1 Тікелей шығын 2. Өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорлардың бұзылуынан пайда болған тікелей шығын тиісті объектілердің толық көлемде жұмыс істеу үшін жөндеуге, орнына келтіруге және жаңартуға минималды қажетті шығындардан шыға отырып, мына формула бойынша анықталады:
Uоф = (1)
мұндаPi–индексацияның тиісті коэффициенттерінің есебімен толық немесе жартылай қираудың нәтижесінде негізгі өндірістік қорлардың і түрінің баланстық бағасын азайту;
Ki–өндірістік қордың І түрінің амортизациялау коэффициенті;
n – жартылай немесе толығымен қираған негізгі өндірістік қордың түрлерінің саны;
Рmin – минималдық жөндеу және ТЖ нәтижесінде зақымданған объектілердің толық жұмыс істеуін орнына келтіруге қажетті басқа шығындар (егер жұмыс істеуді орнына келтіру жоспарланбаса, онда бұл қосылғыш болмайды).
2 Жанама шығын 3. Жанама экономикалық шығын физикалық және тікелей экономикалық шығынның деректерінің негізінде бағалануы мүмкін. Алайда ол, әдетте, құжаттамалық деректердің негізінде (тікелей экономикалық шығынмен салыстырғанда) тікелей есептеуге келмейді.
4. Өндірістіңжабылуына немесе тоқтап тұруына, өндірістің қарқындылығының төмендеуіне және өнім өндірісі, өндірістік және өндірістік емес сипаттағы қызметтерді көрсету, жұмыстар жүргізу бөлігіндегі ұйымның (кәсіпорынның) кез–келген басқа экономикалық маңызды функционалдық қызметінің төмендеуіне қатысты экономикалық шығын табысты жоғалтумен және алдында шыққан шығындарды жабу мүмкіндігімен шарттасады.
Шығынның осы түрі (Uжк)өнімнің (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) соңғы өніміне қосылған құнның орташа шамаларынан шыға, төмендегі формула бойынша есептеліне алады:
Uжқ = (2)
Мұнда Цi – өндірілмеген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) і түрінің бірлігін іске асырудың орташа бағасы;
Вiп – шикізатқа, материалдарға және аралық өнімдерге,өндірілмеген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) і түрінің бірлігінің өндірісіне қажетті басқа да шығындарға шығатын орташа жиынтықты баға;
n – өндірілмеген өнім түрлерінің саны;
Qi–негізгі өндірістік қорлардың қирауына немесе бұзылуына байланысты өндірілмеген өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) і түрінің көлемі.