«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Әдебиеттік оқу Сынып 4 «Ж»



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі30,3 Kb.
#123021
  1   2   3   4

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Әдебиеттік оқу Сынып 4 «Ж»
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Орындау уақыты 20 минут
тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

Мейрамбек мектептен келді де, қозыларын өріске айдап шықты.Күн жылы. Төмпешіктің түстік бетіне сарғалдақтар қаптап өскен.Мейрамбек қозыларына біраз қарайлады.Сөйтті де, сарғалдақтар өскен қырға жүгіре жөнелді.Жоғары көтерілді.


Төбенің үстінен ауылға қарады. Ана тұста өзінің үйі, ал сонау жерде өзімен бірге оқитын Марат пен Айгүлдің үйі.Мейрамбек шөп арасына шалқая жатып, заңғар аспанға көз тастады.Көкте аппақ мақта секілді бұлттар жүзіп барады. Мейрамбек енді байқады, аспан керемет екен!
Төбедегі бұлттар тұңғиық су ішінде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан аумайды.Анау бір бұлт ше? Ол тау – тау қып үйген ақ бұйра жүндей екен.Мына шеттегі бұлттың үстіне шығып алып,жер -дүниені серуендер ме еді, шіркін!Мейрамбек бүгін көктемнің ғажайып сырына елжірей қарады.
Биылғы көктем есінде ұзақ сақталар –ау.Әсіресе, жаңа ғана көкке шалқалап жатып, дүниенің ғажап екендігіне қайран қалғанын қарасаңшы.
Анау төменгі ауылда өзімен қол ұстасып бірге жүріп,бірге оқитын Марат пен Айгүлдің қасында жоғын айтсайшы!.Мейрамбек орнынан тұрды да, қырдан еңіске қарай көйлегінің түймелерін ағытқан қалпы зымырай жөнелді.
Сұрақтарға жауап бер.
1)Мейрамбек аспандағы бұлттарды нелерге ұқсатты? _____________________________________________________________________________
2)Бұл көктем Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады деп ойлайсың? _____________________________________________________________________________
3)Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей бір сұрақ құрастырып жаз.
______________________________________________________________________________(3)
4) Мәтінге ат қой
___________________________________________________________________________ (1)

5)Мәтіндегі негізгі ойын білдіретін сөйлемді қоршап сыз. (1)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет