Табиғи материалдармен жұмыс



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі28,92 Kb.
#129254
  1   2
Байланысты:
Көркем еңбек


Жауап парағы
Пән: Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы
Аралық бақылау 1


Табиғи материалдармен жұмыс. Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.
Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.
Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.
Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:

  • болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

  • негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);

  • заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;

  • баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жатт

Балалардың табиғи материалдардан дайындаған заттары: алуан түрлі икэбаналар, сабаннан жасалған адам, жәндіктер, т.б. кейіпкерлер бір-біріне сыйлық етіп ұсыгуғ, мерекелерде ата-аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәніде зор.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.
Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебано, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды. Әр түрлі бұйымдарды жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет. Ол үшін қолданылатын табиғи материалдарды тазалап кептіріп алады. Кептіру жолдары да әр түрлі. Мысалы, “икебано” жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап іліп қояды.
Жапсырмалау технологиясымен панно орындайтын болса, әр өсімдікті қағаз арасына салып, ауыр затпен бастырып кептіреді.
Сабаннан бұйым дайындағанда оның ұзындығын бірдей қылып кесіп алады. Ыстық су құйылған ыдысқа сабанды біраз уақыт салып қояды. Өткір қайшымен немесе пышақтың ұшымен екіге жара кесіп, тақтайдың үстіне салып үтіктейді. Үтіктің қызулығына байланысты әр түсті сабан алуға болады. Панно сызбасын дайындап, сабанды желімдеп қиып алады. Қиылған бөлшектерді сурет бойынша құрастырып жапсырмалайды. Бетіне түссіз лак жағады. Ал сабанды өру не тоқу үшін керісінше оны салқын суға салып қояды.
Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары барысында қолданылатын табиғи материалдардың түрлері.
Республикамыздың кең-байтақ аймақтарында өмір сүретін әрбір адам өзі тұрған өлкесінің табиғат байлығын меңгереді. Бірі−диқан, екіншісі−қолөнерші, үшіншісі−тігінші, төртіншісі−құрылысшы. Өсімдіктердің қалай өсетінін бақылап,қағаздан,матадан және табиғи материалдардан бұйым құрастыруды үйренесіңдер. Табиғат таң қаларлықтай бай. Табиғи материалдар түрлі. Ол−адамның ой-қиялының қайнар көзі! Егер құрғақ жапырақтан, гүлдерден, ұлу қабыршағынан, жаңғақтан түрлі сувенирлер, ойыншықтар, басқа да бұйымдар жасағың келсе, онда бай табиғат шеберханасы сенің көз алдыңда!
Әсемді бұйымдар жасау үшін, ең алдымен табиғат яғни, табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу оқушылардың қиялын, ақыл-есін дамытатын және де белсенділігін арттырудың бірден-бір әдіс болып табылады. Бастауыш мектепте еңбек сабағында табиғи материалдардың әр алуан түрлерімен жұмыс жасауды оқушылар үйренеді. Оның қасиеттерін үйрену және оны ескерту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет