Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау



Дата02.03.2022
өлшемі84,85 Kb.
#26783
Байланысты:
табиғат ресурстарын экономикалық бағалау

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау

Орындаған: Сүйеу Альбина

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі – уақыт факторын есептеу. Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.   Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді. Мұнда Е — әр жылға тиімдерді шығындарды бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады), t — шығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші.   Әдетте, барлық жылдағы шамалар шығындар  тиімдер  өндіріс  жұмыс істей бастаған жылға келтіріледі. Алғашқы жылдардың шығындары соңғы жылға келтірілгенде олар В — коэффициентіне көбейтіледі, ал соңғы жылдардікі – алғашқы жылға келтірілгенде коэффициентіне бөлінеді

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады.   Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты. Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.

Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен дарындылығына байланысты.  



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет