Байланысты: Табиѓатты пайдалану экономикасы Дәрістер
5.4. ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау мемлекеттің және жалпы халықтың міндеті, Сондықтан, су қоры есепке алынып, саны, сапасы қадағаланып, су қорғау және тиімді пайдалану шаралары жоспарланып отырады. Қазіргі кезде барлык су қорының кадастрлары жасалған. Онда өзендегі судың бір жылдық (орташа) ағып өтетін мөлшері, көлдегі, мұздықтағы және жер астындағы судың жалпы қоры, сапасы есепке алынған.
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен бүлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мүның ішінде Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының үзындығы 1 мың км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м3) су ағып өтеді. Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына жақын аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе қүрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады. Сондықтан су деңгейі жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады.
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр. Одан жылына 750 млн. м3 су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
Көлдердегі түщы су қоры 57 текше км, ал ащы суды қоса есептегенде 190 куб. км. Арал, Каспий теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су бетінің (акватория) аумағы 45 мың шаршы км. Оның ішінде аумағы 1 км2 аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і. Аумағы 100 км2-ден асатын көлдер 21 - жалпы ауданы 27 мың шаршы км. Республика территориясында көлдердің орналасуы да біркелкі емес.
Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Іле Алатауларында 2700-дей мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2 текше км су береді.
Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су қоры 48 текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.
Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа жылдық шамасы 662 км3.
Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану түрінде болуы мүмкін. Су пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, сауықтыру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта, ауыз суға су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы ерекшеліктеріне қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла береді. Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа жол берілген. Арнайы бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.
Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83 мпрд. м3-ге жетті, оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті су тұтынуды қамтамасыз етуге жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.