123
алудың бүкіл курсы бойынша сыныптан тыс жұмысты жүйелеу және
ұйымдастыру.
5. Сабаққа «
енгізілетіндерді»
біртұтас кешенге түйістіру –
олар:
жеке
алынған
дәстүрлі
емес
сабақтар,
сараланған
шығармашылық, практикалық және зерттеу жұмыстары, сыныптан
тыс жұмыстың жүйесі және бағдарламалық материалдар.
Барлық сатыларда оқушылардың мақсатты әрекеттеріне және
шығармашылығына жағдай жасау өте маңызды.
Шығармашылық – қоғамдандыру мен ізгілендірудің
өзегі болып
табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады».
Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін
икемді педагогикалық технология
түрінде – қолдану тәртібі анықталған, қайталанатын педагогикалық
әрекеттердің және құралдардың
инварианттық жүйесін жасайды.
Оның ерекшеліктері:
- оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру;
- оқу материалын қабылдағанда шамадан тыс эмоциалы және
интеллектілі жүктемелеу мүмкін емес;
- сынып ұжымында жағымды рухани-психологиялық ахуалды
қамтамасыз ету.
Оқытушының міндеті – оқушылардың алдында, олардың
қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі
спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін мадақтау. Оқушы
таңдау, өзіне-өзі сенімді болу, өзінің жеке даралығын көрсету
құқығына ие. Сондықтан оқытушы оған өзінің қабілеттілігін саналы
түсінуіне көмектесіп, қолдау жасап еліктіруі қажет.
Информатика пәнінің бағдарламасында, мектеп оқулықтарында,
және оқытудың қалыптасқан әдістемесінде
ұсынылған талаптар
«орташа» оқушыға мөлшерленген. Алайда, оқушылардың деңгейлік
жіктелуі байқалады: біреулері оқу материалын оңай және
қызығушылықпен қабылдайды, біреулері қанағаттанарлық нәтижеге
ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді.
Мұның бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі.
Оның бірі– сыныптан тыс орындалатын жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: