Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Сыныптан тыс жұмыстың формалары



Pdf көрінісі
бет132/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

4.3. Сыныптан тыс жұмыстың формалары  
Сыныптан  тыс  жұмыстардың  формалары  –  бұл  мазмұнына 
қарап  қойылатын  талаптар.  Сондықтан  сыныптан  тыс  жұмыс 
формаларының  саны  орасан  көп  болғандықтан,  оларды  тұтастай 
жіктеу  мүмкін  емес.  Есесіне  мысал  ретінде  объектіге  (тұлғаға)  әсер 
етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп 
жіктеуге  болады  (4.1-сурет).  Сыныптан  тыс  жұмыстарды  жеке
топтық  және  көпшілікті  біріктіруі  бойынша,  ал  жеке  және 
көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп  жіктеледі. 
Жеке  жұмыс  –  өзін-өзі  тәрбиелеуге  бағытталған  жеке 
оқушының  өздік  іс-әрекеті,  танымы,  мектептік  бағдарламаларды 
ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі. 
Баланың  санасында  өзін-өзі  кемелдендіру,  өзін-өзі  тәрбиелеу 
қажеттілігі  түсінігін  қалыптастыру  жеке  жұмыстың  мәні  болып 
табылады.  Педагогикада  бұл  үрдісті  тұлғаны  әлеуметтендіру 
бағытында тәрбиелеу деп тұжырылымдалады.  
Жеке  жұмыстың  тиімділігі,  қойылған  талапқа  сай,  жеке 
жұмыстың  формасын  дәл  таңдаудан  басқа,  баланы  әрекеттердің 
қандайда бір формаларыне икемдеу болып табылады.  
Сыныптан  тыс  жеке  жұмыстарға  қойылатын  жалпы  мақсат  – 
нақты тұлғаның толыққанды дамуы үшін педагогикалық шарттармен 


 
135 
қамтамасыз  ету.  Ол  балада  оң  «Мен-концепциясын»  қалыптастыру 
және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту 
арқылы жүзеге асырылады.  
4.1-сурет. Сыныптан тыс жұмыс формаларын жіктеу схемасы 
Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда  тарихи 
мәліметтерді, 
бағдарламалаудан 
қиындатылған 
есептерді, 
математикалық  логикасының  элементтерін,  есептеп  шығару  жүйесін 
және т.б. қарастыру дәстүрге айналуда.  
Соңғы  жылдары  информатикада  практикалық  мәні  және 
танымдық  қызығушылығы  бар  жаңа  бағыттар  пайда  болды  – 
ақпаратты  өңдеуге  компьютерлік  технологиялар,  сонымен  қатар, 
мультимедиа,  гипертекст,  Интернет.  Бұл  сұрақтар  информатика 
бағдарламасында  өз  бейнеленуін  тапты,  бірақ  практикаға  бөлінген 
сағат  саны  жеткіліксіз  болғандықтан,  сыныптан  тыс  оқыту, 
информатикадан  оқушылардың  білім  сапасын  көтеруге  негіз  болуы 
қажет.  
Жеке  жұмыс  әрекеттері  оқушылардың  және  жасөспірімдердің 
басқалармен  қарым-қатынасын  шектемейді,  әйтсе  де  олардың 
әрқайсысына  жалпы  шараларда  өз  орындарын  табуға  көмектеседі. 
Жеке  жұмыс  үйірмелердің  қажетті  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. 
Сондықтан  ондай  жаппай  шаралардың  табысты  болуы,  жеке 
жұмыстың дұрыс жолға қойылуына байланысты болады. 
Үйірмелік 
(топтық) 
сыныптан 
жұмыс 
оқушылардың 
ғылымның, 
техниканың, 
көркемөнердің, 
спорттың 
белгілі 
аймақтарына  қызығушылықтарын  анықтауға  және  шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуға,  бағдарламалық  материалдан  алған  білімдерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет