Т. Т. Ипалаков Ғылыми зерттеулердің негіздері



бет1/9
Дата30.09.2022
өлшемі195,5 Kb.
#40975
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОНИ каз конспекті



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Т.Т. Ипалаков


ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ


Дәрістер жиынтығы және тәжірибелік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Өскемен
2009 жыл




УДК 006.015.9


Т.Т. Ипалаков. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Әдістемелік нұсқаулар/ Т.Т. Ипалаков/ ШҚМТУ.-Өскемен, 2009 – 25 бет. Тау-кен-металлургиялық факультеті, «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы.


Курс бір семестрде оқылады және барлық мамандандыру үшін барлық магистранттар үшін жалпы болып табылады.
Аптаға арналған курстың көлемі – 1 сағат дәріс, 1 сағат іс-тәжірибелік дәрістер, МӨЖ – 4 сағат, МОӨЖ – 2 сағат.
Бақылау нысаны. Жеке тапсырмаларды әрбір магистранттардың орындауы. Курс реферат жазумен және емтиханмен аяқталады.
Аңдатпа
Бірінші бөлім логика мен диалектика заңдарын зерттеуді және оларды зерттеулерде қолдануын қоса отырып, таным үдерісінің теорияларын және әдістемесін қарастыруға арналған.Екінші бөлім тікелей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зерттеу эксперименттерінің әдістері мәселелеріне және танымдық тапсырмаларды шешуге арналған.Үшінші бөлім ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және жоспарлау, нәтижелерін өңдеуге және ұсыну мәселелеріне арналған.
ТКМ Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген.

2009 жылғы № хаттама


 Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ баспасы, 2009

МАЗМҰНЫ







КІРІСПЕ

4

1

Қажетті теориялық мәліметтер

4

1.1

Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау

5

1.2

Ғылыми бағыт

6

1.3

Ғылыми-техникалық зерттеулердің сатысы

9

1.4

Ғылыми зерттеулерді кадрмен қамтамасыз ету

16

1.5

Іскерлік қатынасхаттар

19

1.6

Іскерлік кеңестерді ұйымдастыру

19

2

Іс-тәжірибелік дәрістер

20

3

Магистранттардың оқытушымен өздік жұмысы

21

4

Магистранттардың өздік жұмысы

22

5

«Ғылыми зерттеулер негізі» пәні бойынша емтихан сұрақтары

23




Әдебиеттер тізімі

24

КІРІСПЕ

«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәні «Таңдау бойынша курстар» пәні цикліне жатады, магистранттардың бакалавр аясында арнайы пәндерді оқу кезінде алынған білімдеріне, технологиялық үдерістерді жүргізудің, технологиялық үдерістерді басқару жүйесінің жалпы қағидаларына және т.б. негізделеді.
Пәнді оқудың мақсаты – магистранттарға ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізудің заманауи теориялары, методологиялары және әдістері саласында теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдыларын беру.
Пәнді оқудың міндеті – магистранттардың жаңа білімдерді алудың шығармашылық тәсілдері мен әдістерін тануы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттерді жасау және олардың қорытындысын көрсету, «Ғылыми зерттеулердің негіздері» пәнінен алынған білімдерін таңдаған мамандығына сәйкес ары қарай қызмет барысында қалай қолданатылатынын көрсету.
Студент білуі тиіс: болашақтағы кәсіби қызметі саласындағы ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін. Зерттеу қызметінде қолданылатын негізгі терминдер мен түсініктерді, ғылыми танымның методологиялық негіздерін, жіктемесін, эксперименттің түрлері мен тапсырмаларын, іздеудің әдістері мен тәсілдерін, ғылыми ақпараттарды жинақтау мен өңдеуді, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеуді. Ғылыми-зерттеу зертханаларында жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігі ережесін. Ұсынылатын туындыға ұсынысты рәсімдеудің талаптарын.
Студент істей білуі тиіс: Таңдалған мамандыққа сәйкес өнімді өндірудің заманауи технологияларына бағытталуы. Ғылыми зерттеулердің бағытын таңдауы, мақсаттары мен міндеттерін қоюы, оларды шешудің жолдары мен сатыларын белгілеуі. Эксперименталды зерттеулердің сұлбасын құрастыру. Ғылыми-зерттеу зертханалар жағдайында эспериментті ұйымдастыру мен өткізу. Эксперименттің нәтижесін талдауды және өңдеуді жүргізу. Эксперименттің нәтижелерін мәтін, кестелер, диаграммалар және т.б. түрінде рәсімдеу. Ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін енгізудің тиімділігінің экономикалық бағасын жасау.

1 ҚАЖЕТТІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР


Заманауи сатыдағы ғылыми шығармашылық. Ғылыми білімнің дамуының ерекшеліктері. Теориялық бастамалардың мәселелері. Логиканың, философияның, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарының теориялары мен әдістерінің байланысы. Жер туралы ғылымдарда В.И. Вернадскийдің жалпы концепциясының дамуы. Аталған ережелер нақты мамандықтың тарапынан қарастырылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет