Табиғи және техногендік сипаттағы апаттық оқиғалардың салдарынан болған шығынды бағалау



бет5/14
Дата03.12.2023
өлшемі111,98 Kb.
#133082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тапсырма

6.2 Елдің шығынын бағалау
17. Елдің шығынын бағалаудың көрсеткіштеріне төмендегілер жатады:
– Nс–ТЖ аймағындағы елдің саны, адам;
– Nз–ТЖ зардап шеккен елдің саны, барлығы, адам;
– Nсш–елдің санитарлық шығыны, барлығы, адам;
– Nқш–елдің қайтпайтын (өлген) шығыны, барлығы, адам;
– Семш–елдің материалдық шығыны, мың теңге.
18. Ел шығынынан болған шығынды бағалауға қатысты нақты деректер бар болған кезде YпсСемш болып қабылданады. Тірі адамдар шығынының құнын бағалау гуманитарлық, экономикалық, философиялық ж.б. тәртіптердің мәселесіне сай жүргізілмейді.
Ел шығынын бағалау кезінде Nз = Nсш + Nқш деп қабылданады, яғни, тек жаралылар мен өлгендер ғана зардап шегушілер болып табылады.
6.3 Еңбек ресурстарының шығынын бағалау
19. Еңбек ресурстарының шығынын бағалаудың көрсеткіштеріне төмендегілер жатады:
– Nеқ – еңбекке қабілетті елдің шығыны, адам;
– Nжожұмыс орындарының шығыны, адам;
– Сеш – ТЖ объектілерінің еңбек ресурстарын қайта бөлуге шыққан нақты шығындары, мың теңге;
– Nқба – қайта бөлінген адамдардың саны, адам;
– Н0елде мекенде, аумақта бір жұмыс орнын бөлуге шыққан орташа шығын, мың теңге.
20. Осы деректер бар болған кезде еңбек ресурстары шығынының құндық бағасы төмендегі формула бойынша анықталады:
Yерш= (Nжо – Nеқ – Nқба)·Н0 + Сеш, (10)
6.4 Апаттық–құтқару, апаттық–орнына келтіру жұмыстарын (АҚЖ
және АОЖ) жүргізуге шығатын шығындардың көлемін бағалау

21. Есептеуге қатысты шығыс деректеріне төмендегілер жатады:
– Сжол – ТЖМ ТЖ аймағына тартатын экспедицияның жолы, мың теңге;
– Стәу – ТЖМ ТЖ аймағына тартатын экспедицияның тәуліктік шығыны, мың теңге;
– Сп – ТЖМ ТЖ аймағына тартатын экспедицияның пәтерге шығатын шығыны, мың теңге;
– Ссқ – сараптамалық қызметтердің төлемақысы, мың теңге;
– Сақж – ТЖ аймағында апаттық–құтқару жұмыстарын жүргізу, мың теңге;
– Саож – ТЖ аймағында апаттық–орнына келтіру жұмыстарын жүргізу, мың теңге;
– Сбшж – ТЖ аймағында басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу, мың теңге.
22. АҚЖ және АОЖ, басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге шығатын шығындар туралы нақты деректер бар болған кезде, шығын көлемін бағалау (Yақж\аож) төмендегі сома ретінде анықталады:
Yақж\аож = Сжол + Стәу+ Сп + Ссқ + Сақж+ Саож + Сбшж , (11)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет