«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп рукуғқа барады. Рукуғта 3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы:«Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.
Рукухтан турып бара жатып айтады: «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді»)
Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!
4) сәжде
Сәждеге бара жатқанда айтады: «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») Кейін: «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады 3 рет.
Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады.
«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.
«Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.
Түрегеп тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойып,«Бисмилләһ рахманир рахим» деп айтады. Сосын«Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».