Т. В. Шевякова Редакциялық алқа мҥшелері



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#9985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
главарь-верзила, жаргонное название членов общества "Память" – памятники. Поясним некоторые 
слова: ражий – прост. "крепкий, здоровый"; верзила – разг. "высокий, нескладный человек".  
Сниженные  элементы  могут  выстраиваться  в  трехчленные  синонимические  ряды.  Так, 
нейтраль-ная номинация пятиэтажный дом имеет три сниженных синонима: пятиэтажка (разг.)  – 
хрущевка  (прост.)  –  хрущоба  (жаргон).  Пятиэтажка  –  суффиксальный  универбат,  созданный  на 
базе  словосо-четания;  хрущевка  –  производное  с  суфф.  –к(а)  от  фамилии  Хрущев  (при  котором 
строили  такие  дома);  хрущоба  –  каламбурное  скрещение  начальной  части  фамилии  Хрущев  и 
конечной  части  слова  трущоба.  Иллюстрация  –  газетный  заголовок,  в  котором  соседствуют  два 
члена  этого  ряда:  "Москов-ский  проект  реконструкции  пятиэтажек  медленно  отмирает 
(заголовок). Лет через десять "хрущев-ки" сами рассыплются" («Собеседн.», 28.12.10). 
В  языке  начала  XX1  в.  из  трех  рассмотренных  потоков  сниженных  элементов  наиболее 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
26 
 
сильный – жаргонный, наиболее слабый – просторечный. 
Итак, вышеописанные явления характерны для разговорной лексики современной печати. Они 
не  рассчитаны  на  экспрессивность,  а  выполняют,  прежде  всего,  номинативную  функцию  и 
отражают процесс вхождения (или не вхождения) чужого слова в русский язык
Особенно част прием замены принятого слова новым, ключевым для данного текста.  
Можно  выделить  и  третий  тип  преобразования  –  когда  добавленное  слово  вносит  элемент 
шутки и метафорического намека на суть дела: ―Мы бросили варежку ―Майкрософту‖ («Собеседн.», 
03.12.10). В известном выражении бросить перчатку (‗вызвать на дуэль‘) слово перчатка заменено 
домашним,  чисто  русским,  простым  варежка.  Смысл  статьи:  российские  электронщики  бросили 
вызов создате-лям новой техники.  
«Старая  метла  на  новый  лад».  Использование  измененной  разговорной  пословицы  в 
письменной речи. (Заголовок статьи Р.Сагдиева. Раздел  «Экономика».  «Собеседн.» 12.03.10,  стр. 
6). 
 
1. Галкина-Федорук. Об экспрессивных особенностях стилистических единиц. – М., 1997. 
2. Пономарева О.Н. О стилистике газетных текстов. – М., 2009. 
3. Земская Е.А. О городском просторечии. – М., 1998. 
 
Тҥйін 
Бұл мақалада қазіргі баспасӛздегі сӛйлеу мәдениетінің барысы жан-жақты талданады. 
 
Resume 
The article analyses the functions of spoken lexics in modern print. 
 
А.БАЙТҦРСЫНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ СӚЗ ТАПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ 
 
Е.Қасенов – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, ф.ғ.к. 
 
Тіл – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы, рухани құндылықтарды ұрпақтан-
ұрпаққа  сақтап  жеткізуші  формасы.  «Тіл  –  бір  адам  үшін  керек  емес,  тіл  –  жеке  адам  үшін 
жасалған нәрсе. Бір тілмен сӛйлесу үшін адамдар бір-бірімен аралас болуы керек» [1, 92 б.]. Бұл 
тілдің ең алды-мен, қатынас құралы болып табылатындығын дәлелдесе керек. Ал қарым-қатынас 
жасау құралы болып табылатын тілдің негізгі элементі – сӛз. Сӛз белгілі бір ойды білдіріп, нақта 
бір ұғымдарға атау болады. «Сӛз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сӛздер жеке-жеке 
жүреді,  бірақ  олар  жекелік  үшін  жасалған  емес,  басқаға  жанасым  тауып,  үйлесерлік  болып 
жасалған. Ӛз басы атау болу-ға жаралған сӛзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бӛлшек емес. Сӛйте тұра 
олар  құрамды  бӛлшек  болып  барып  материал  болып,  тұтас  ой  туғызатындықтан,  жеке  сӛздерді 
үйлесім табушылар тобының бір бӛлшегі дейміз» [2, 99 б.]. Шын мәнінде де, «тілде сӛздерден тыс 
ешнәрсе  де  жоқ  десе  болады.  Сӛз-ден  тыс,  сӛзге  келіп  тірелмейтін  бірде-бір  құбылысты  тілден 
табу  қиын.  Тіл  білімінде  сӛз  лексикалық  құбылыс  ретінде  ғана  емес,  грамматикалық  құбылыс 
ретінде де қаралады» [3, 176-177 б.].  
Тілдегі  сӛздер  грамматикалық  құбылыс  ретінде  қаралатындықтан  оларды  сӛз  табына  бӛліп 
кӛрсету тіл білімінде ертеден қалыптасқан. Осымен байланысты қазақ тіліндегі сӛздердің де ӛзіндік 
топтасты-рылу  тарихы  бар.  Қазақ  тілі  сӛздерін  таптастыру  мәселесі  ең  алғаш  рет  түрколог  Н.И. 
Ильминскийдің  1860-1861  жылдары  Қазақ  университетінің  ғылыми  жазбаларында  жарияланған 
«Материалы к изуче-нию киргизского наречия» атты еңбегінде сӛз болады. Автор қазақ тіліндегі 
сӛздерді  9  топқа  бӛледі.  Осы  жіктеліс  П.М.  Мелиоранскийдің  «Краткая    грамматика  казах-
киргизского  языка»  атты  еңбегінен  басқа  барлық  еңбектерде  сақталған.  Тек  орыс  ғалымы  П.М. 
Мелиоранский  сын  есімді  жеке  сӛз  табы  ретінде  танымай,  зат  есім  ішіне  қарап,  8  сӛз  табын 
атайды. 
Аталған  түркологтардың  еңбектерінен  тілдегі  сӛздерді  таптастыруда  олардың  мағыналық  жағы 
бас-шылыққа алынғаны байқалса, Г.Архангельский1927 жылы «Грамматика казахского языка» атты 
еңбе-гінде  қазақ  тіліндегі  сӛздерді  тек  формалық  белгілеріне  қарай  жіктеуге  болатынын  айтады. 
Яғни, семан-тикалық бағыт ӛкілдері сӛздерді таптастыруда негіз етіп, сӛздердің мағыналық жағын 
алса,  формальды  грамматикалық  бағытты  ұстанушылар  грамматикалық  форманы  басты  белгі 
ретінде таниды. 
Қазақ  тіліндегі  сӛздерді  таптастыру  мәселесі,  жалпы  морфология  мәселесі  алғаш  рет  ғалым 
А.Байтұрсыновтың«Тіл-құрал»  атты  оқулығының  морфологияға  арналған  бӛлімінде  сӛз  болды. 
Мұны  тілші-ғалым  Т.Сайрамбаевтың  «А.Байтұрсыновтың  морфологиялық  еңбегі»  атты 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
27 
 
мақаласындағы:  «Оқулықта сӛз таптарына біраз орын берілген. Біз сӛз таптары туралы автордың 
тіл  құралының  1923  және  1925  жылғы  екі  басылымының  тӛңірегінде  сӛз  еттік.  Автор  әрбір 
сӛзтаптарының ішкі ерекше-ліктеріне келгенде екі оқулықтың, әсіресе, соңғы басылымында едәуір 
жетілдіре түсуге баса кӛңіл бӛліп отырған» – деген пікіріқуаттайды [4, 7 б.]. 
Ғалым  А.Байтұрсыновтың  аталған  еңбегінде  сӛздерді  тапқа  бӛлудің  жалпы  тіл  біліміндегі 
сонау  Платон,  Аристотель  еңбектерінен  бастау  алатын  дәстүрлі  қалпы  кӛрінеді.  Себебі,  «тілдегі 
сӛздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған» [5, 49 
б.].  Тіл  бӛл-шектерін  логикалық  ілім  негізінде  топтастырушы  Платон  сӛздерді  есім  және  етістік 
деп  бӛлсе,  осы  бағытты  жалғастырушы  Аристотель  ӛзінің  «Риторикасында»  сӛздерді  есімжәне 
етістікдеп бӛледі. 
Ғалым  А.Байтұрсынов  сӛздерді  атауыш  сӛздер,  шылау  сӛздер  деп  екі  топқа  бӛлген  болса, 
бүгінгі  таңда  сӛздер  3  топқа  бӛлу  үрдісі  тіл  білімінде  берік  қалыптасқан.  Олар:  атауыш  сӛздер, 
кӛмекші сӛз-дер, одағай. Жалпы қазіргі қазақ тіліндегі сӛздер екі түрлі топтастырылады: 
а) Сӛздерді 3 топқа бӛлу (атауыш сӛздер, кӛмекші сӛздер, одағай);   
ә) Сӛздерді әр түрлі жеке-жеке сӛз таптарына бӛлу. 
Бұл топтастыру сӛздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу  үшін қолданылып  келеді.  Бұл жӛнінде 
ғалым  Н.Оралбаева:  «бұл  топтастыруда  сӛздердің  жалпы  ерекшеліктері  ашылады,  соған 
байланысты  сӛздің  ойды  білдіретін  лексикалық  мағыналы  топтары  анықталады,  олардың 
сӛйлемдегі  ойды  білді-рудегі  қызметі  белгіленеді,  сондай-ақ  ол  белгілері  жоқ  атауыш  сӛздерге 
қызмет ететін де сӛздер бары, кӛмекшілер бары анықталады» – деген пікір айтады [5, 52 б.].  
Ғалым  А.Байтұрсынов  қазақ  тіліндегі  сӛздерді  әуелі  атауыш  сӛздер,  шылау  сӛздер  деп  екі 
топқа бӛледі де, әрі қарай іштей жіктеп, қазақ тіліне қатысты тоғыз сӛз табын атайды. Ғалым 1923 
жылғы еңбегінде атауыш сӛздер деп атаса, 1925 жылғы еңбегінде атау сӛздер деп нақтылай келе, 
оларды:  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік  және  етістік  деп  беске  бӛледі.  А.Байтұрсынов 
таптастыруы бойынша шылау сӛздер:үстеу, демеу, жалғаулық, одағай  деп бӛлінген. Ал олардың 
әрқайсысының  жеке  сӛз  табы  ретінде  қаралуында  автор  семантикалық  белгіге  сүйенгендігі 
байқалады. Ғалым әр сӛз  табын мысал арқылы  түсіндіре  отырып,  әрқайсысына  анықтама  береді, 
сұрақтарын  кӛрсетеді.  Мыса-лы:  «Сӛздердің  кейбіреуі  нәрсенің  ӛзін  атайды.  Мысалы, 
жер,тау... Осындай нәрсенің ӛзін атай-тын сӛздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы «кім?», 
«не?»  деп  сҧраймыз».  Осылайша  ғалым  А.Байтұрсынов  сӛз  таптарының  әрқайсысын  нақтылы 
мысалдармен  және  терминдерді  түсініктеме-лермен  толық  айқындап  отырады.Әлбетте,  бұл  –  тіл 
білімі терминдерін қалыптастырудағы маңызы жоғары батыл қадам.  
Ғылымда  сӛздерді  сӛз  таптарына  таптастыруда  мынадай  негізгі  ұстанымдар  қалыптасқан. 
Олар:  

 
Сӛз табының ортақ семантикалық мағынасы 

 
Сӛздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері 

 
Сӛздердің синтаксистік қызметі 
Ал ғалым К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» еңбегінде «Тіл білімінде сӛз таптарын 
бір-бірінен ажыратуда грамматикалық белгілер негізге алынады. Грамматикалық белгілердің ӛзі екі 
түрлі: оның бірі – морфологиялық белгі, екіншісі – синтаксистік белгі» – деген пікір айтады [3, 179 
б.].  
Біздіңше,  А.Байтұрсынов  сӛз  таптарын  жіктеуде  сӛз  таптарының  жалпы  грамматикалық 
мағы-налары-заттылық,  атрибутивтілік,  процессуальдылық  т.б.  мағыналарды  негізге  алып,  сӛз 
таптарын  таза  грамматикалық  категория  ретінде  қарастырған.  Грамматикалық  категория  түрлері 
күні  бүгінге  дейін  А.Байтұрсынов  еңбектерінің  негізінде  ӛзгеріссіз  сақталып  келеді.  Олар 
мыналар:Зат есімнің кӛптік категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы, сын есімнің 
шырай категориясы, етіс категориясы, болымды-болымсыздық категориясы, рай категориясы, шақ 
категориясы, жақ категориясы. 
Дегенмен,«тіл – даму үстіндегі құбылыс, сондықтан ол түрлі ӛзгерістерге ұшырап отырады. Ол 
ӛзгерістер  сӛздің  лексикалық  мағынасына  да,  грамматикалық  мағынасына  да  қатысты.  ...Ғылым, 
оның ішінде тіл білімі де үнемі дамып отырады. Бұл сӛздерді таптастыру теориясына да қатысты. 
Ғылым дамыған сайын сӛздерді таптастыру теориясы да айқындалып, ол теорияның ғылыми негізі 
қаланып,  сӛздерді  ғылыми  негізге  таптастыру  жүзеге  асады»  –  деген  ғалым  Н.Оралбай  пікірін 
ескерер  болсақ,  қазақ  тіліндегі  сӛздерді  топтарға  бӛле  отырып,  таптастыру  да  тіл  білімінің 
дамуына орай айқындала түсті [5, 50-51 б.]. А.Байтұрсыновтың сӛз таптастыру мәселесінде салған 
дара  жолы  тілші-ғалымдар  үшін  сара  жолға  айналды.  А.Байтұрсыновтан  кейін  сӛз  таптарын 
қарастырған Қ.Жұбанов сӛздерді мүлде ӛзгеше арнада топтастырады. Ғалым Қ.Жұбанов: «Сӛздің 
қай  сӛз  табына  жататынды-ғын  сӛйлем  құрылысындағы  қызметі  мен  тұрған  орнына  қарай  айту 
керек.  Сондықтан  сӛз  таптары-ның  синтаксистік  қасиетін  ескеру  керек.  Оны  әр  сӛз  табының 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
28 
 
арнаулы  қасиеті  деу  керек.  Тапқа  айыр-ғанда  үш  түрлі  негізге  сүйенеміз:  1)  лексикалық 
қасиеттеріне  қарай;  2)  морфологиялық  қасиеттеріне  қарай:  қандай  қосымша,  қандай  қосалқы 
ерітетіндігіне қарай; 3) сӛйлемде қай мүше болатындығына, қай орында тұратындығына қарай»  – 
дей  келе,  сӛз  атаулыны  мҥшелі  және  мҥшесіз  деп  екіге  бӛледі  [1,  110-111  б.].  Мүшелі  тобына 
тҥбір  (зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  мезгіл-мекен  есімі,  орынбасар,  етістік)  мен  шылау  енсе, 
мүшесізге тек одағай енгізілген. 
Бүгінде  Қ.Жұбанов  қолданылған  мезгіл-мекен  есім,  орынбасар  есім  деген  терминдерінің 
орнына  А.Байтұрсынов  атап  кӛрсеткен  ҥстеу,  есімдік  терминдері  қолданылады.  А.Байтұрсынов 
екі  сӛз  табы  ретінде  белгілеген  жалғаулық  пен  демеулікті  ғалым  Қ.Жұбанов  шылау  деп  атады. 
Қ.Жұбанов кӛрсет-кен 8 сӛз табы 1952 жылға дейін ӛзгеріссіз қолданылды.1952 жылы А.Ысқақов 
осы сӛз таптарының қатарына еліктеуіш сӛздерді қосты. 2002 жылы  «Қазақ грамматикасы» атты 
еңбекте тіліміздегі модаль сӛздер сӛз табы ретінде қосылып берілген. Бұдан әрбір жекелеген сӛз 
таптарының дамуы мен қалыптасуы – тарихи құбылыс екеніне кӛз жеткіземіз.  
Cонымен  А.Байтұрсынов  еңбектеріндегі  сӛз  таптастыру  мәселесі  мен  ондағы  сӛз  таптарын 
бүгінгі  таңдағы  сӛз  таптастыру  мәселесімен  салыстыра  қарастыра  келе,  мынадай  түйін  жасауға 
болады:  
1.
 
Шылау сӛздерді іштей: үстеу, демеу, жалғау деп жіктеп, олардың әрқайсысын жеке сӛз табы 
ретінде  қарастыруда  ғалым  семантикалық  белгіге  сүйенгені  байқалады.  Демек,  сӛз  таптары  бір-
бірі-нен  грамматикалық  белгілері  (морфологиялық,  синтаксистік,  семантикалық)  арқылы 
ажыратылады. 
2.
 
Сӛздерді  жеке  сӛз  таптарынажіктеудеең  алдымен,  олардың  білдіретін  мағыналары,  атап 
айтсақ, заттық мағына, атрибутивтік мағына, процессуалдық мағыналары негізге алынады. Ғалым 
А.Байтұрсынов  сӛз  таптарын  жіктеуде  сӛз  таптарының  жалпы  грамматикалық  мағыналары–
заттылық,  атрибутивтілік,  процессуальдылық  т.б.  мағыналарын  негізге  алып,  сӛз  таптарын  таза 
грамматикалық категория ретінде қарастырған. 
3.
 
Күні  бүгінге  дейін  сӛз  таптарының  басым  бӛлігі  А.Байтұрсынұлы  еңбектерінің  негізінде 
ӛзге-ріссіз  сақталып  келеді.  Ал  бүгінгі  сӛз  таптарының  санының  10-ға  жетуі  сӛз  таптарының 
бірден  қалыптаса  салмайтын  құбылыс  екендігін  дәлелдейді.  Демек,  ол  тілдің  тарихи  дамуы 
барысында дами-ды, толығып, айқындала түседі. 
4.
 
Ғалым еңбектерінде сӛз таптарының бір-біріне ауысу құбылысы (субстантивтену, адьектив-
тену, прономиналдану, адвервиалдану) жайлы қарастырылмаған. 
Түйіндей  келгенде,  А.Байтұрсыновтың  тіліміздегі  сӛздерді  сӛз  таптарына  бӛлуі,  әр  сӛз  табын 
іштей  мағыналық  топтарға,  категорияларға  жіктеуі  бүгінгі  таңда  ӛзіміз  кӛріп  отырғандай,  кӛп 
ӛзгеріс-сіз  қазақ  тіл  білімінде  орнығып  қалды.  Мұның  себебі  ғалымның  сӛздерді  топтастыруда 
басшылыққа  алған  мағыналық  ұстанымның  қазақ  тілі  үшін  ӛте  маңызды,  шешуші  ұстаным 
екендігінде жатыр.  
 
1.
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 
2010. – 608 б. 
2.
 
Сыздықова P. Абайдың сӛз ӛрнегі. – Алматы: Санат. 1995, – 207 б. 
3.
 
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Ӛлке, 2010. – 240 б. 
4.
 
Сайрамбаев Т. А.Байтұрсыновтың морфологиялық еңбегі. Ӛркен газеті, 29 сәуір 1989. – 7 б.  
5.
 
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы: Інжу-маржан, 2007. – 390 б. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  грамматики  казахского  языка  в  научных  трудах 
А.Байтурсынова. 
 
Summary 
In  given  article  is  considered  problems  of  the  grammatics  of  the  kazakh  language  in  scientific  works 
A.Baytursynova.  
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
29 
 
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ ПІКІР ТАЛАСТАР 
 
Ш.Ауелбекова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шығыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы 
 
19-ғасырдың  соңы  мен  20-ғасырдың  басындағы  тіл  туралы  пікір  таластарға  тоқталмас  бұрын, 
ең алдымен әліппеміздің тарихына шолу жасағанды жӛн кӛрдік. Түркі халықтары тарих бойынша 
бірне-ше әліппе қолданды. Әлі қазақ болып тарих сахынасынан бӛлініп шықпас бұрын түріктерде 
түрлі  жазу  үлгілері  болды.  Түркологияда  кӛктүріктер  деп  аталатын  түрік  қағанаты  кезеңі  еш 
күмәнсіз бүгінгі түркі  халықтарының барлығына  ортақ бір кезең. Ол дәуірде қолданылған руник 
жазуы  түрік-тердің  ең  алғашқы  жазуы  болып  табылады.    Кӛктүріктерден  кейін  де  бірнеше  жүз 
жыл қолданылған бұл әліппе кең  кӛлемде халық арасында қолданыста болды және кең тарады.  
Ұйғырлардың  қолданған  Ұйғыр,  Соғд,  Браһми  сияқты  жазуларының  арасында  ұйғыр  жазуы 
кең  таралған  болатын.  Кӛктүрік  жазуы  Евразияның  солтүстік  бӛлігінде  кең  қолданыста  болса, 
ұйғыр  жазуы  болса  түріктердің  кӛп  қоныстанған  оңтүстік  бӛлігінде  кең  тараған.  Түріктердің 
жартысынан  кӛбінің  мұсылман  дінін  қабылдаған  10.  ғасыр  мен  11.  ғасырдың  ӛзінде  түріктердің 
жазуы  ұйғырша  болатын.  1074  жылы  Қашқарлы  Маһмұт  ұйғыр  жазуының  түрік  жазуы 
болғандығы  жайында  анық  жазған.  Әрине  11  ғасырдан  бастап  түріктердің  арап  жазуын  қолдана 
бастағанын  болжай  аламыз.  Ұйғыр  жазуы  14.  ғасыр  бәлки  15.  ғасырға  дейін  кең  ауқымда 
қолданылған. Кансу жерінде және Сары Ұйғырлар арасында ӛткен ғасырларға дейін қолданылған. 
Арап  жазуы  кең  ауқымда  қолданылған  15.  ғасырдың  бірінші  жартысының  ӛзінде  Херат  және 
Самарқант  сарайларында  ұйғыр  жазуы  атадан  қал-ған  мирас  ретінде  қолданылған  болатын. 
Осыған қарап ұйғыр жазуы тек қана бүгінгі ұйғырлардың аталары ғана емес, Қараханлы, Шыңғыс 
хан, Әмір Темірлердің ӛмір сүрген жерлерінде бүгінгі қазақ-тардың да аталары ӛмір сүрген.   
Мұсылмандықты  қабылдаған  бүкіл  түркі  халықтары  арап  жазуын  қолданған.  Кӛшпенді 
қазақтар  да  сол  кезеңде  оқу  жазу  білетіндері  арапша  жазылған  «Түрки»  деп  аталған  шағатайша 
оқып жазғанда-ры белгілі. Абайдың алғашқы ӛлеңдері де арап жазуы мен «Түрки» мен жазылған.  
19.  ғасырдың  аяғы  мен  20.  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  зиялы  қауымы  мен  атақты 
түрко-логтар  білім  сапасын  қайтадан  қолға  алып,  демократиялық  жолмен  даму  керектігін 
ӛздерінің  алдына  мақсат  етіп  қойды.  Білімді  дамытудың  ең  маңызды  жолы  мүмкіндігінше  жазу 
графикасын  халық  тілі-не  жақындату  еді.  Жазу  графикасындағы  таңбалар  ауыз  екі  тілдегі 
дыбыстарды  беруі  қажет  еді.  Бұрынғы  қолданып  жүрген  арап  әліппесі  негізінде  жасалған  түркі 
жазуының жүйесінде ауыз екі тілде қолданылмайтын кӛне сӛздер мен орфаграфиялық қателіктер, 
оқылуы  күмән  тудыратын  графемалар  жиі  жиі  кездеседі.  Осындай  кемшіліктердің  салдарынан 
арап әліппесінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес келмейді деген пікірлер айтыла бастады.   
19  ғасырдың  аяғы  мен  20  ғасырдың  басында  қазақ  халқының  зиялы  азаматтарының  негізгі 
мақса-ты жазуды ауыз екі тілге жақындату еді. Сол кезеңде жалпы халық арасында қолданылған 
ауыз  екі  тіл  мен  кӛзі  ашық  оқыған  азаматтардың  қолданған  әдеби  тілінің  арасында  үлкен 
айырмашылық  бар  еді.  Осыған  байланысты  білімді  азаматтарымыздың  алдында  екі  жол  бар 
болатын. Олардың біріншісі, ескі жазу жүйесін ӛзгертпестен ауыз екі тілдің ерекшеліктеріне кӛңіл 
бӛлу  болса,  екіншісі  жазуды  ауыз  екі  тілдің  жүйесіне  жақындату,  яғни  жазу  жүйесіне  түбегейлі 
ӛзгеріс  енгізу болатын. Жазу жайындағы  бұл екі  пікір  қазақтардың арасында үлкен ой тудырды. 
«Дала Уалаяты», «Айқап», «Қазақстан» т.б. газет журналдардың тілінде ауыз екі тілде қолданып 
жүрген сӛздер кӛбейгенімен, ескі жазу тіліне қатысты кейбір ережелер әлі де болса сақталған еді. 
Бұлардың  бірнеше  себептері  бар.  Олардан  ең  маңыздысы,  бірінші,  ауыз  екі  тіл  мен  жазу 
арасындағы ортақ байланыстың сақталуы. Яғни барлық мұсылмындар сияқты біз де арап әліппесін 
қабылдаймыз,  бірақ  біздің  тілімізде  кездесе-тін  кейбір  дыбыстар  арап  әліппесінде  жоқ,  ал  арап 
әліппесінде кездесетін кейбір дыбыстар біздің тілі-мізде жоқ. Осыған байланысты  арап әріптерін 
ӛз  тілімізге  сәйкестендіріп,  әліппеміздегі  керексіз,  жүйесіз,  артық  дыбыстардан  тазалап  жүйелі 
әліппе жасау еді. Ал екінші пікір, ескі жазу, яғни арап әліппесін тастап, орыс әліппесіне кӛшу еді. 
Осы  тақырыпқа  байланысты  кейбір  ғалымдарымыздың  пікірін  қысқаша  былай  қорытуымызға 
болады:  «Оренбург  білім  орталығының  оқу  істерінің  меңгеру-шісі  Катаринский  мен  қырғыз 
мұғалімдері  бірігіп  қырғыздырдың  орыс  тілі  мен  грамматикасын  үйре-нулері  үшін  кӛптеген 
кітаптар жазып жариялады». 
Бұл  кітаптардың  ең  үлкен  ерекшелігі  қырғыз  әңгімелерінің  орыс  әліппесімен  жазылуы  еді. 
Осылай-ша  білім  алып  жүрген  бір  қырғыз  ӛз  тілін  орыс  әріптерімен  оқу  арқылы  тез  үйренеді. 
Ӛйткені  орыс  әріптері  қырғыз  тілінің  дыбыстарын  арап  әріптеріне  қарағанда  анық  береді.  Арап 
әліппесінде  бір  әріпті  бірнеше  таңбамен  берілуі  ол  әліппенің  кемшілігі  болып  табылады.  Осымен 
қатар қырғыз тілін бұл тәсілмен жазу әрі бір қырғыз осы кітап арқылы орыс тілін үйренсе, орыстар 
да  қырғыз  тілін  үйренеді.  Арап  әліппесін  қолданған  қырғыз  тілінің  орыс  әліппесіне  кӛшу  1970  ші 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
30 
 
жылдардағы  Ы.Алтынсариннің  пікірі еді.  Алтынсарин  орыс әліппесімен қырғызша жаза  бастады, 
сол кезеңнен бастап кӛзі ашық кӛп азамматтарымыз осы тәсіл арқылы білімді дамытуды алдарына 
мақсат  етеп  қойды.  Тағы  да  айта  кете-тін  бір  жайт,  Алтынсариннен  кейінгі  шыққан  бүкіл 
қырғызша  кітаптарда  бастан  аяқ  кездесетін  арап-ша  татарша  сӛздерден  тазарту  үшін  жасалған 
алғашқы қадам болуы да кӛңіл аудартатын мәселе. (О.Алжанов, «Полезные книги для киргизов»). 
Қазақ  әліппесіне  байланысты  алғашқы  пікір  айтқандардың  бірі  Ахмет  Байтұрсынұлы.  Ол  1910 
жыл-дан  бастап  арап  әліппесінің  қазақ  тіліне  сәйкес  болмағанын  байқады.  Осыдан  бастап  арап 
әліппесін  қазақ  әліппесінің  дыбыстық  жүйесіне  сәйкестендіріп  қайтадан  жасауды  қолға  алды. 
А.Байтұрсынұлы  ең  алдымен  қазақ  тілінің  фонетикасын  зерттей  бастады.  12  май  1929  жылы  ӛз 
қолымен жазған ӛмірбая-нында:  «1901 жылдан бастап мұғалім болып жұмыс істей жүріп, қолым 
бос кезінде білімімді жетіл-дірдім, әдебиетпен айналыстым» дейді. «Оренбургқа  келгеннен кейін 
қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрлысын зерттей бастадым. Қазақ әліппесінің 
емлесін  дұрыстап  жеңілдету  жұмыстарымен  айналыстым.  Қазақ  әдеби  тіліні  керексіз  кірме 
сӛздерден тазартып, синтаксистік құр-лысы жӛнінен басқа тілдердің әсерінен арылтуға тырыстым. 
Қазақ әдеби тілін халық ауыз екі тіліне жақындату үшін  терминдер жасай бастадым» деп жазады. 
А.Байтұрсынұлының  арап  әліппесін  қазақ  тілінің  фонетикалық  ерекшеліктеріне  сәйкестендіру 
мақсатында  жазған  еңбектері  бар.  Бұл  еңбектері  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газетінде  1913-
1919  жылдар  арасында  жарияланған  тіл,  емле  және  әліппе  жайында  мақалалары,  оқу  құралдары 
еді. 
Сол  кезеңде  баспасӛз  беттерінде  әліппеге  байланысты  ӛз  пікірлерін  жазған  Бейсенбаласы, 
Бӛкейханов,  Жанталин,  Дулатов  т.б.  азаматтардың  мақалалары  жарияланған  еді.  Осылардың  ішінде 
А.Байтұрсынұлы  арап  әліппесін  реформа  жасап,  тілімізге  сәйкес  емле  құралдарын  жасаған 
ғалымдардың  ішінде  ең  тұң-ғышы  еді.  Ӛйткені  оның  жасаған  жаңа  жазу  жүйесі  халық  кӛңілінен 
шықты. Оның жасаған әліппесін орыс ғалымдары «Байтұрсынұлы әліппесі» деп атаған. Ӛз кезеңінде 
проф. Поливанов «...қайта түзетуді қажет етпейтін, тарихи жағынан қарағанымызда ӛте бай, дамыған 
әліппе» деп баға беріп кеткен еді.  
Ахмет  Байтұрсынұлының  жаңа  әліппесі  1924  жылы  Оренбургта  болған  Қырғыз  Қазақ  білім 
адам-дарының құрылтыйында ресми түрде қабылданды. Бұл әліппенің ӛзгешелігін түсінген ӛзбек, 
ноғай, татарлар әліппемізге қолдау кӛрсетіп, ӛздері де әліппелеріне ӛзгертулер енгізе бастады.       
Кӛп ұзамай қазақ әліппесін ӛзгерту мәселе қайтадан қолға алына бастады.  
I.  Түркология  құрылтайы  Бакуда  1926  жылдың  26  ақпаннан  6  науырызға  дейін  болды. 
Құрылтайда  он  тӛрт  мәселе  қолға  алынды.  Бұл  мәселелердің  әр  біріне  бес  алтыдан  баяндама 
жасалды. Осы мәсе-лелерден ең маңыздысы емле, оқулықтарда қолданылатын сӛздер, әліппе және 
ана тілінде оқытудың тәсілдері. 
Әліппе  мәселесі  туралы  сӛз  қозғалғанда  құрылтайға  қатысушылар  екіге  бӛлінді.  Біріншісі, 
бұрын-нан  бері  қолданып  келе  жатқан  арап  әліппесін  қазақшаға  ыңғайластырып  қайта  жасап 
қолдану. Ал екіншілері, арап жазуын тастап латын әліппесіне кӛшу. Бұл мәселе жайында кӛптеген 
тартыстар,  ұрыстар  болды.  Арап  әліппесін  қолдағандар  Қазақстаннан  келген  білім  адамдары: 
А.Байтұрсынұлы,  Е.Омаров,  Б.Сүлеев,  А.Байсейтов,  Татар  білім  адамдары:  Алпарұлы  және 
Шараф.  
Арап және латын әліппелерін салыстыра отырып кемшіліктерін, артықшылықтарын дәлелдеп, 
арап  әліппесін  тастап  латын  әліппесіне  ӛтудің  қажеті  жоқ  екендігін  айта  отырып  кең  кӛлемді 
баянда-ма жасаған Шараф болатын. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  неге  арап  әліппесін  жақтағаны  жайында  мынадай  дәлел    ретінде 
мыналарды  келтіреді:  «Арап  әліппесін  бұдан  он  үш  жыл  бұрын  патша  ӛкіметі  кезеңінде  қолға 
алғанын,  әліппеге  сәйкестендіріп  емле  жасағаны  туралы  айтады.  Қазақ  тілінің  терминдерін 
жасағанын,  қазақтардың  қолданып  жатқан  әліппесі  ең  жақсы  әліппе  екенін  айтады.  1905  жылға 
қарағанда  бірнеше  оқулықтар,  әдеби  шығармалар  жарияланғандығы,  осылайша  Түркі  халқының 
оның  ішінде  Қазақтардың  ескі  әде-би  мирастарын  жоғалтып  алмаулары  үшін  арап  әліппесі  ӛте 
пайдалы екендігін айтты.  
Арап әліппесін қолдап, ұсынған дәлелдеріне қарамастан, латын әліппесіне ӛту мәселесі ӛкімет 
тарапынан қолдау кӛрсетуіне байланысты, құрылтайда дауыстың кӛпшілігі латын әліппесіне ӛтуге 
берілді.  Үш-тӛрт  жылға  созылған  бұл  пікір  таластың  соңы  1927  жылы  алғашқысы  Ташкентте, 
содан кейін Қызылордада ӛткен әліппе мәселесіне байланысты конференциялар қолға алынды. 
Жаңа әліппеге байланысты ӛкімет халыққа таныту мақсатында «Әліппе айтысы», «Жаңа әліппе 
жолында»  атты  кітаптар  басып  шығарды.  Бірақ  бұл  кітапта  баяндамасын  ұсынған,  сӛз  сӛйлеген 
кӛп-теген білім адамдарын «халық жауы» деген негізсіз жазалаудың салдарынан бұл кітапты кӛп 
уақытқа дейін оқи алмадық. 
А. Байтұрсынұлының арап әліппесіне байланысты баяндамасындағы ұсынған пікірлері.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
31 
 
Байтұрсынұлының  пікірінше, түркі халықтарының тоқсан пайызы  ескіден бері арап әліппесін 
қол-данып келе жатыр. Бір әліппені тастап екінші әліппеге ӛту оңай іс емес. Әліппе ауыстыру кӛп 
шығын  әкеледі.  Егер  екі  әліппені  бірдей  қолданатын  болсақ  оның  шығыны  да  екі  есеге  артады. 
Егер  латын  әліппесінің  арап  әліппесіне  қарағанда  пайдасы  болса  халық  бұл  әліппені  жақтайтын 
еді, жазу сызу білетін зиялы қауым да қолдайтын еді. Бірақ бұл әліппенің бізге еш пайдасы жоқ, 
жақсы жақтары да аз. Керісінше арап әліппесімен салыстырғанымызда кемшілігі кӛп.  
Арап әліппесін латын әліппесімен ауыстыру туралы айтыла бастағаннан бастап білім адамдары 
екі  әліппені  салыстырып  кемшіліктері  мен  жақсы  жақтарын  зерттей  бастады.  Осы  зерттеудің 
нәтижесін-де бұрын соңды байқамаған кемшіліктері шықты.  
Ең  алдымен  қолданатын  әліппеміз  тіліміздегі  дыбыстарды  дұрыс  бере  алама,  әріп  саны  жете 
ме? Арап әліппесінден қазақ әліппесіне он тӛрт әріпті ӛзгертпей сол қалпында алдық, ал бес әріпті 
құрал  қою  арқылы  ӛзгертіп  алдық.  Ал  латын  әліппесінден  он  бес  әріпті  ӛзгертпей,  қалғанын 
ӛзгертіп  алып-ты.  Осылай  жасағанның  ӛзінде  де  жеті  әріп  ӛзгертуге  ыңғайлы,  ал  қалғандарын 
ӛзгерту  қиынға  соқ-қан.  Осыған  байланысты  ң,  і  дыбыстарын  ӛздерінше  n,  j  таңбаларымен 
ӛзгертіпті.  Бұл  жағдайға  қарап  латын  әріптеріне  қарағанда  арап  әріптері  қазақша  дыбыстарды 
дұрыс бере алады дей аламыз. 
Қай  әліппенің  оқылуы  оңай?  Латын  әріптері  негізінен  екі  түрлі  сызықтан  құралып  жасалған. 
Олар-дың  біреуі  тік  сызық,  ал  екіншісі  домалақ.  Латын  әріптерінің  барлығы  осы  екі  түрлі 
сызықтың әр түр-лі бірлесуі арқылы жасалған. Латын әрібімен жазылған сӛздерге қарағанымызда, 
әріптер бір-біріне жақын қаланған кірпіш сияқты кӛрінеді.Әріптердің үстіне қойылған белгілері де 
аз. 
Арап  әріптері  болса,  бір  сызықтың  бойымен  тӛмен  жоғары  сызықтан  асырылып  жазылады. 
Соны-мен  қатар  тӛмен  жоғары  қойылатын  нүктелері  мен  белгілері  бар.  Бұл  жерде  бір  біріне 
ұқсайтын еште-ңе жоқ. Арап әріптерінің бірі жоғары, бірі кішкентай, бірі ұзын, бірі қысқа болып 
сӛздің ішінде әдемі болып кӛрінеді. Оқуға да ыңғайлы. 
Қай  әліппенің  жазылуы  оңай?  Сӛзді  оқыған  кезімізде  әріптерді  жеке  жеке  емес,  бір  бүтін 
қылып оқығанымыз сияқты, жазған кезімізде де бір бүтін қылып жазамыз. Осылайша екі әліппені 
салыстыр-ған  кезімізде,  тек  бір  әріптің  жазылуына  қарап  емес,  сӛздің  бір  бүтін  болып 
жазылғанына  қарап  салыстырайық.  Латын  әріптерімен  жазған  кезімізде  қолымыздың  әрекет  ету 
бағыты  сағаттың бағыты-мен бірдей. Осыған байланысты  жазу солдан оңға  қарай  жазылады.  Ал 
арапша жазған кезімізде қолы-мыздың қозғалу бағыты сағат тілінің бағытымен бірдей. Яғни оңнан 
солға қарай жазылады. Латын әрібімен жазған кезімізде, қолымыздың қимылы үлкен жерді алады, 
жазу  да  ірі  жазылады.  Ал  арап  әрібімен  жазған  кезімізде,  қолымыздың  қимылы  кішкене  жерді 
алады,  жазу  да  майда  болып  жазыла-ды.  Жазудың  майда  болып  жазылғаны,  жазуды  жеңілдетеді 
және жылдамдатады. 
Қай әліппені үйрету оңай? Қандай тәсілмен болса да, оқытуды үйрету үшін, сӛздің баспадағы 
түрі мен жазудағы түрін үйрете алсаң,оқуды үйреттің дей аламыз. Арап әліппесі латын әліппесіне 
қара-ғанда  тез  үйретілуге  бейім.  Латын  әріптерінің  бас  әрібі,  кішкентай  түрлері  бар.  Сонымен 
қатар баспа-да басқаша, қолмен жазғанда басқаша жазылады. Бұл да оқытуды қиындатады.  
Байтұрсынұлының  пікірлерін  қысқаша  былай  қорытындылайық:  1.  Арап  әріптерін  латын 
әріптері-мен салыстырғанымызда арап әріптері жазу мен оқу жағынан ӛте оңай. 2. Арап әліппесі 
оқу мен жазуды үйрену жағынан латын әріптеріне қарағанда жеңіл. 3. Баспасӛзде де арап әліппесі 
оңай қолда-нылады. 4. Арап әліппесінің жаңа  түрін баспахана  машиналарында қолданған,  латын 
әріптеріне қара-ғанда оңай. 5. Арап әліппесіндегі әріптер қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс бере 
алады. Қазақ емлесі ең оңай, халық үшін де ең ыңғайлы әліппе болып саналады. 
Ахметұлы Ілиястың арап әліппесін ӛзгерту жайындағы пікірі. 
Баяндамасында  арап,  латын  және  орыс  әріптерін  салыстыра  келіп,  қазақ  тіліне  ең  ыңғайлы 
әліппе А.Байтұрсынұлы әліппесі, басқа әліппе керек емес, дейді.  
Проф. Поливановтың А.Байтұрсынұлының әліппесі жайындағы пікірі. 
Проф. Поливанов қазақ тілінің әліппесін 1924 жылғы соңғы түзетуден кейін, бүл әліппені қайта 
түзетудің керегі жоқ, ұлттық әліппенің тарихи дамуындағы ең үлкен жетістікке жеткен әліппе деп 
баға  береді.  Қазақ  білім  адамдары  бұл  әліппені  үлкен  мәдениет  жеңісі  деп  қабылдайды  деп 
ойлаймын, дейді. 
Шонанұлы Телжанның қазақ тілі жӛніндегі пікірі. 
Реформа  жасаған  арап  әліппесін  жақтаған  Байтұрсынұлының  пікіріне  қарсы  шыққандардың 
бірі  Шонанұлы  Телжан.  Шонанұлы  ӛз  баяндамасында  арап  әліппесі  мен  латын  әліппесін 
салыстыра  оты-рып,  латын  әліппесіне  кӛшкенді  жӛн  санайды.  Латын  әліппесін  қайта  ӛзгертудің 
қажеті жоқ, дайын, техникалық жағынан да бізге ыңғайлы. Арап әліппесінде нүктелер мен үтірлер 
ӛте кӛп. Бұның барлы-ғы артық шығын. Латын әліппесі жазуға да, оқуға да ӛте ыңғайлы, сонымен 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
32 
 
қатар  мәдениетке  де  жақындатады.  Мысалы  алгебра,  физика,  химия  сияқты  ғылымдарда 
қолданылған  таңбалардың  барлы-ғы  латын  әріптерімен  жазылған.  Біз  бұларды  арап  әріптеріне 
аудара алмаймыз. Ең дұрысы біздің латын әліппесіне кӛшкеніміз, дейді. 
Байділдаұлы Абдрахманның қазақ тілі жӛніндегі пікірі. 
Байділдаұлы  Абдрахман  да  арап  әліппесіне  қарсы  шығады.  Ол  латын  әліппесіне  кӛшуіміздің 
себе-бін  былай  түсіндіреді:  Қазан  тӛңкерісінен  кейін  қазақтардың  ӛмірі  қатты  ӛзгерді,  жақсара 
бастады. Басқа дамыған елдердің қатарына кіруіміз үшін біз де жаңа әліппеге ӛтуіміз керек дейді. 
Арап  әліппе-сінің  кемшіліктерін  де  кӛрсетеді.  Мыс:  бір  дыбысты  беру  үшін  бірнеше  таңба 
қолданады.  Олар,  сӛз-дің  басы,  ортасы,  соңы  және  әріптің  ӛзі.  Осылардың  барлығы  жиналып 
біздің дыбысымызды дұрыс-тап та бере алмайды. Арап әріптерінің кӛбісі бірдей, ажырату қиын. 
Арап  әріптерін  оқығанымызда  оңнан  солға  қарай  оқимыз,  жазамыз.  Ал  сандарды  солдан  оңға 
қарай жазамыз. Баспахана жұмыста-рында да қиындық туғызады, дейді. 
Бартолдтың ескі әліппе мен жаңа әліппеге байланысты пікірі. 
Бартолд  ӛзінің  баяндамасында,  арап  әліппесі  түрік  тілінің  дыбыстарын  дұрыс  таңбалай 
алмайтын-дығын  орыс  ғалымдары  бұрыннан  білген.  Олардың  пайымдауынша  арап  әліппесін  тек 
дін ғана сақтап қала алады, одан басқа еш маңызы жоқ, дейді. Латын әліппесіне кӛшкеніміз дұрыс, 
себебі, латын әліппесі батыс европа мәдениеті әлі де кӛптеген жылдар әлемдік деңгейде болады. 
Бүкіл әлем осы әліппені қолданатын болады дейді.   
Ашмариннің ескі әліппе мен жаңа әліппеге байланысты пікірі. 
Ашмариннің пікірінше де, латынға кӛшкен дұрыс деп ойлайды. Ӛйткені әр дыбысты беру үшін 
жеке таңба керек. Ол таңба жанындағылардан нүкте немесе харекет сияқты белгілермен бӛлінбеуі 
қажет.  Жеке  ӛзіндік  таңбамен  берілуі  қажет.  Адам  адамнан  түр  келбетіне  қарап  ажыратамыз. 
Әріптер де солай болуы қажет. 
Жиркуптың әліппе жайындағы пікірі. 
Жиркуп,  «Шығыс  халықтарының  әліппесін  ӛзгерту»  тақырыбындағы  баяндамасында  мына 
пікір-лерін  алға  тартады.  Шығыс  халықтары  қай  әліппені  қолданулары  қажет  дегенімізде,  үш 
әліппе алды-мызға шығады. Бұлар латын, орыс және арап әліппесі.  
Латын  әліппесін  қай  жағынан  алып  қарасақ  та  ең  қолайлы  әліппе  болып  саналады.  Патша 
ӛкіметі ӛзінің қол астындағы халықтарды күштеп орыс әліппесін қолдандырғылары келді осыған 
байланысты  халықтың  кӛбі  орыс  әліппесін  жек  кӛріп  кетті.  Латын  әліппесін  ешкім  күштеп 
қабылдатқызып  жатқан  жоқ.  Халық  бұл  әліппені  жақсы  кӛреді.  Латын  әліппесінің  жақсы  жағы 
әлемдегі  кӛптеген  халық  осы  әліппені  қолданады.  Латын  әліппесін  қолданбайтын  елдер  ғылыми 
терминдер  мен  формулаларды  латын  әліппесінде  жазылуымен  қолданады.  Латын  әріптерінің  бір 
біріне  ұқсамайтын  түрлері  кӛп.  Жазылған  кезінде  әдемі  кӛрінеді.  Латын  әліппесінің  жазылуы 
анық, бір кемшілігі әріп санының аз болуы деп атап кӛрсетеді. 
Орыс  әліппесінің  де  латын  әліппесі  сияқты  бірнеше  жақсы  жақтары  бар.  Жазылуы  оңай, 
әріптері  анық,  бір  бірінен  тез  айыра  аламыз,  тез  оқылып,  тез  үйренуге  болады.  Сонымен  қатар 
әріптерінің бір біріне сәйкес келмейтін түрлері де бар. Мысалы жазған кезімізде Т, Ш әріптерін бір 
бірінен  айыру  қиын,  ал  Ж  әрібінің  жазылуы  қиын.  Орыс  әліппесінің  латын  әліппесінен 
айырмашылығы әріптерінің кӛп болуы.  
Арап  әліппесі  Ислам  дінімен  бірге  пайда  болған  әліппе  болып  табылады.  Халық  арасында 
ислам  дінімен  бірге  тараған.  Арап  әріптері  де  орыс  әріптері  сияқты  бір  бірінен  кейін  бірі 
жазылады, жазы-луы да оңай. Бірақ бір бірімен байланыспайтын әріптер де бар. Мұндай әріптерді 
жазған кезімізде қолымызды кӛтеріп үзіліс жасауға тура келеді. Тез жазудың салдарынан әріптерді 
бір бірінен айыра алмаймыз, оқылуы да қиын.  
Бұл  әліппемен  жазылған  жазуларды  дұрыс  оқу  үшін,  сол  халықтың  тілін,  әр  сӛзде 
қолданылатын  әріптерді  жақсы  білу  қажет.  Осы  кемшіліктерді  жӛндеу  үшін  әріптердің  асты, 
үстінен нүктелер қоя бастады. Бұл нүктелер кәзір де қолданылуда. Бірақ қолмен жазған кезімізде 
бұл  нүктелер  әріптерден  алыс  қойылғандықтан  оқыған  кезімізде  бұл  нүктенің  қай  әріптікі  екені 
астыңғы әріптікі ме, үстіңгі әріптікі ме белгісіз. 
Арап әліппесінде  бір дыбыстың  басқы әрібі,  ортанғы  әрібі,  соңғы  әрібі бар.  Арап әліппесінің 
жақ-сы жағы бас әріп жоқ. Арап әліппесімен жазылған жазуларда бүгінге дейін дауысты дыбыстар 
жоқ. Бұндай жазуды дұрыс оқи алу үшін арап тілін жақсы білу қажет. Балалар мен шетелдіктерге 
бұл әліп-пені үйрену қиын болады.  
Арап  әліппесіндегі  белгілер  жазуда  әсіресе  баспада  қиындықтар  туғызады.  Арап  әліппесін 
ӛзгертіп жатқандар кӛп, бірақ қанша ӛзгерткен мен бәрібір қиындықтар кӛп . Ең дұрысы Европа 
әріптері яғни латын әліппесі.  
Осындай  үлкен  дау  дамайдан  кейін  ӛкіметтің  қолдауымен  Қазақтар  латын  әліппесіне  ӛту 
шешімін  қабылдады.  Латын  әліппесі  2-4  маусым  1929  жылы  Қызылордада  ӛткен  құрылтайда 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (40), 2012 г. 
 
33 
 
қабылданды.  Қазақ  тілінің  дыбыстарын  дұрыс  беру  үшін  латын  әліппесіндегі  біраз  дыбыстарға 
ӛзгеріс  енгізді.  Дауысты  және  дауыссыз  дыбыстар,  үндестік  ұйымы,  кірме  сӛздердің  жазылуы, 
қатаң дауыссыз дыбыстарының ұяң дауыссыз дыбыстарына ӛзгеруі мыс: п б, к г, қ ғ, қазақ тілінде 
сӛз  басында  екі  дауыссыз  бірінен  кейін  бірі  келмейді,  сӛйлемнің  құрлысы  сияқты  бірнеше 
ерекшеліктерді ескере отырып латын әліппесін ӛз тілімізге сәйкестендіріп жасады.  
Қызылордада  ӛткен  қазақтардың  жаңа  әліппесі  комитетінің  жаңа  емлесі  атты  құрылтайында 
Шонанұлы  Телжан  ӛзінің  баяндамасын  жасады.  Баяндамасы  үш  бӛлімнен  тұрады.  Бірінші 
бӛлімінде:  қазақ  тілінің  грамматикалық  ерекшеліктеріне  шолу  жасады.  Екінші  бӛлімде:  қазақ 
тілінің  граммати-калық  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  емленің  негізгі  принциптерін  атап  ӛтті. 
Үшінші бӛлімде: қазақ тіліндегі кірме сӛздердің емлесіне тоқталып ӛтті. 
Г.Тоғжановтың  «Қазақтар  арасында  жаңа  әліппе  жеңісі  мен  оның  тарихы»  атты  мақаласы 
жарық  кӛрді.  Тоғжанов  мақаласында,  латын  әліппесіне  ӛткелі  қазақтар  арасында  сауатты 
адамдардың  саны  арта  бастағанын,  латын  әрібімен  жазылған  кӛптеген  оқулықтар  мен  әдеби 
кітаптар жарық кӛргенін баяндай келе жеткен жетістіктерге тоқталып ӛткен. 
Осылайша  латын  әліппесі  қазақтар  арасында  он  бір  жылдай  қолданылып,  1940  жылы  кирил 
әліп-песіне толығымен ӛтті.  
 
 
1. Ержиласун А.Б. ―Kazakçanın Latin Alfabesi ile Yazılması Konusunda Düşünceleri‖. Жанпейсов. 
Ұлт-тық Рухтың Ұлы Тіні. – Алматы: Ғылым баспасы. 1999. – 233-234 б. 
2. Нұргелді Уәли. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. «А.Байтұрсынұлы және 
қазақ жазуының Онтогенездік Дамуы» – Алматы, 1999. – 269-270. 
3. Қазақ тілі жӛнінде ревалюциядан бұрынғы зерттеулер. – Алматы. 1993. – 134-135 б. 
4. Сыздықова Р. «Ахмет Байтұрсынұлы» – Алматы, 1990. – 23-24. 
5. Байтұрсынұлы А. «Тіл тағлымы» – Алматы. 1992. – 411-413. 
6. «Әліппе айтысы» Дайындаған. Мажитаева Ш. – Қарағанды: Кар МУ. Баспасы, 1990. 
7. «Жаңа әліппе жолында» кітабынан, – Қызылорда. 1927.  
9. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Мажитова Ш. «Қазақ жазуының тарихы хақында» 1999. – 286-288. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет