Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


 Сыныптан тыс жұмыстың функциялары



Pdf көрінісі
бет128/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

4.1.3. Сыныптан тыс жұмыстың функциялары  
Сыныптан  тыс  жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттерін  оның  – 
оқытушылықтәрбиелікдамытушылық функциялары анықтайды. 


 
127 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  оқытушылық  функциясының    оқу 
әрекетіне  қарағанда  үстемділігі  аздау.  Сыныптан  тыс  жұмыста  ол 
тәрбиелік  және  дамытушылық  функциялардың  тиімді  іске  асуына 
көмекші  болады.  Ғылыми  білімдердің,  (оқу  іскерлігі  мен  дағды  
жүйесінің  қалыптасуында  емес),  жай  қарым-қатынас  дағдысында, 
ұжымдық  өмір,  мінез-құлықтық  белгілі  бір  дағдысын  үйретуге 
негізделеді. 
Алайда,  сыныптан  тыс  жұмыс  пен  оқу  жұмысын  дұрыс 
үйлестіру  бүкіл  оқу-тәрбиелік  әрекеттік  жүйенің  үлкен  икемділігін 
қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс бәріне бір және міндетті оқу 
жоспарын  сақтау  кезінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  сараланған  тиімді 
құралы  бола  алады.  Сабақтың  толықтығына  байланысты  уақыттың 
аздығынан,  оқу  әрекетінің  шеңберінде  жоюға  қиын,  оқу  жұмысының 
кемшіліктерін теңелте алады. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  жеке  қабілеттерін 
бейімділігі  мен  ынтасын  дамытатын  және  көрсететін  дамытушылық 
функциясының  маңызы  зор.  Мысалы,  артистік  қабілеті  бар  оқушыны 
мектептегі мерекелік шараларға, КВН-ға, информатикаға қабілеті  бар 
оқушыны  –  олимпиядаларға  пайдалы  бағдарламаларды  құруға  т.б. 
тартуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет