«Табиѓатты пайдалану экономикасы» пєніннен 11030 «География» мамандыѓы бойынша курсќа семестрде оќылатын 20 саѓаттыќ дєрістер тізімі


Нарыктың заңдарына сәйкес барлык табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс



бет5/9
Дата28.03.2023
өлшемі107,31 Kb.
#76893
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9. Нарыктың заңдарына сәйкес барлык табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принципінің негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға болады.
Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология-экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың эко-номикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі - мәселнні жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, қүқықтық, денсаулық сақтау, философиялық түрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану түр-ғысынан қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты пайдалану түрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.
Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез - келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек, В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек, өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық да-муымен байланысты.
Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеудің біртүтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жал-пыдан - жекеге, абстракциядан - нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.
Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті) мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және ал-дын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғат пайдалану экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану экономикасы табиғат қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың орындалуын үйымдастыру, бақылау, экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді.


4. Табиғи ресурстарды пайдаланудың қазіргі күнгі тенденциясы. Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы. Экология мәселелері.

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.


Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жер қорының өдәуір белігінің сапасы темен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Уақыт факторын ескеріп экономикалық бағалау 79 920 теңге болады. Сонымен, оптималдық схема таң-алған стратегияға байланысты: алғашқы жылдары көп пайдалану; біркелкі пайдалану; алғашында шек-теп, соңынан ұлғайтып пайдалану болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет