зат, әнергия, ақпараттың біреуі ретіндегі ақпарат туралы түсінікті
қалыптастыру туралы; табиғаты әртүрлі өзін-өзі басқару жүйелерінің
құрылысы және жұмыс істеуінің ақпараттық принциптерінің бірлігі
туралы.
2. Ақпаратпен жұмыс істеудің жалпы оқулық және жалпы мәдени дағдыларын қалыптастыру. Мұнда ақпарат көздерін сауатты қолдану икемділігі, ақпараттың
дұрыстығын бағалау, ақпарат пен білімнің байланысы, ақпараттық
процесстерді дұрыс ұйымдастыру икемділігі, ақпараттық қауіпсіздікті
бағалау туралы.
3. Оқушыларды мамандыққа дайындау. Мамандыққа көзқарастың өзгеруіне және экономикадағы
ақпараттық сектор үлесінің өсуіне байланысты оқушыларды
ақпаратты өңдеумен шұғылданатын іс-әрекеттің әртүрлі саласына
дайындау қажет болып отыр. Бұл ақпараттандыру және ақпараттық
технологиялар құралдарын меңгеруді өзіне қосып алады. Басқару
саласында
алғашқы
дайындықтың
қажеттігін
ерекше
атап
көрсеткеніміз жөн. Көптеген технологияға байланысты дамыған елдер
мұнда мемлекеттік және экономикалық дамудың табысты кепілін
көретіні белгілі.