Бақылау сұрақтары:
1. Басқаруда үдерістік және жүйелік көзқарасты қалай түсінесіз? Осы
көзқарастардың арасындай қандай ұқсастылық және айырмашылық
бар?
2. Ұйым шеңберінде әрекет жасайтын тұтас өндіруші үдерісті құ-
рылымдау нені білдіреді? Мұндай тұтас үдерісті құрылымдау барысын-
да менеджер қандай қағидаларды қолданады?
3. Тәжірибеден кез келген нақты ұйымды мысал ретінде келтіріп,
оның өндіріс және өндіруші үдерісіне сипаттама беріңіз.
4. Пайда орталығын және шығын орталығын белгілеу жөнінде көз-
қарас бойынша ұйымды құрылымдаудың басқарушылық мәні неде?
5. Дайын өнімді қоймалау, өнімді өткізу сияқты түсініктерде бас-
қарушылық мәні неде?
54
5. ҮДЕРІСКЕ БАҒЫТТАЛҒАН БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
5.1. Басқарушылық тұжырымдама және басқарушылық
модель түрлері
Басқарушылық тұжырымдама − мақсатқа жетуге бағытталған
басқару объектісіне ықпал ету әдістері мен тәсілдерінің логикалық
дәлелді жиынтығы. Басқарушылық модель – едәуір кең, едәуір
көлемді түсінік. Басқарушылық модель − іскерлік жетістікке
жетудің әдіс-тәсілдері жөніндегі менеджердің түсінігі. Модельді
таңдауда менеджер басқарушылық әрекеттердің үш блогын жүзеге
асырады:
– басқару объектісінің ағымдағы жағдайын бекітеді;
– болашақ мерзімге белгілі бір кеңістікке басқару объектісінің
үлгісін модельдейді;
– нәтижесінде басқару объектісі оның ағымдағы жағдайынан
болашақ үлгі жағдайына өзгеретін басқару объектісіне әсер етеді.
Модель − моделденуші басқару объектісінің құрылымы мен
әрекеттерін көрсететін оның кішірейтілген көшірмесі.
Өзінің тәжірибелік қызметінде менеджер физикалық, аналог-
тық немесе математикалық модельдерге сүйенеді.
Физикалық модель объектінің қандай да бір нақты сипаттама-
ларын ерекшелейтін, менеджерге шынайы объектіге тән көрініс
алуға мүмкіндік беретін визуалды нысанда басқару объектісінің
немесе оның бір құраушысының сипаттамасы болып табылады.
Мысалы, цех сызбасы менеджерге цехтың өзін көрмей-ақ ондағы
өлшемдер, өндірістік аудандар, коммуникациялардың орналасуы
туралы көріністі алуға мүмкіндік береді.
Аналогтық модель өзін шынайы бір жағдайда шынайы
объект ретінде ұстайтын шынайы объектінің ауысымын сипат-
тайды. Менеджер үшін аналогтық модель көбінесе, қандай да
белгілі бір өзара байланыстарды сипаттайтын графиктер, немесе
қандай да бір жағдайлық және құрылымдық өзара байланыстар-
ды көрсететін сызбалар нысанында болады. Мысалы, өндіріс
шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы тәуелділік графигі,
55
ұйымды басқару сызбасы – аралық басқару тізбектері арқылы
жоғары басшыдан орындаушыларға дейін бұйрықтар, жарлық
беру сызбасы және қайтарымды байланыс.
Математикалық модельдеу ұйымның сыртқы және ішкі
ортасының өзара байланысын немесе басқару объектісінің
ішіндегі белгілі өзара байланыстарды анықтау үшін, өз ал-
дына шынайылық пен шынайы жағдайларды ауыстыратын
қандай да бір белгілі белгілерді пайдалану негізінде құрылады.
Математикалық модельдеу мысалы ретінде нарыққа тауарлар-
ды шығару көлемі мен нарықтағы осындай тауарға сұраныс
арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады:
Кшығ.= f (Мсұр.),
мұнда, Кшығ. – тауарды нарыққа шығару көлемі;
Мсұр. – нарықтық сұраныс мөлшері.
Менеджер мұндай модельді түсіну барысында өз ойын-
да нарыққа тауарларды шығару көлемі әрқашан нарықтық
сұраныстың анықталған деңгейінен туынды ретінде болатыны
жөнінде көріністі қалыптастырады.
Статистикалық және динамикалық модельдер ажыратылады.
Статистикалық модельдер ұйым шеңберінде міндетті орындалуы
және нақты құрылымдық бөлімшелерге олардың белгілі бір блок-
тары бекітілуі тиіс функциялардың жалпы жиынтығын қарастыру
негізінде ұйымды модельдеу үшін арналады. Олар басқарудағы
жүйелік көзқарасты бейнелейді және менеджермен оның кәсіби
қызметінде қолданылады.
Өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында менеджердің
динамикалық модельді пайдалануы басқаруда үдерістік көз-
қарастың орын алатыны мәлім. Мұнда оның шеңберінде әрбір
құрылымдық бөлімше кәсіби мағынада қандай да бір белгілі
әрекеттерді жүзеге асыратын қызмет етуші құрылым ретінде
қарастырылады. Атап айтқанда, динамикалық модельдер және
оларды зерттеу менеджерді белгілі өзгерістерді жете түсінуге
алып келеді.
Менеджер көптеген мәселелерді шешуде және шешім қа-
56
былдауда біруақытта статистикалық та, динамикалық та модельді
пайдаланатыны сирек емес.
Сонымен, статистикалық модель өз алдына ұйым неме-
се оның элементтерінің құрылымдық бөлімшелерін немесе
ішкі өзгермелілерді бекітуді білдіреді. Динамикалық модель
үдерістер жөнінде, яғни ішкі ауыспалылар немесе құрылымдық
бөлімшелердің өзара әрекеттерінің технологиясы (процедурасы)
туралы көрініс.
Басқарушылық тәжірибеде белгілі бір мәселелерді шешуде
ерекше мән менеджердің имитациялық модельді құру қабілеті
алады. Имитациялық модель − өз алдына сондай объектінің шы-
найы нысанынан өзгеше болатын белгілі нысанда модельденуші
объектінің көшірмесі.
Имитация келесі мақсаттарда қолданылады:
а) инновациялық басқарушылық жаңалық жөнінде шешім
қабылдау; (өндірісті ұйымдастырудың жаңа сызбасы, басқарудың
жаңа сызбасы және т.б);
ә) тәжірибеде қолданылып отырған сызба нұсқасының «әлсіз
жерлерін» анықтау;
б) нарықтағы жағдай күрт өзгеретін болса, нарықпен өзара
әрекет бойынша қосымша шешім әзірлеу (өзгерістердің барлық
мүмкін ңұсқалары және сол өзгерістерге жауап қайтару мүмкін
нысандары ойын түрінде қарастырылады);
в) бәсекелестердің қызығушылығын оятатын белгілі бір акци-
яларды жоспарлау барысында бәсекелестердің мүмкін әрекеттер
сызығын анықтау – мұнда имитация «картада шайқасуларды»
(топографиялық әскери карталарында) жүргізетін әскерлердің
штабтық оқытуларына ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |