің реті; әр кезеңге бөлінген ықтимал уақыт.  
II.  Мазмұндық бөлім: 
1. Жоспарланған 
білім, 
ептілік 
пен 
дағды. 
Барлық 
тапсырмалардың  мәтіндері,  жаңа  оқу  материалы,  тапсырмаларды 
                                                 
1
 Саранцев  Геннадий  Иванович  –  педагогика  ғылымының  докторы,  профессор,  Ресейлік 
Авторлар  Қоғамының  (РАО)  корреспондент-мүшесі.  90-жылдары  ірі  ғылыми  бағыт  – 
математиканы оқыту әдіснамасын (методологиясын) қалыптастырған. 


 
78 
орындау, үй жұмысын орындауға ұсыныстар.  
2. Әр  кезеңде  мұғалім  мен  оқушының  атқаратын  әрекеті 
көрсетілген кесте (2.6–2.8 кестелер).  
Бастаушы мұғалім сабақ барысын толықтай орындауы керек:  
а)  үй жұмысын тексеру;  
б)  кім қай сұраққа жауап берді;  
в)  сыныппен жаппай жұмыс;  
г)  оқушылардың  тірек  білімдері  мен  ептіліктеріне  талдау 
жасайтын қайталама материал;  
д)  жаңа 
материалды 
жариялау: 
кіріспе; 
мұғаліммен 
ұсынылатын,  оқушылармен  орындалатын  материал;  мұғалімнің 
сұрақтары  мен  олардың  ықтимал  жауаптары;  оқу  құралдарының 
уақыты мен формалары; қорытынды;  
е)  сабақта  өтілген  материалды  бекіту,  оқушылардың  жаңа 
материалды  және  бұдан  бұрын  өткен  материалмен  байланысын 
игергендігін анықтау; 
ж) өздік жұмыс, оның мазмұны, оны өткізу нұсқаулығы, тексеру 
әдістері; 
з)  білімді бақылау мен кері байланыстың формалары; 
и)  үй жұмысы, оған түсініктеме; 
к)  сабақ  қорытындысын  шығару  (сабақта  не  жаңалық  білді, 
сыныптың және жеке оқушының жұмысына сипаттама беру).  
Конспектіде  тақтаға  жазылатын  барлық  мағлұматтардың 
мазмұны,  тақтада  орналасу  реті  мен  дәптерге  көшірілетін  тұсы; 
жобалау  немесе  оқу  телевизиялық  экранның  және  оқытушы 
компьютерлер экрандарының формалары енгізілуі тиіс.  
III. Аналитикалық бөлім – сабақты өздігінен талдау
1
.  
2.6-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (1-нұсқа) 
 
 
Әрекет 
Сабақтың кезеңі 
Мұғалімнің 
Оқушылардың 
2.7-кесте. Сабақты конспектілеу жоспары (2-нұсқа) 
 
 
Сабақтың 
кезеңі 
Мұғалімнің әрекеті 
Оқушының әрекеті 
Тақта/Экран/ 
Компьютер 
8
30
 -8
35 
8 -8 
 
 
 
8
35
-… 
 
 
 
2.8-кесте.  Сабақты  конспектілеу  жоспары  (Г.И.  Саранцев 
бойынша 2-нұсқа)   
                                                 
1
 6.4-бөлімді қараңыз 


 
79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет