Келіс (Әлеуке):
Тарақтының бұл атасына байланысты жалғыз мәлімет Шахзада қажы жинастырған
және жариялаған шежірелік деректерде ғана кездеседі. Мұнда Қармыстан - Әлеуке, одан
Сүгірәлі, одан Кӛбей мен Ебей тарайды. Ал Кӛбейден – Қарпысбай, Алпысбай, Ӛтеу
ұрпақтары таралады. Ебейден – Елқонды, одан Тұяқ, одан Мұса, Ізбасар, Елжан
таралады
34
.
Шежірелік деректерді айқындай түсуде Тарақтыдан шыққан атақты Тұяқ шешеннің
жырмен жазылған мәліметтері кӛмектесетінін айта кеткен жӛн. Онда Тарақтының
қыздарынан туған атақты адамдар тӛмендегіше сипатталады:
Қаз дауысты Қазыбек би
О да менің жиенім
Қаракерей Қабанбай
О да менің жиенім
Қанжығалы Бӛгенбай
О да менің жиенім
Шақшақұлы Жәнібек
О да менің жиенім
Ошақтыда Сапабек
О да менің жиенім
Қарсендегі ер Кӛпбай
О да менің жиенім
Тобықтыда Құнанбай
О да менің жиенім
Дәулет, Байзақ Мәмбет
О да менің жиенім
Дүкенұлы Ықылас
О да менің жиенім
Ботбай-шымыр Спатай
О да менің жиенім
Шұбыртпалы Ағыбай
О да менің жиенім
35
.
Осы деректер Тарақтыдан тараған атақты адамдар арасында бүкіл қазаққа белгілі,
мақтаныш етуге татырлық әйгілі азаматтардың кездесетінін аңғартады. Оларды талдап
жату әрине, біздің міндетіміз емес.
Тарақтының шежіресіне жасалған шағын талдау бізді мынадай қорытындыға алып
келді. Бұл тайпаға байланысты шежіре деректері әлі де толық жиналмаған. Бір кездері
оның құрамына кірген аталардың кейбірінің шежірелері мүлде белгісіз. Осының бәрі
Тарақты тарихын зерттеуді күрделендіре түседі. Кезінде ӛзі де осы тайпадан шыққан
Ақселеу Сейдімбек ел арасын аралап, шашырап кеткен Тарақтылардың шежіресін бір ізге
түсіруге барынша күш салған еді. Біз ӛзіміздің Тарақтыға байланысты зерттеулерімізді
жүргізгенде Ақселеумен тығыз қарым-қатынаста болып, жұмыстар жасаған едік. Ахаң
Тарақтының толық тарихының жеке жазылғанын армандаушы еді. Алайда қолда
жинақталған деректердің тапшылығы мұндай іргелі жұмысты дүниеге келтіруге
мүмкіндік бере қойған жоқ. Сондықтанда кӛптомды қазақ ру-тайпаларының тарихын
жазған кезімізде Тарақтыны Арғын тарихына қосып жазуға мәжбүр болдық. Солай бола
тұрса да жаңа тарихи деректер табылып жатса, тарихшылар бұл тайпаның тарихын бір ізге
33
Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.
34
Махамбетов Ш. Тарақты - Орта жүздің ноқта ағасы. -215-216 бб.
35
Ақселеу Сейдімбектің жеке қоры.
http://www.enu.kz
түсіріп, жүйелі де толығырақ жазуды алда қолға алулары керек. Сонда Ахаң бастаған іс
баянды бола түсер еді.