Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет64/191
Дата31.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#23005
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   191
Байланысты:
Мектепте-Информатиканы оқыту әдістемесі 2013 Koibagatova

Оқушылардың 
танымдық 
іс-әрекетін 
ұйымдастыруға 
қойылатын талаптар: 
1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің 
белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:  

оқушылардың  оқылатын  объектілері  мен  құбылыстарды  
саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау; 

сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;  

оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін  
тұрақты ұстау  шарттарын жоспарлау;  

оқушылардың  жадында  алдында  игерілген  білімдерін, 
біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды 
қабылдау  қажет  (әңгіме,  жеке  сұрау,  қайталау  бойынша  жаттығулар 
сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану; 
2.  Жаңа  білімдерді  және  біліктіліктерді  қалыптастыру 
үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру: 

оқушылар  білімдері  мен  біліктіліктерінің    қалыптасу 
деңгейін  (ұғымдарды  нақты  елестетіп  түсіну,  бейнелерді  жалпылау, 
«жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау; 

оқушылардың  ойлау  және  қиялдау  әрекеттерін,  жаңа 
бейнелерді  елестету  және  түсіну  деңгейлерін  ұйымдастырғанда 
ұғымдарды  қалыптастырудың  психологиялық  заңдылықтарына 
сүйену; 

оқушылардың  өздігінен  ойлау  қабілетін  жүзеге  асыратын 
және  белсенділігін  қамтамасыз  ететін  жұмыстың  түрі  мен  тәсілін 
жоспарлау  (проблемалы  жағдайларды  жасау,  іздеу  немесе  танымдық 
жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру); 

түсіну 
деңгейін 
арттыру 
(сипаттамалықтан 
бастап 
салыстырмалыға,  түсіндірмеліктен  –  жалпыламалыққа,  бағалауға, 


 
68 
мәселелікке)  және  әңгімелесу,  сөйлесу,  ойқорыту,  пайымдау 
қабілеттерін қалыптастыру; 

оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарының  әрүрлі 
формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);  
3.  Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру: 

сабақты 
оқушылардың 
жеке 
дербестік 
және 
жас 
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау; 

сабақты  нашар  және  жақсы  оқитын  оқушыларды  ескере 
отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану. 
4.  Жұмыстың нәтижесін бекіту:  

тапсырмалар  арқылы дағдыларды қалыптастыру;   

алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың 
жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту; 
5.  Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы: 

оқушылардың  оқуға  деген  көзқарасы,  олардың  өзін-өзі 
ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;  

оқушылардың  оқуды  қабылдау  қабілетінің  деңгейі  бойынша 
топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай 
формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет