Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша



Pdf көрінісі
бет87/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   191
5. Бақылау барысы кезінде ақпарат алу тәсілі бойынша: 

ауызша  әдісіне    әңгімелесу;  оқушының  сабақ  айтуы; 
түсіндіру;  оқулық  мәтініне  пікір  айту;  технологиялық  картаны, 
сызбаларды оқу; хабарлама; сынақ; емтихан және т.б. кіреді; 

жазбаша  сыныптық  және  үй  жұмыстары,  бақылау  және 
өздік  жұмыстары,  диктант,  реферат  және  т.б.  Жазбаша  жұмыс 
кезінде  оқушы  теориялық  білімдерін  ғана  емес,  оларды  нақты 
тапсырмаларды орындауда немесе проблемалық жағдайлардан шығу 


 
90 
кезінде  көрсете  алуы  керек.  Жазбаша  бақылау  әдістерін  орынды 
қолдану арқылы жазу деңгейін меңгеру, мәтінді логикалық түсінікті 
етіп  жеткізу,  проблемаға  өз  бағасын  беру  және  т.б.  сияқты 
дағдыларды игеруге болады; 

машықтану 
әдісі 
зертханалық 
және 
машықтану 
жұмыстарын орындау барысын байқап отырудан және жобалар мен 
тұсаукесерлердің тікелей орындалуынан тұрады. 
Білімді бақылау оқу үрдісінің белгілі бір бөлігі болып табылады 
және  оқытылатын  тұлғалармен  байланысты  қамтамасыз  етеді. 
Бақылау  барысында  оқытудың    дәрежесі  мен  деңгейі  бағаланады, 
оқушының  бақылау  жұмысын  орындаған  кездегі  жұмсаған  еңбек 
көлемі  белгіленеді.  Бақылаудың  нәтижелері  бойынша,  оқу  үрдісін 
басқару  жүзеге  асырылады,  яғни  қалыпты  кезде  кездесетін  қателері 
талданады,  оқушылардың  білімдері  мен  іскерліктері  түзетіледі,  оқу 
бағдарламаларына түзетулер енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет