40
Тиімділік –
нәтижелер тиімділігі мен шығынның оңтайлылығы,
қысқа мерзімде оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету кепілдігі.
Іс жүзінде қолданымдылығы (алгоритмденуі, жобалануы,
бүтіндігі, басқарылымдылығы) – педагогикалық технологияларды
басқа да ұқсас білім беру мекемелерінде, басқа субъектілермен
қолданылу мүмкіндігі.
Түзетілімдігі – тұрақты түрде жедел кері байланысу мүмкіндігі.
В.П. Беспалко тіпті басқа қағиданы ұстанып: «
белгілі бір
шартпен өтетін кез келген үрдістер осы шарттармен бірлесіп, жүйе
деп аталады... Педагогикалық үрдістерді іске асыратын жүйелерді,
педагогикалық жүйелер деп атайды» – дейді [1,26-б.].
Ол педагогикалық жүйелер құрылымын өзара байланысқан екі
топқа бөледі:
педагогикалық тапсырмаларды қалыптастыратын
элементтер тобы (оқушылар, білім беру мақсаттары, білім мазмұны)
және
педагогикалық технологияларды түзетін элементтер тобы
(оқу үрдісі, оқытуды ұйымдастыру, мұғалім және/немесе оқыту
құралы) [1,21-22 б.] (2.1-сурет).
2.1-сурет.
Педагогикалық жүйенің құрылымы (В.П.Беспалко
бойынша).
Педагогикалық
технологиялардың
терең
мағынасын
В.П.Беспалко былай түжырымдайды:
1) кездейсоқтан шығып, алдын ала жобалауға көшу;
2) оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің құрылымын және
мазмұнын дайындау;
3) оқушылардың жаңа материалды игеру және тұлғаның
бүтіндей даму сапасын объективті бақылау және диагностикалық
мақсат қою;
4) оқу-тәрбиелік үрдіс компоненттерінің мазмұны мен құрылым
бүтіндігінің қағидасын жүзеге асыру.
Қазіргі педагогикада
білім беру жүйесі компоненттерінің
Достарыңызбен бөлісу: