Т. Т. Ипалаков Ғылыми зерттеулердің негіздері


Ғылыми-техникалық зерттеулердің сатысы



бет4/9
Дата30.09.2022
өлшемі195,5 Kb.
#40975
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОНИ каз конспекті

1.3 Ғылыми-техникалық зерттеулердің сатысы

Ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу үшін бастапқы міндетті құжат болып зерттеулердің мақсатын, мазмұнын, жұмыстардың ретін, сондай-ақ нәтижелерін іске асырудың күтілетін әдістерін анықтайтын техникалық тапсырыс табылады. Техникалық тапсырыс ғылыми болжамның, білімнің осы және ұқсас саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін талдау арқылы жасалады.


Ғылыми-техникалық зерттеулердің келесідей негізгі сатыларын бөліп көрсетуге болады: ақпараттық іздестіру және зерттеудің әдісін құрастыру; алдын ала зерттеуді жасау; зерттеудің экспериментті бөлігін дайындау және өткізу; эксперименттің мәліметтерін өңдеу; нәтижелерін талдау және біріктіру; нәтижелерін рәсімдеу; аяқталған шығарманы өнеркәсіпке енгізу.
Ғылыми-техникалық зерттеулердің құрылымы аталған сатылардың әртүрлі комбинацияларымен анықталады. Соңғылары уақытпен жабылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кейбір сатылары болмауы мүмкін. Мысалы, бұрын шығарылған гипотезаларды эксперимент арқылы тексерген кезде бірінші сатының болуы міндетті емес.
Аталған сатылардың ұзақтығы кең көлемде өзгеруі мүмкін. Негізінен, тәжірибелі қондырғыны жобалау және дайындау бойынша жұмыстар қысқа уақыт аралығында орындалуы мүмкін, егер де тәжірибені дайын қондырғыда жүргізетін болса. Екінші жағынан, төртінші сатының нәтижесі бойынша бастапқы гипотеза біршама түзетуге ұшыраса, тәжірибелік қондырғыны қайтадан өзгертуге тура келеді және жаңа тәжірибелерді өткізу қажет, бұл зерттеулердің ұзақтығын арттырады. Іздеу зерттеуінде өзгертілген нұсқада барлық зерттеулерді қайталауға қажеттілік туындайды. Бұндай қайталауларды барлық одан келіп шығатын нәтижелерімен бірге жаңа зерттеу ретінде қарастыру керек.
Ғылыми-техникалық сатылардың мазмұнына толығырақ тоқтала кетейік.

1.3.1 Ақпараттық іздестіру және зерттеулердің әдісін құрастыру


Бірінші сатыда осы класстың тапсырмаларын шешудің жағдайы мен тәсіліне қатысты ақпараттарды жинау жүзеге асырылады. Ғылыми мақалалар, есептер, рефераттар, аннотациялар, патенттер және т.б. түріндегі ақпарат көздері зерттелетін аумақтың мәселелерінің жағдайы туралы рефератты дайындау үшін жан-жақты талдауға түседі. Талдаудың нәтижесін картотека түрінде рәсімдеген ыңғайлы. Бұл үшін төменде көрсетілген картотеканың үш түрі болғаны дұрыс:



  • кітапханалық картотекаға ұқсас, ақпараттық көздердің картотекасы;

  • рефераттар мен аннотациялардың картотекасы;

  • конспектілер картотекасы.

Картотекалардың аталған түрлерін жасау бір уақытта өткізілетін іс-шаралар емес. Ақпарат көздері бойынша жұмыстар бүкіл тақырыппен жүргізілген жұмыс уақытында жүргізіледі. Параллельді және ұқсас жүргізілетін жұмыстар ерекше назарды талап етеді.
Картотекалар сұрақтардың жағдайы туралы рефераттарды дайындау кезінде бастапқы болып табылады. Рефераттың сапасы мен толықтығын көп жағдайда тақырыптың таңдалуы, оның мазмұны мен зерттеулердің көлемі анықтайды. Рефераттың көлемі 15 беттен аспауы тиіс (ірі зерттеулер үшін 25 бет).
Негізінен рефераттың мазмұны мен қорытындысына тоқталайық. Кез-келген зерттеудің басы – күмәндану. Ол негізінен интуитивті немесе теория мен практиканың арасында қарама-қайшылықтар туындаған кезде пайда болады. Сондықтан да реферат жазған кезде ақпарат көзінің авторымен қаьылданған бастапқы сілтемелер мен жағдайларды талдайды. Ол үшін зерттеу объектісінде өткізілетін негізгі құбылыстарды қарастырады, жіберілген қателіктер мен шектеулерді талдайды, әдебиетке жасалған сілтемелерді тексереді. Ары қарай автормен қабылданған модельді зерттейді, модельдің және зерттелетін объектінің күмәнсіздігінің сатысын анықтайды, соңғы формулаларды және жұмыстың қорытындысын талдайды.
Қорытындыны тексеру кезінде алынған заңдылықтар дұрыс болатын аумақты айқындау үшін соңғы мәндерді алған ыңғайлы. Эксперимент бөлігін қарастырған кезде қандай жағдайда сынақ жүргізілгенін, қандай өлшеу аппараты қолданылды және нәтижелері қалай өңделді сол анықталады. Ақпарат көзі авторының қорытындысы зерттеушінің қалауын фактілерден алыстата отырып талдайды. Содан кейін әртүрлі авторлардың қорытындысын салыстырады. Рефераттың қорытындысында сенімді фактілердің негізінде сұрақтың жағдайын талқылайды, содан кейін зерттеудің мақсатын көрсетеді. Мақсаты айқын және нақты жазылуы тиіс. Мысалы, «қандай да бір аппараттың жұмысының тиімділгін арттыру» деген түрде баяндауға болмайды, себебі осы мақсаттың не арқылы жүзеге асатыны түсініксіз.
Зерттеудің мақсаты егерде қандай да бір нәрсені алудың тәсілін шығару немесе қандай да бір жабдықты жасау болса, міндетті саты болып патенттік зерттеулер табылады. Патенттік жұмыстар біздің еліміздің ғылыми-техникалық салада шетелдік елдермен байланысын кеңейтуіне байланысты өте жоғарғы мәнге ие болуда.
Келесі саты болып зерттеудің алдын ала жоспарын жасау табылады, ол оның өте жоғарғы тиімділікте өте үнемді әдіспен жүргізуге әсерін тигізеді. Зерттеудің табыстылығын айқындайтын факторларға алдымен кадрлар жатады. Барлық сатылар үшін жетекшілер, орындаушылар және кеңесшілер анықталуы мүмкін. Сондай-ақ зерттеудің техникалық құралдары да нақтылануы қажет. Осыған орай келесідей сұрақтарға жауап берілуі қажет, зерттеуді қайда жүргізу жоспарланған, қандай өлшеу құралдары қажет, эксперименттердің нәтижелерін өңдеу үшін қандай есептеу техникасы қажет, материалды-техникалық қамтамасыз ету қалай жүргізіледі және т.б.
Жоспарды жасаған кезде зерттеудің әрбір сатысының орындалу ұзақтығын бағалау қажет болады. Бұны желілік графигін жасау арқылы орындаған ыңғайлы. Онда келесідей мәліметтерді көрсеткен дұрыс: не істеу қажет, кім және қандай құралдардың көмегімен орындайды, нақты операцияны жасау үшін қанша уақыт қажет, жұмыстың орындалуы қалай бақыланады. Операциялық-уақыттық график барлық сатылар арасындағы байланыстарымен бірге зерттеудің құрылымын анықтайды, жекелеген жұмыстардың орындалуы және олардың үйлестірілуі туралы көрнекті мәліметтер береді. Зерттеу жүргізілетін уақыт аз болса және негізделген жоспарлау үшін бастапқы ақпарат мол болса, жоспар шынайы және егжей-тегжейлі болып шығады.
Ақырында, жоспарда әрбір сатыны орындауға кететін шығын және қаржыландырудың көздері анықталуы қажет. Барлық төрт факторларды есепке алғаннан кейін көзделген көлемде және уақытта жұмыстардың орындалуы туралы қорытынды жасалады. Рефератта баяндалған және алдын ала жоспарлауда алынған нәтижелер әдістеме түрінде рәсімделеді. Онда зерттеуді жүргізу әдістері (теориялық және империкалық зерттеулер қатынасы) анықталады, эксперимент қондырғысының және өлшейтін аппаратураның сипаттамасы беріледі, эксперимент бөлігінің көлемі және эксперименттің нәтижелерін өңдеудің әдістері белгіленеді. Әдістеме эксперименттің жүргізілуі, өлшенетін өлшемдер, диапозондар олардың өзгеруі, шектеулер және т.б. туралы нақты мәліметтерден тұруы қажет. Зерттеулерді орындау кезінде әдістеменің кейбір бөлімдері жекелеген нәтижелер мен нақты жағдайларға байланысты толықтырылуы және нақтылануы мүмкін екенін айта кеткен жөн.

1.3.2 Зерттеуді алдын ала жасау


Ғылыми-техникалық зерттеулер қолданбалы ғылымға жататындықтан, бұл сатыда ең алдымен зерттелетін үдерістер мен құбылыстар бағынатын фундаменталды заңдылықтар анықталады. Бұл сатыда алдын ала гипотеза негізделеді және қалыптасады, сондай-ақ оның қорытындыларды, қатынастарды, формулаларды ала отырып ақпараттық және логико-математикалық дамуы жүзеге асырылады.


Үдерістің немесе жабдықтың ақпараттық моделін тұрғызған кезде зерттеу объектісінің сипаттамаларның арасындағы себепті-салдарлық байланыстары белгіленеді.
Математикалық аппаратты таңдағаннан және негіздегеннен кейін ақпараттық модель математикалық тілге аударылады. Бұл ретте зерттеу объектісінің параметрлері мен сипаттамалары қандай мөлшерде алынғаны бағаланады; жеңілдетулермен пайда болған қателіктердің бағалануы жүргізіледі; есептеу техникасының құралдары қашан пайдаланылатыны анықталады. Математикалық модельді талдаған кезде нақты қорытындыларды, есептеу сипаттамалары алу үшін гипотетикалық-дедуктивтік әдістерді қолданады.
Егерде зерттеу объектісі күрделі болса және онда жүргізілетін үдерістердің математикалық моделін алуға мүмкіндік болмаса, негізгі назарды эмпирикалық зерттеуді жүргізудің тәсілдеріне аудару қажет, үдерістің ақпараттық моделін зерттелетін құбылыстың физикалық табиғатына тым жақын ретінде өте жоғары шекті қолдана отырып.
Жұмыс моделін талдау нәтижесінде объектінің қызмет етуіне әртүрлі факторлардың әсер етуін анықтау қажет, эксперимент жолы арқылы зерттелетін нақты үдерістер мен сипаттарды анықтау қажет.
Саты жобаның құрастырылуы жүргізілетін эксперименттік қондырғының жобалануына техникалық тапсырманы берумен аяқталады.

1.3.3 Зерттеудің экспериметтік бөлігін дайындау және өткізу


Алдымен эксперимент жасайтын қондырғының жобасы жүзеге асырылады, яғни қондырғы дайындалады және орнатылады. Одан кейін қажетті өлшеу аппаратымен жабдықталады. Бұл ретте өлшеу жағдайы, өлшенетін шамалардың тізбесі, аспаптарды орнату орны және олардың сипаттамалары (қателігі, тез әрекет етуі және т.б.) зерттеудің әдістемесіне сәйкес келуі тиіс.


Өнеркәсіптік жағдайларында жергілікті жерде экспериментті өткізен жағдайда келесілерді ескеру қажет: өнеркәсіптік өлшемдерге тиесілі қиыншылықтар мен шектеулерді ескеру қажет; кедергілердің әсерін бағалау; өлшеудің техникалық құралдарының ерекшеліктерін.
Үдерістің немесе жабдықтың математикалық моделі зерттеудің объектісі болып табылатын эксперименттің ерекше түрін бөліп көрсету қажет. Зерттелетін үдеріске деген математикалық модельдің күмәнсіздігі зерттеуді алдын ала құрастыру сатысында дәлелденгені есепке алынады. Егер де қандай да бір себептердің салдарынан осы модельді қарапайым әдістермен талдау қиынға соғатын болса, онда оның әртүрлі жұмыс жағдайында объектінің қызметін анықтауға мүмкіндік беретін есептеу техникасының құралдарын пайдалану тиімді болады. Бұл жерде зерттеудің эксперименттік бөлігін дайындау есептеу алгоритмін және есептеу бағдарламасын құрастыруға, содан кейін оны машинаға енгізуге негізделген.
Эксперименттік жабдықты орнатумен бір уақытта эксперименттің нақты жоспары рәсімделеді, онда қандай өлшемдер эксперимент кезінде тұрақты мәнге ие болуы керек, қайсылары өзгереді сол көрсетіледі. Үзіліс аралығындағы өзгерістердің диапозаны белгіленеді. Сонымен қатар, қандай өлшемдерді қандай жағдайда жасау керек, өлшемдердің реттілігі қандай және т.б.
Саты эксперименттік зерттеулердің хаттамасы түрінде эксперименттің нәтижелерін рәсімдеумен аяқталады. Егер де эксперимент үдерісі кезінде әдістемеде қарастырылған жағдайдан қандай да бір ауытқушылықтар болса, хаттамада міндетті түрде көрсетіледі.

1.3.4 Мәліметтерді өңдеу, анализ жасау және нәтижесін қорыту эксперементі


Кез-келген эксперименте алыңған мәліметтер өңделіп нәтижелері таблица, график, статистикалық баға формуласымен, және де ауызша баяндама түрінде ұсынылуы тиіс.


График көмегімен көрнекі түрде эксперимент нәтижесінің Y біріншіден бірден (Х1) - мен немесе ауыспалы (Х1,Х2) екіншіге екіден тәуелділігін көрсетуге болады. Соңғы жағдайда отбасылық қисық құрастыру қажет Х2 = const болғанда Y= F (XI) немесе изометриялық координаталарды қолдану керек. Егер эксперимент нәтижесінде ауыспалалық көп санына тәуелді болса, онда аналитикалық тәуелділік ұсыныс түрін қолдану керек (формула).
Статистикалық баға барлық жиынтық мәліметтерін және бұл жиынтықтардың жеке элементтерінің құбылмалдылығы жайында ақпарат беруі мүмкін, және де олардың себеп-салдарының ара қатынасын. Бұл бағалар оқиғаның пайда болу ықтималдылығын табуға көмектеседі (мысалы, қателіктердің нақты мағынасын) алдағы болашақта өткен тәжірбиеге негізделе отырып. Ауызша түрде ғана айтылған эксперимент нәтижесі тиімсіз әдіс. Бірақ бастапқы зерттеу кезеңдерінде әсіресе кен іздеу жұмыстарында бұндай нәтижеде ұсынылған нысандар түрі өте кең тараған.
Эксперимент нәтижесі өңделгеннен кейін тексеру жүргізіледі (қажетті жағдайда) және алдыңғы гипотезаға тексеріледі. Одан кейін эксперементтік бөліммен және бастапқы зерттеу әзірлемесі нәтижелер арасында олардың бағалануы және бір-бірінен айырмашылығы түсіндіріледі.
Кезең тұжырымдамалық жаңа деректер және заңдар, теориялық және практикалық қорытындылар, түсіндірмелік және ғылыми болжаммен аяқталады.
1.3.5 Зерттеу нәтижесін рәсімдеу

Ғылыми-техникалық зерттеу жүргізу нәтижесінде алыңған мәлімет, өңделіп жүйелендіріліп және есепке алынуы тиіс. Оған келесідей жалпы талаптар қойылған: нақты құрылым, жүйелі мәліметтердің логикалық баяндамасы; тұжырымдаманың қысқа және нақтылылығы, біріңғай субъективті және бірнеше түсініктеме беруге мүмкіндік беру; баяндалған жұмыстардың нақты нәтижесі; дәлелді қорытынды және ұсыныс негіздемесі. Ғылыми-техникалық зерттеу барысында алынбаған мәліметтерді есепке қосу міндетті емес (басқа жерден алыңған мәлімет).


Әдетте келесідей есептік құрылым қолданылады.
1 Титул парағы
2 Орындаушылар тізімі.
3 Реферат.
4 Мазмұны (мазмұны)
5 Шартты белгілер, бірлік және атау тізімдері.
6 Кіріспе.
7 Есептің негізгі мазмұны.
Әдетте бастапқыда әдебиет дереккөздеріне шолу жасалады. Шолу барысында әсіресе реферат материалдарының сұрақтары салынады. Әсіресе қарама-қайшы мәліметтер мұқият қарастыру керек. Жаңа идеялар мен мәселелерге, және де алға қойылған мақсатты жүзеге асыру жолдарын басты назарға алады. Шолу жұмыстары қабылдаңған методика және зерттеу жоспарының ғылыми экономикалық қозқарасқына негізделе аяқталады.
Ары қарай болжаммен эксперементтік және зерттеу нәтижесінің бағыты баяндалады; эксперименттің өңдеу деректерінің нәтижесі және қабылдаңған әдістері қарастырылады; мәліметтерді, теория және эксперименталдық зерттеулерді талдау келтіріледі, және де нақты зерттеу кезеңін орындағанда қолданылған жаңа әдіс толықтай айқындалады. Егер де белгілі әдістер пайдаланса, есепте тек қажетті мәліметтер беріледі және оның сілтемесі. Негізгі зерттеу мазмұнының бөлімі, алыңған нәтиже жинақтылығымен және баяндаманың қолданылуы мүмкіндігін анықтауы тиіс.
8 Қорытынды. Бұл жерде зерттеу нәтижесі көрсетіледі, және де ол қойылған мақсатқа сәйкес болуы тиіс. Егер де теріс нәтиже болса ол қорытындыда көрсетіледі.
9 Қолданылған әдебиеттер тізімі.
10 Қосымша. Оған қосалқы мәліметтер кіреді: үлкен кестелер, үлкен көлемдегі математикалық есептер, хаттама және актілер, стандартқа сәйкес келмейтін техникалық өлшем құралдары, нұсқау, сілтеме, есептік алгоритмдер және бағдарламалар, түрлі иллюстративтік мәліметтер ж.т.б.
Сәтті аяқталған ғылыми-техникалық зерттеу нәтижесі міндетті түрде жақсы нәтиже береді, және де оң нәтижеде осы саладағы мамандар қызығушылық танытады. Осыған орай мақала немесе монография түрінде қызықты мәлімет жариялау керек.
Мақалада нақты сұраққа жауап алыңған нәтижелер ұсынылады, және белгілі-ғылыми және тәжірибелік мағынасы болуы керек. Мақала ғылыми, ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік журналдарда және жинақтарда жарияланады.
Монография - бұл ғылыми еңбек, ол тек бір ғана тақырыпты немесе шектеулі сұрақтар көлемін өңдеуге арналған, және де бір ғана көзқараста болатын бір немесе бірнеше авторларға тиесілі.
Жария мазмұны, мәлімет баяндамасының нысаны және оның көлемі осы жарияны оқитын оқырмандар ортасына байланысты. Әдетте мақала көлемі 12 беттен аспауы керек, оған иллюстативтік мәлімет қосылуы мүмкін (талапқа сай, 3 суреттен көп емес).
Дисертация ғылымның бір түрі –зерттеу, ғылыми тұрғыда іздестіру және жариялаңған жұмыстарды қорғау арнайы кеңес отырысында қарастырылады. Техникалық ғылым шеңберіндегі дисертациялық жұмыстың тақырыбы – ғылыми-зерттеу мекемелерінің тематикалық жұспарымен байланысты болуы керек және әрбір зерттеуші үшін осы мекеменің ғлыми кеңесімен бетілуі керек. Дисертациялық жұмыстың құрылымы негізінен ғылыми-техникалық зерттеу құрылымына сәйкес келеді. Дисертация мазмұнында ғылыми мәселені тұжырымдаған зерттеушілердің еңбегін атап өту керек.
Ғылыми мәселені зерттеу барысында жаңалық ашылуы мүмкін. Жаңалыққа бұрын қабылдаңған белгісіз заңдылықтарды анықтау және олардың, білім деңгейіне түбіртекті өзгерістер еңгізетін өзіндік ерекшелігін және материалдық мүкіншілігі бар ашылулар қабылданады.
Әрбір жаңалық материалдық мүмкіндікті тереңінен білуге және алдағы уақытта жаңадан ойлап табылған иедялар қатарында болатын, техникалық идеялардың пайда болуына мүмкіндік береді.

1.3.6 Өңделген өнімді өнеркәсіпке еңгізу


Бұл ғылыми-техникалық зерттудің аяққы кезеңіне жатады. Бұл жағдайда ғылыми өнімді өндіріске табыстау (конструкторлық бироға, жобалық институтқа, біріккен өнеркәсіпке немесе кәсіпорынға). Соңғы зерттеу ғылыми-техникалық есеп формасында болуы мүмкін, ұсыныс, нұсқау, әдістеме, (есептер, өлшем, қолданылған), алгоритмдер және естептеп шығару бағдарламалары, техникалық тапсырмаларды жаңа процесске әзірлеу (құрылым, жүйе), регламенттер және ережелер әзірлеу ж.т.б.


Ғылыми өнімді өндіріске еңгізу процессі әдетте екі кезеңнен тұрады – тәжірбиелі-өндірістік және сериялық еңгізу.
Бірінші кезеңде өндіріс жағдайында ұсынылған өнім тексеріледі, тәжірбиелік үлгідегі техникалық құрылғылар, жүйе, технологиялық жабдықтар әр-түрлі сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесін хаттама түрінде дайындайды, және оған қосымша конструктивтік, технологиялық, эксплуатациондық, энергетикалық, экономикалық және басқа да үлгідегі есеп актысін ұсынады.
Бұл кезеңде ғылыми-техникалық зерттеуді еңгізу барысында авторлар міндетті түрде қатысулары керек.
Тәжірбиелі-өндіріс сынақ нәтижесіне сәйкес, тәжірбиелік үлгіні толықтыруды ұсынылады, техникалық құжаттар түзетіледі. Тек осыдан кейін жұмыстар сериялық өндіріске тапсырылады, содан кейін өнеркәсіпке. Екінші кезеңде ғылыми-зерттеу бөлімі қажеттілік жағдайында ғылыми-техникалық көмек көрсете алады.
Жеке және комплекстік еңгізу тәсілін ажыратады. Біріншісінде ғылыми-техникалық зерттеуді өндіруге ұсыныс берген ұйым орындайды. Осы ұсынысқа негізделе жобалық-конструктивтік ұйым тәжірбиелі үлгі және тәжірбиелі серияға техникалық құжаттар дайындайды. Монтаж, дайындау, жөндеу және тәжірбиелі сынақ үлгісі өндірістік жағдайда тасырыс берушімен әзірленеді. Егер де оң нәтижелі болса тәжірбиелі үлгі тұрақты эксплуатацияға тапсырылады, одан кейін сериялық өндіріс болуы мүмкін. Бұнда барлық кезең әзірлеуден бастап еңгізуге дейін жеке-жеке орындалады, және олар бір-біріне тәуелсіз. Өңдеу ұзақтылығы бұл (көп тараған) әдісте максмалды болып келеді.
Ғылыми-техникалық өңдеуді комплекстік жұмыс барысында, ғылыми-зерттеу ұыйымдары жобалық және конструкторлық бөлімшелермен біріккенде тездетуге болады. Бұндай ұйымдарға эксперементтік өндірістер беріледі, ал өңдеумен әдетте арнайы ұйымдастырылған бөлімшелер айналысады. Соның өзінде комплекстік өңдеу жұмыстарын бір орталық басқарады, ғылыми-өндірістік өнім сапасы жақсарады, және еңгізу мерзімі азаяды.
Өндірістік өңдеуді өндіріске еңгізу экономикалық тиімділік есептелгеннен кеиін және еңгізу актісін орындағаннан кеиін аяқталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет