Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның үстіне қойылады.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.
8. Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
9. Сосын сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді.
«Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы:Аллаһтан кешірім сұраймын!). Сосын «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым») деген дұға айтылады.