Табиғи материалдармен жұмыс



бет2/2
Дата27.11.2023
өлшемі28,92 Kb.
#129254
1   2
Байланысты:
Көркем еңбек

Тұмарша жасау. Тұмар атауының төркіні туған жермен байланысып жатқанын белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбеков өзінің «Барың мен жоғыңды парықтау» деген мақаласында анық жазған.
Тұмар сөзінің байырғы түркі тілінде туған жер деген мағынаны білдіретінін ол – тума + иер деген екі сөзден пайда болғанын айтады ғылым докторы.
Тұмарды қазақ не үшін қастер тұтқан ?
Тұмар – халқымыздың ұғымында киелі мағынаға ие болған құнды дүние.
Сан ықылым заман бұрын, қағаз жоқ, тауар хат кезеңде сауда-саттық жасап алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа туған жердің топырағын толтырып алып шығатын болған. Соны тұмар деп атаған. Туған жерге деген шексіз құрметтің, перзенттік парыздың белгісі болса керек бұл.
Тұмар исі қазақтың киелі де, құнды, асыл да ардақты жәдігері.
Тұмар деп көптеген адамдардың мойындарына асып алған жіптер, моншақтар төріндегі заттарды және соған ұқсас тағы да басқа нәрселерді атайды. Сондай-ақ, бүған сол затқа тәуекел етіп, тіл-көзден сақтайды деген оймен адамның киіп алған жүзігі немесе басқа нәрселер де жатады. Әсіресе, бүны жиі жас балдарға көзден және с.с. сақтасын деп кигізеді.
Өзіне тұмар, талисман, түрлі жіптер мен моншақтар ілу, тағы теріге немесе матаға оралған дүғалар тағу және кішкентай балдардың шекесіне бәле-жаладан сақтасын деген мақсатпен қолданған.
Аты аңызға айналған, бүкіл әлемге мәшһүр ғалым, ғұлама әл-Фараби туралы халық аузында сақталған мынадай бір әңгіме бар. Ұлы ұстаз қартайған шағында бір топ шәкірттерінің басын қосып: «Сендерге аманатым бар, егер құпиясын сақтап, шартын орындасаңдар айтамын»,– дейді. «Аманатқа қиянат жасауға болмайды, айтқаныңызды орындаймыз»,– деп шәкірттері уәде береді. Сонда ұстаз оларға көннен тігілген тұмарды ұсынып, қабірінің басында ғана ашуды өтінеді.
Арада көп уақыт өтпей-ақ ұлы ұстаз дүниеден өтеді. Марқұмды арулап, жерлеу рәсімі кезінде уәде бойынша әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен тілдей қағаз шығады. Қағазда: «Бұл туған жерім – Отырардың топырағы еді. қабіріме осыны салыңдар»,– деп жазған екен. Өтініші үлкен тебіреніспен орындалады. Данышпанның аты данышпан, өмірден өтіп жатып та туған жердің қасиетін кейінгілерге ұқтырып кетіпті.
Мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі-тұмарша. Оны шеберлер бұрыштап не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бой тұмарды ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет