Тӛреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешені //Қазақ әдебиеті. 25 маусым 1993 жыл. -25 б.
http://www.enu.kz
Ақселеу Сейдімбек Тарақтының Жәші атасынан Жәдікті, Бейімбетті, Қарышты,
Тоққожаны, Толсоқты, Байқожаны таратады
17
. Ал, Шахзада қажының мәліметінде
Жәшіден – Жәдік, Бейімбет, Қарыш үшеуі тарайды
18
. Шежіреші Жәдіктен - Әндіқожа,
Байқожа, Тоққожаны таратады. Тоққожадан – Толсоқ, Тайқожа, Маман, Темірші
тарайды
19
.
Әлі (Көпсары):
Тарақтының Әлі атасынан Ақселеу Сейдімбек Жантуды, Атанды, Жантоқаны,
Бӛкейді таратады
20
. Ал Шахзада қажы Әліден – Жанту, Жантоқа, Баянқарт, Шегір,
Қызданды таратады
21
. Тарақтының бұл атасынан Еуропаға қазақ әнін алғаш естірткен
Парижде, Майн-Франкбургте, Мәскеуде шырқата ән салып, қазақ ӛнерін кеңінен
насихаттаған майталман әнші Әміре Қашаубайұлы шыққан. Оның шежіресі былай
таратылады: Әлі – Жанту – Атан - Әлмәнбет – Есенәлі – Шәку – Қашаубай - Әміре
22
.
Сары:
Ақселеу Сейдімбек Тарақтының Сары атасынан – Ақымбет, Тоқымбет, Жауқашар,
Есімбет, Асқат, Тӛлеш деген рулық тармақтарды таратады
23
. Ал Шахзада қажыда
Сарыдан – Ақымбет пен Тоқымбет тарайды. Ақымбеттен – Бешей мен Кӛшей,
Тоқымбеттен – Сүйлес және Бӛлек тарайды. Мұнда Жауқашар есімі жоқ
24
.
Әйтей:
Тарақтының бұл атасынан Ақселеу Сейдімбек Арыстанбай және Жанай ру
тармақтарын таратады
25
. Ал Шахзада қажының мәліметтерінде Әйтейден – Жанай,
Арыстанбай, Жанбай, Үйсінбай тарайды
26
.
Достарыңызбен бөлісу: