«Табиғи қорлар географиясы» пәнінен дәрістер


№6. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі445,23 Kb.
#7214
1   2   3   4

№6. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі. 

 

Табиғи  ортаны  қорғау,  табиғат  байлығын  тиімді  пайдалану,  оған 

барлық  халық,  жеке  кәсіпорындар  мен  кәсіпкерлер,  мемлекеттік  органдар 

мүдделі  болғанда  ғана  ауқымды  және  нәтижелі  болады.  Мүдделілікті 

экономикалық 

ынталандыру 

тетіктері 

арқылы 


басқаруға 

болады. 


Экономикалық  басқару  механизмдері  қолданып  табиғатты  қорғауға,  тиімді 

пайдалануға  жағдай  жасалады.  Экономикалық  жолмен  басқарудың 

ерекшелігі,  мұнда  ешкімді  күшпен  зорлап  емес,  әркімнің  өз  еркімен 

табиғатты  қорғауға,  оның  байлығын  молайтып,  тиімді  пайдалануға 

жұмылдырылады. Табиғи ортаға зиян келтіру, табиғат ресурстарын ысырапқа 

ұшырату ең бірінші кезекте оған жол бергендердің өзіне тиімсіз болады. 

Экономикалық  мүдде  тудырудың  басты  әдістері:  жоспарлау, 

шаруашылық  есеп  және  экономикалық  ынталандыру.  Бұл  әдістер  баға, 

қаржыландыру,  несие,  материалдық  сыйлық  және  жауапкершілік,  табиғат 

пайдалану  төлемдері,  экологиялық  нормативтер,  т.б.  экономикалық  тетіктер 

арқылы жүргізілөді. 

Жоспарлау  басқарудың  әкімшілік  әдісіне  тән  деп  есептелгенімен, 

экономикалық  басқару  механизмінде  де  маңызы  зор.  Тек  мұнда 

жоспарлаудың сипаты түбірімен езгереді. Ол жоғарыдан нұсқау, бұлжытпай 

орындалатын  заң  сипатын  езгертіп,  іс-әрекеттерді  ерікті,  сапалы  басқару 

сипатына ие болады. Жоспарлау арқылы көптеген жағымсыз құбылыстарды, 

шығындарды  алдын  ала  болжап,  оларды  болдырмау  шараларын 

ұйымдастыруға  болады.  Жоспарлау  еңбекті  белгіленген  мақсатта 

жұмылдыруға мүмкінді береді. 

Табиғат  пайдалану  саласында  жоспарлаудың  басты  мақсаты  -  табиғи 

ортаны  қорғауды,  табиғатты  тиімді  пайдалануды,  оның  ресурстарын 

үнемдеп,  мүмкін  болғанда  молайтуды  қамтамасыз  ету.  Жоспарлаудың 

мұндай қызметі нарық экономикасы жағдайында күшейе түседі. 

Нарық  қатынасы  бойынша  табиғатты  арнайы  пайдалану  төлемді, 

табиғат  пайдаланушылар  табиғат  ресурстарын  ақылы  пайдаланады,  табиғи 

ортаға  келтірген  зияндарын  жоюға,  зиянға  ұшырағандардың  шығынын 

қайтаруға  міндетті  және  табиғи  органы  қорғауға,  табиғат  қорғау  заңдарын 

сақтауға міндетті. 

Табиғат  пайдалану  жоспарларын  айқындау  үшін  экологиялық 

нормативтер  маңызды  рөл  атқарады.  Олар  табиғат  қорғау,  пайдалану 

ережелеріне,  талаптарына,  тәртіптеріне  сәйкес  анықталады  және  нақты 

аймақтық  табиғи  жағдайына  байланысты  құрылады.  Табиғат  пайдалану 


нормалары  орындалғанда,  жетілдірілгенде  табиғат  пайдапанушыларға 

жеңілдіктер, сыйлықтар беріледі, ал орындалмағанда айып төлем белгіленеді. 

Табиғат  қорғауға,  тиімді  пайдалануға  ынталадыру  мақсатында  баға 

тетігі  кеңінен  қолданылады.  Жалпы  баға  деңгейі  нарық  қатынасына  сәйкес 

қалыптасқанымен,  оның  негізгі  құрамды  бөлігі  -  өнімнің  өзіндік  құны 

табиғат  пайдалану  дәрежесіне  сәйкес  қалып-тасады.  Табиғат  қорғау 

шығындары  өскенде  немесе  табиғатқа  әсер  артқанда,  төлемдер  өскенде, 

табиғат ресурстары ысырапқа ұшырағанда, өнімнің өзіндік құны артады, таза 

пайда кемиді. 

 

Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сәйкес пайданың өзгеруі 



 

Нарық  жағдайында  тауардың  бір  түріне  баға  теңеседі.  Ал  өнімді 

шығаруға жүмсалған шығындар әр кәсіпорында әр түрлі. А - орташа шамада, 

В - жоғары,  С – төмен. Осыған сәйкес  С кәсіпорынының пайдасы көп, ал А 

кәсіпорынының пайдасы аз. 

Сонымен  қатар,  экологиялық  таза  өнімдер  шығарылғанда,  оларды 

қымбатырақ  бағамен  сатуға  мүмкіндік  туады.  Мысалы,  кәсіпорындар 

экологиялық  шығындар  жұмсап,  өнімнің  өзіндік  қүнын  және  бағасын 

арттырды десек, олардың таза пайдасы да артады. Табиғат пайдалануда ҒТЖ 

қолдану,  шикізатты,  отын-энергия  қорын  үнемдеу,  қалдықтарды  пайдалану 

дәрежесі  баға  деңгейінде  өзінің  толық  көрінісін  табады.  Қайтарымды 

қалдықтарды,  қаптарды,  жәшік,  бөтелке,  полиэтилен,  металлды  тиімді 

пайдалану мақсатында олардың қүны тауардың бағасына қосылып сатылады 

және  олар  қайтарылғанда  тұтынушыларға  ақшасы  қайтарылады.  Сөйтіп,  әр 

түрлі табиғатта өздігінен жойылмайтын, оған зиян келтірілетін тауарлардың 

қаптарын  (бөтелке,  қалбыр,  жәшік,  полиэтилен  пленкалары,  т.б.)  жинау, 

қайта 


пайдалану, 

өңдеу, 


бір 

орталықтан 

залапсыздандыру 

ісі 


ынталандырылады. 

Табиғат  қорғауды,  тиімді  пайдалануды  ынталандыру  мақсатында 

қаржыландыру  және  несие  экономикалық  тетіктері  кеңінен  қолданылады. 

Табиғат  қорғау  бағдарламалары,  жоспарлары,  шаралары  республикалық, 

аймақтық,  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  қорлардан  бірінші  кезекте 

қаржыландырылуы  тиіс.  Халықаралық,  қоғамдық  гранттар  көпшілігінде 

табиғат қорғау шараларына бағытталады. 

Несиенің ынталандыру және жауапкершілікті арттыру  қызметі әсіресе 

жоғары.  Өйткені  несие  белгілі  мерзімге,  белгілі  мақсатқа  міндетті  түрде 

қайтарылатын жағдайда беріледі. Несиенің пайдалану мерзіміне байланысты 

өсімі  белгіленеді.  Табиғат  қорғау  және  тиімді  пайдалану  шараларын 

ынталандыру  үшін  басқа  іс-әрекеттерге  қарағанда,  жеңілдетілген  (өсімі  аз) 

несие  беріледі.  Екінші  жағынан  несиенің  ынталандыру  қызметі 

қайтарымыдылығы.  Несие  неғүрлым  тез  қайтарылса,  соғұрлым  аз  өсім 

төленеді. Сондықтан несие алушылар табиғат қорғау шараларын тезірек іске 

асыруға мүдделі болады. Кезекпен қайтарымды несиелеу арқасында аздаған 

қаржымен  көптеген  табиғат  қорғау  шараларын  жүргізуге  болады.  Дамыған 


капиталист  елдерде  (әсіресе  АҚШ-та)  солай  істейді.  Несиенің  белгілі 

мақсатқа  берілуі  табиғат  қорғау  шараларын  ынталандыру  қызметін  арттыра 

түседі. 

Табиғат  қорғау  шараларын  ынталандыру  мақсатында  материалдық 



сыйлықтар  жүйесі  де  қолданылады.  Ондай  сыйлықтар  мынандай 

жағдайдарда берілуі мумкін: 

• ауаға улы газдардың, тағы басқа ластаушы заттардың шығарылуы, суға улы 

ерітінділердің төгілуі нормада белгіленген шамадан азайтыл-ғанда; 

•  суды  пайдалану  (түтыну)  шамасы  нормадағы  мөлшерден  (шектен) 

кемігенде; 

•  кен  өндіргенде  оның  нормалы  жоғалтылатын  мөлшерін,  ысырабын 

азайтқанда; 

•  табиғат  қорғау  шараларының  нәтижесінде  топырақтың  құнарлылығы 

арттырылғанда, орманның қүндылығы арттырылғанда, т.б. 

Бұл  сыйлықтар  табиғат  қорғау  қорларынан  беріледі.  Сонымен  қатар, 

кәсіпорындарға тікелей тиім бермейтін, бірақ халық шаруашылығына, жалпы 

табиғатқа  тиімді  табиғат  қорғау  шараларын  жүзеге  асырған  кәсіпорындар 

аймақтық  және  республикалық  табиғат  қорғау  қорларынан  сыйлық  ала 

алады.  Орталықтандырылған  табиғат  қорғау  қорларынан  материалдық 

сыйлық  алудың  басты  шарты  -  табиғат  қорғау  шараларының  халық 

шаруашылық тиімділігі болып табылады. 

Табиғатты  қорғауды,  тиімді  пайдалануды  ынталандырудың  маңызды 

тетіктерінің  бірі  -  табиғат  пайдалану  төлемдері.  Ынталандыру  табиғат 

пайдалану  төлемдерінің  ең  негізгі  қызметі  болып  табылады.  Төлемдер 

табиғат  пайдаланушылардың  оны  қорғауға,  үнемдеп  пайдалануға 

жауапкершілігін 

арттыратын 

бірден-бір 

экономикалық 

механизм. 

Ресурстарды  ақысыз  пайдалану  ысырапшылдыққа  әкеп  соқтыратынын 

тәжірибеміз  өте  жақсы  көрсетті.  Табиғат  пайдалануды  қаншама  мөлшерлеп 

шектегенмен, төлемдер механизмі қолданылмаса аса нәтижелі болмайды. 

Ынталандыру  мақсатында  кейде  төлемдерден  босату,  азайту  сияқты 

жеңілдіктер  де  қолданылады.  Мысалы,  жанама,  ілеспе  өнімдерді, 

қалдықтарды,  өнімділігі  аз,  қолайсыз  орналасқан  табиғат  ресурстарын 

пайдаланушыларға  жеңілдіктер  беріледі;  төлем  алынбайды  немесе 

азайтылады.  Табиғат  қорғау  мақсатында  пайдаланған  ресурстар  үшін 

төлемдер  алынбайды.  Табиғат  қорғау  шараларын  төлемдердің  есебінен 

жүргізуге  рұқсат  етіледі.  Төлемдер  жеңілдіктерімен  қоса,  салық, 

қаржыландыру,  несие  жеңілдіктері  де  қолданылады.  Мысалы,  тау-кен 

кәсіпорындары  ілеспе  газдарды,  кендегі  емес  жанама  элементтерді,  өндіріс 

қалдықтарын  пайдаланғанда  олар  осы  өнімдер  бойынша  ресурстарды 

қалпына келтіру, пайдалану төлемдерінен босатылады. 

 

№7.  Табиғи  ресурстарды  экономикалық  тұрғыдан  бағалау 



әдістері. 

 

Табиғат  пайдаланудың  мағынасы  табиғат  байлығын  адамның 

қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. 

Осыған  сәйкес  өндіргіш  күштердің  белгілі  даму  дәрежесін  игеруге  болатын 

және  экономикалық  мәні  бар,  өндіріс  қатынастарына  тікелей  араласатын 

немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп 

білеміз. 

Осы  тұрғыдан  кем  дегенде  екі  негізгі  қорытынды  жасауға  болады. 

Бірінші  -  табиғат  байлығы  өндірістің  негізгі  элементтерінің  бірі,  онсыз 

өндіріс  жоқ,  бұл  жалпы  кең  мағынада.  Негізінде  табиғат  ресурсының 

өндіріске  қатыстырылуын  айтқанда  біз  оның  тек  алғашқы  сатысын  ғана 

аламыз,  яғни  табиғат  байлығын  өз  ортасынан  бөліп  алу  немесе  сол  ортада 

жұмыс  істеу,  табиғи  заттарға  еңбекпен  тікелей  әсер  ету  немесе  табиғи 

куштерді  еңбекте  пайдалану.  Алғашқы  өңдеуден  өткен,  соның  арқасында 

тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда 

жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, 

саз  балшықтан  кірпіш  жасасақ,  табиғат  байлығын  пайдаландық  деп 

есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз. 

Екінші  қорытынды  -  табиғат  байлығын  пайдаланудың  алғашқы 

сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде 

ме,  ғылыми  тұрғыдан  ба  немесе  іс  қажеттілігінен  бе  әйтеуір  бір  бағалау 

болады. 

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге 

жаратамыз?  -  деген  сияқты  бағалау  әрқашанда  болады.  Осылай 

бағалаулардың  нәтижесінде  табиғи  заттар  мен  күштердің  пайдалануға 

болатынын,  оның  тиімділігін,  қолданатын  техника  мен  технологияны 

анықтаймыз.  Яғни,  табиғи  заттар  мен  күштер  бағалау  нәтижесінде  ғана 

табиғат  байлығына  айналады.  Олар  өндіріс  мақсаты  үшін,  адамдардың 

қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бүл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын 

саны  және  сапасы  жағынан  зерделеп,  оның  әлеуметтік,  экономикалық 

қажеттілігін анықтау. 

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше 

артып  отыр  және  біздің  экономикамызда  әлі  толық  зерттелмеген  мәселе. 

Өйткені  көп  жылдар  бойы  табиғат  байлығын  тегін  пайдалану  принципі 

үстемдік  етті.  Тегін  затты  экономикалық  ба-ғалаудың  қажеттігі  де  жоқ  еді. 

Дегенмен  белгілі  бір  мақсаттар  үшін  (оптималдық  болжамдар,  жобалау, 

жоспарлау, т,б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері 

зерттеліп 

келді. 


Бірақ 

экономикалық 

бағалау 

іс-тәжірибеде 

қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді. 

Қазір  табиғат  байлығын  экономикалық  бағалау  не  үшін  керек,  қайда 

қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек: 

1) ұлттық байлықты есептеу

2)  табиғат  байлығын  игерудің  оптималды  мерзімін  анықтау,  қай  түрін, 

қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау; 

3) ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау; 

4) өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік қүнын, бағасын дұрыс есептеу; 



5)  табиғат  байлығын  пайдаланушы  кәсіпорындардың  шаруашылық  есеп 

мүмкіндіктерін есептеу; 

6)  жеке  экономикалық  аймақтардың  экономикалык  мүмкіндіктерін  есептеу 

және болжау; 

7)  табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау; 

8)  жеке  кәсіпорындарды  жобалау  және  экономикалық  тұрғыдан  жобаны 

дәлелдеу; 

9)  арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу

10) табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды 

есептеу  және  табиғат  қорғау  шараларының  экономикалық  тиімділігін 

бағалау. 

Осы  келтірілген  табиғат  байлығын  экономикалық  бағалау  негізінде 

шешілетін  мәселелер  оның  қаншалықты  маңызды  екеніне  және  тез  арада 

шешімін  табу  керек  екеніне  көзімізді  толық  жеткізеді.  Нарық  қатынасына 

толығымен  өткен  кезде  қандай  да  болмасын  шаруашылық  мәселелерін, 

әсіресе  өндіруші  салаларында  табиғатты  пайдалануды  экономикалық 

бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын 

пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері 

табиғат  байлығын  өсіретін  болса,  екіншілері  оны  зерттейді,  барлау 

жумыстарын  жүргізеді,  санын,  сапасын  зерделейді;  үшіншілері  -  табиғат 

байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері - 

табиғатқа  ластаушы  заттар  шығарып  ауаға,  суға,  жерге  әсер  етеді; 

бесіншілері  -  табиғаттың  ассимиляциялық,  рекреациялық  потенциалын 

пайдаланады. 

Егер  бүрын  экономикалық  бағалау  оптималдық  есептеулерде, 

жоспарларда,  болжамдарда  ғана  қолданылып  келсе,  енді  ол  тікелей 

шаруашылық қат-настарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын 

пайдаланушылар  арасындағы  экономикалык,  қатынастарды  реттеуде, 

арендалық  қатынастарда,  мемлекеттік  және  жергілікті  салық,  қаржы-несие 

жүйелерінде  толық  қолданылады.  Табиғат  қорғау  және  табиғат  байлығын 

тиімді  пайдалануға  ынталандыру,  жауапкершілікті  арттырып  мұдде  туғызу 

да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады. 

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын 

анықтау,  яғни  нақты  ресурстың  адам  қажетін  өтеуге  қосқан  үлесін  анықтау 

(кең  мағынада).  Ал  таза  экономикалық  мағынада  -  табиғат  ресурсын  нақты 

пайдаланудан  түсетін  экономикалық  тиімнің  ақшалай  өлшемін  анықтау.  

Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға 

әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек. 

Табиғат байлығының экономикалық бағасы - оның халық шаруашылық 

құңдылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, 

игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы. 

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: 

есептеу  және  ныталандыру.  Табиғат  байлығы  -  ұлттық  байлық,  қоғамдық 

еңбекті  үнемдеуші  фактор,  өндіріс  қоры  ретінде  есептеледі.  Құндылығын 

анықтау 

арқылы 


табиғат  байлығын 

тиімді,  үнемдеп 

пайдалану 


ынталандырылады,  табиғатты  қорғау  жауапкершілігі  арттырылады.  Сапасы, 

орналасу  тиімділігі  әр  түрлі  табиғат  байлығын  пайдаланушыларға  біркелкі 

бәсекелестік жағдай туғызылады. 

Экономикалық  бағалаудың  қызметтері  бір-бірімен  тығыз  байланысты 

шаруашылық  басқару  экономикалық    механизмі  мен  тетіктері  арқылы 

табиғатты  тиімді  пайдалануға  оның  калыпты  жағдайын  қорғауға 

жұмылдырады 

Табиғат  байлығын  экономикалық  бағалаудың  екі  негізгі  :  шығындық 

және  ренталық  қағидасы  және  олардың  бірнеше  түрлері  бар.  Шығындық 

қағида  бойынша  табиғат  байлығын  экономикалық  бағалаудың  негізіне  оны 

игеруге,  пайдалануға  жумсалған  шығындар  (еңбек)  алынады,  ал  ренталық 

қағида  дифференциалдық  рента  түріндегі  табиғат  ресурстарының  халық 

шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған. 

Шығындық  қағида  бойынша  экономикалық  бағалау  жұмсалған 

шығындар  арқылы  анықталады.  Табиғат  байлығының  сапасы  оның 

қүндылығын  анықтаудың  тек  қосымша  факторы  ретінде  қызмет  атқарады. 

Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек 

шығынымен  анықталатынын  ескеріп,  академик  С.Г.  Струмилин  табиғат 

ресурстарының  құнын  да  оларды  игеруге,  үқсатуға,  пайдалануға  жүмсалған 

еңбек  шығындарымен  анықтауды  үсынған.Бірақ  табиғат  ресурстарын  бұлай 

бағалау  олардың  тұтыну  қүндылығының  шамасына  сәйкес  келмейді. 

Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын 

жұмсалады.  Яғни,  оларды  тереңнен  өндірілетін  кендерге  қарағанда,  сапасы 

бірдей  болғанның  өзінде  арзан  бағалауымыз  еepeк.  Тағы  бір  мысал:  Өндіру 

шығындары  бірдей  кендер  сапасының  -  тұтыну  қүндылығының  әр 

түрлілілігіне  қарамай,  теңдей  бағаланар  еді.  Түтыну  құндылығы  артық  кен, 

әрине,  жоғары  бағалануы  тиіс.  Әдетте  сапасы  төмен  жер  сапалы  жерге 

қарағанда көп шығын жүмсалады (тыңаңту, тегістеу, т.б. жү-мыстар). Оның 

тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы 

тиіс. Ал шығындык, қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары 

бағаланар еді. 

Шығындық  қағиданың  осы  басты  кемшілігін  табиғат  ресурстарының 

сапасын,  өнімділігін  есептейтін  коэффициенттер  де  жоя  алмайды.  Табиғат 

ресурстарының  сапасы  әр  түрлі  болғанда  бірдей  еңбек  жұмсай  отырып  әр 

түрлі  нәтиже  аламыз.  Сапалы  табиғат  ресурстары  еңбек  өнімділігін 

(нәтижесін)  арттырады,  ал  ол  қосымша  диффөреіщиалдық  табыс  (рента) 

әкеледі.  Сондықтан  табиғат  ресуртарын  оның  құндылығын  көрсететін  осы 

дифференциалды  рента  негізінде  бағалау  қолданылады.  Дифференциалдық 

рента  шамасын  есептеудің  бірнеше  әдістері  белгілі:  жақсы  және  нашар 

жерлердің  бір  өлшемінен  алынған  өнімдер  құнының  айырмасы;  өнімнің 

бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр 

түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т,б. 

Қазіргі  қолданып  жүрген  әдістемелер  бойынша  дифференциалдық 

рента  шамасы  табиғат  ресурстарынан  алынған  өнімнің  құнынан  өнімге 

жұмсалатын  жеке  нормалы  шығындарды  және  нормалы  пайда  шамасын 


шегеру  арқылы  анықталады.  Өнімнің  құны  арнайы  есептелетін  шеткі 

(жоғары) шығын негізінде, (кадастрлық бағамен) анықталады. Шеткі шығын 

өнімге жүмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады. 

Ренталық  қағидаға  сәйкес  табиғат  ресурстарының  экономикалық 

бағасы (Р) мына формуламен есеп-теледі: 

Р = (Z - S) В, 

 

мұнда:  Z-    өнімге  жұмсалатын  шеткі  (жоғары)  шығын  немесе  шеткі 



шығынмен есептелген өнімнің құны (бағасы); 

S - табиғат ресурстарынан алынатын өнімге жұмсалатын дербес шығын; 

В  -  уақыт  факторын  ескеріп,  Z,  S,  шамаларының  өзгерісін  есептейтін 

дисконттау 

коэффициенті, 

нәтижелердің, 

шығындардың 

өзгерісін 

(құнсыздануын) есептеуге қолданылатын коэффициент.   

Табиғат  байлығын  экономикалық  бағалаудың  екі  негізгі  түрін 

ажыратуға  болады:  абсолюттік  және  салыстырмалы  экономикалық 

бағалау. 

Абсолюттік  экономикалық  бағалау  табиғат  байлығын  ұлттық  байлық 

құрамында,  кәсіпорындардың,  жеке  аймақтардың  балансында  есептеу  үшін, 

табиғат  пайдапану  төлемдерін  анықтау  үшін  және  табиғат  байлығын  тиімді 

пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады. 

Өз  кезегінде  абсолюттік  экономикалық  бағалау  ағымдағы  және  узақ 

мерзімдік экономикалық бағалаулар болып бөлінеді. Алғашқысы бір жылдық 

көрсеткіштер  бойынша  анықталады,  табиғат  ресурстарын  пайдаланудың 

жылдық  тиімі  (жылдық  дифференциалдық  рента)  есептеледі,  Соңғысы 

табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер - ренталар 

жиынтығы болып табылады, 

Ұзақ  мөрзімдік  экономикалық  бағалау  -  жылдық  ренталардың 

дисконтталған қосындысы. Бірнеше жылдағы тиімдерді (шығындарды) қосу 

оларды «Капиталдандыру» болып табылады. Мысалы, жылдық 

арендалық  төлемдерді  орташа  процент  өсіміне  бөлу  арқылы  жердің  сатылу 

бағасын анықтауға болады, яғни арендалық төлем капиталға айналдырылған 

жердің  жылдық  проценттік  өсімі  ретінде  қарастырылады.  Өндіріске 

жүмсалған қаржы (қор) К  бір жылда Е  тиім әкеледі дейтін болсақ және оны 

тағы  да  өндіріске  жумсайтын  болсақ,  бірінші  жылдың  соңында  КЕ  тиім 

аламыз.  Барлық  өндіріске  жумсалатын  қаржы  К+ЕК,  яғни  К(1+Е)  болады. 

Екінші  жылдың  аяғында  ол  К(1+Е)(1+Е),  яғни  К(1+Е)



2

  дейін  өседі,  t  

жылдың  аяғында  К(1+Е)



t

,  болады.  Бастапқы  к  =  (1+Е)  шамасына  жылғы 

К(1+Е) тең болады. Сонымен жылғы шаманы алғашқы шамаға теңеу үшін 

оны  (1+Е)



t

 шамасына бөлуіміз керек. 



 

№8. Табиғатты пайдаланғаны үшін алынатын салықтың және 

төлемдердің мөлшерін анықтау әдістері. 

 

Нарық  қатынастарына  негізделген  экономиканың  иегізін  тауар 

айналымы  құрайды.  Бұл  жағдайда  қоғамдық  қарым-қатынасқа  қатысатын 

табиғат  ресурстары,  оның  ішінде  табиғи  ортаның  сыйымдылығы,  өндіріске, 

тіршілікке  қолайлылығы  тауарға  айналады.  Өткен  тақырыптарда,  осыған 

байланысты,  табиғат  ресурстарын  экономикалық  бағалауды,  оларды  қал-

пына  келтіру  (жаңғырту)  құнын  анықтауды,  табиғат  қорғау,  оның 

байлықтарын  сақтау,  молайту,  қалпына  келтіру  шығындарын  анықтауды, 

табиғат қорғау шараларының тиімділігін қарастырдық. 

Табиғат  ресурстарын  тиімді  пайдаланудың  ең  басты  шарты  оларды 

ақылы  пайдалану  екенін  аңғардық.  Өйткені  табиғат  ресурстарын  пайдалану 

тегін  болса,  оларды  үнемдеп,  ұтымды  пайдалануға,  табиғатты  қорғауға, 

қорын  молайтуға  жұмылдыратын  экономикалық  механизм  тудырмайды, 

мүдде  арқылы  ынталандырмайды.  Ол  табиғат  ресурстарының  ысырабына 

әкеп соғады. 

Табиғат  ресурстары  жалпыхалықтық  (мемлекеттік)  меншікте  болып, 

пайдаланушыларға  тегін  берілген  жағдайда  үнемдеу  нормалары  болуына, 

олардың 

мемлекет 

тарапынан 

үнемі 


қадағалауына 

қарамастан, 

ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын 

бұрынғы  Кеңес  Одағында  жалпы  өнімнің  бір  өлшеміне  әлемде  ең  көп 

мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды. 

Сондықтан,  төлемдерді  табиғат  ресурстарын  ұтымды  үнемдеп 

пайдалануға,  табиғат  қорғауға  оның  байлықтарын  сақтауға,  молайтуға 

жұмылдыратын  ең  басты  экономикалық  басқару  тетігі  деп  қарастырамыз. 

Соған  қарамастан,  төлемдердің  қызметін  әр  түрлі  мағынада  түсінушілік 

кездеседі: 

1)  табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем; 

2)  табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары; 

3)  айып төлемдер

4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық 

рента; 

5)  кендерді  іріктеп  ендіргенде,  бос  жыныстар  араластырғанда  төленетін 



айып; 

6)   пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф; 

7)   кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып; 

8)   табиғат қорғау шығындарын қайтару

9)   табиғи ортаны ластағаны үшін тәлем;   . 

10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру; 

11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды. 

Енді  біреулер  төлемдерді  бюджетке  қаржы  жинау  көзі  деп  ұғынады. 

Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты телемдердің мағынасын, 

атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады. 

Табиғат  пайдалану  төлемдері  непзінен  табиғат  қорғау,  тиімді 

пайдалану  мақсатында  экономикалық  ынталандыру  үшін  қолданылатын 

басқару  тетігі  болып  табылады.  Олар  табиғат  қорғау  заңдарының  іске 

асырылуын  қамтамасыз  етеді  және  халықтың  әлеуметтік    жағдайын 



жақсартуға  көмегін  тигізеді.  Ал  ең  негізгі  қызметі  табиғат  қорғау,  тиімді 

пайдалану  шараларына  ынталандыру,  жауапкершілікті  арттыру  болып 

табылады. 

Табиғат  ресурстарының  түріне  байланысты  әмбебап  пайдаланатын, 

арнайы  пайдаланатын  ресурстарға  төлемдер  ерекшеленеді.  Әмбебап 

пайдаланатын  ресурстарға  жер,  су,  ауа,  т.б.  ресурстар  жатады.  Арнайы 

пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар. 

Экономикалық мағынасына, атқаратын қызметіне 

қарап төлемдерді: 

1.   табиғат ресурстарын пайдалану қүқығы; 

2.    табиғат ресурстарын пайдалану; 

3.    табиғат ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту, өсіру; 

4.     табиғат ресурстарын пайдалануды шектегені 

үшін; 


5.     табиғи ортаны қорғау; 

6.   табиғат қорғау заңдарын бүзғаны үшін төлем-дер деп сүрыптауға болады, 

Табиғат  ресурстарын  пайдалану  қүқығы  ушін  төлемнің  негізі  табиғат 

ресурстарына  меншік,  иелік  қүқығы  болып  табылады.  Меншік  қүқығы  осы 

төлем  арқылы  көрініс  табады.  Меншік  иесі  өзінің  қүқығын  басқа    табиғат   

пайдаланушыларға  жалға   немесе иелікке  беру арқылы олардан төлем ақы 

алады.  Табиғат  ресурстары  жалпы  халықтық  иелікте  болғанда,  иелік 

қүқығын,  олардың  атынан  мемлекет  атқарады.  Табиғат  пайдалану  қүкығын 

алушылар  мем-лекеттік  бюджетке  ақы  төлейді.  Төлемдердің  бұл  түрінің 

мөлшері  шығындарға  немесе  табысқа  онша  байланысты  емес,  негізінен  екі 

жақтың  келісімі  бойынша  анықталады.  Теориялық  тұрғыдан  меншік  иелері 

төлемдер  арқылы  өздерінің  (жалпыхалықтық  меншік  болғанда  халықтың) 

әлеуметтік  жағдайларын  қаржыландыруға  тырысады.      Сондықтан    төлем  

негізі  әлеуметтік  шығындар  деп  алуға  болады.  Екінші  жағынан  төлем 

шамасы  табиғат  ресурстарын  пайдалану  құқығын  алушылар  өздерінің 

табыстарының  қаншасымен  бөлісуге  келісетінін  көрсетеді.  Олар  үшін  таби-

ғат  ресурсын  пайдалану  құқығы  үшін  төлем  алғашқы  ендіріс  шығындары 

болып  табылады.  Сондықтан  алынатын  өнімнің  өзіндік  қүнына  қосылады. 

Сөйтіп, ең негізгі төлем телеуші өнімді түтынушылар болады. Осы тұрғыдан 

алғанда, табиғат пайдалану қүқығы үшін төлемнің ең басты қызметі табиғат 

ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру. Осы мақсатта қоғам табиғат 

ресурстарынан  алынатын  енімдердің  бағасын  біраз  қымбаттатуға  мәжбүр 

болады  және  ол  табиғат  ресурстарын  тегін  пайдаланудан  әлдеқайда  тиімді 

болады.  Мәселен,  қосымша  шығындар  түрғысынан  қарайтын  болсақ,  төлем 

мөлшерін  алмастыру  шығындарымен  анықтауға  болады.  Егер  табиғат  пай-

даланушылар  табиғат  ресурсының  нақты  түріне  пайдалану  қүқығы  үшін 

төлемнен бас тартса, онда ол оны басқа ресурспен алмастыруына тура көледі. 

Осы  жаңа  ресурсқа  жүмсайтын  шығын  телемнің  баламасы  (бола  алады. 

Төлем  шамасы  балама  шығыннан  аз  болғанда  табиғат  пайдаланушы,  әрине 

төлем  төлеуге  келіседі.  Төлемнің  шамасына  сонымен  қатар,  елдегі  банк 

процесінің өсімі, монополиялық рента, т.б. эсер етеді. 


Табиғат      ресурстарын      пайдалану      төлемдерінің  мөлшері  оның 

қүндылығына,  экономикалық  бағалану  шамасына  байланысты  болады.  Ал 

экономикалық  бағалану  шамасы  дифференциалдық  рентаға  тікелей  тәуелді 

екенін білеміз, Дифференциалдық рента өз кезегінде габиғат ресурстарының 

табмғи "өнімділігін", пайдалану тиімділігінен туындайды. 

Табиғат  пайдалану  төлемдерінің  негізгі  бөлігі  болып  табылатын  ренталық 

табиғат ресурстарын пайдаланушылардың қосымш табысының есебінен төле 

Неді. Сондықтан төлемнің бүл түрі ынталандыру қызметімен қатар, табиғат 

ресурсын  пайдаланушыларға  біркелкі  бәсекелестік  жағдай  туғызу  қызметін 

де  атқарады.  Төлемнің  қүрамына  дифференциалдық рентамен  қатар  табиғат 

ресурсын  пайдалану  төлемі  кіреді.  Ол  абсолютті  рента  негізінде  анықталуы 

мүмкін. Табиғат ресурстарын  пайдалану төлемі ресурстың түрлері бойынша 

оның әрбір өлшеміне белгіленеді. 

Табиғат  ресурстарын  қорғау,  калпына  келтіру,  жаңғырту,  өсіру 

төлемдері осы мақсатгарға жүмсалған шығындар бойынша анықталады және 

негізгі  қызметі  шығындарды  қайтару  болып  табылады.  Төлем  шамасы 

қоғамдық  қажетті  шығындармен  анықталады.  Табиғат  ресурстарын  қорғау, 

қалпына  келтіру,  жаңғырту,  өсіру  және  өндіріске  даярлау  шығындары  өн-

дірістік  шығындардың  қүрамды  бөлігі  болып  табылады.  Сондьіқтан  олар 

өнімнің өзіндік қүнына және бағасына қосылады. 

Төлемдердің келесі тобы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру 

қызметін  атқарады.  Табиғатқа  зиян  келтірушілер:  жеке  азаматтар  немесе 

заңды  түлғалар  зиянның  орнын  толтыруға,  зардабын  жоюға  міндетті.  Осы 

төлемдер  арқылы  “ластаушы  –  төлейді"  принципі  жүзеге  асырылады.  Бүл 

телемдерді  кейде  экологиялық  төлемдер  деп  те  атайды.  Зиянның  шамасы 

нормалы шамадан аспағанда төлем зиянның орнын толтырады немесе зиянды 

болдырмау  үшін  жүмсалатын      шығындарды      қайтарады.      Нормадан 

(шектен)  артық  шамада  айып  төлемдері  алынады.  Нормадағы  шамадағы 

телемдер  өнімдердің  өзіндік  қүнына  қосылады,  ал  одан  артық  шамада  таза 

табыстан алынады. 

Төлемдер  атмосфераға  ластаушы  заттар  шығарғаны,  суға  ластаушы 

заттар  төккені  және  жерге  қалдықтарды  орналастырғаны  үшін  алынады. 

Телем  нормативің  ластауды  болдырмау  және  ластану  зардаптарын  жою 

шығындары  бойынша  ластаушы  заттардың  әрбір  шартты  өлшеміне 

белгіленеді. 

Төлемнің  келесі  түрі  табиғат  ресурстарын  пайдалану  (тиімді 

пайдалану)  шектелген  жағдайда  алынбаған  (жоғалтқан)  табыстың  орнын 

толтыру  қызметін  атқарады.  Төлем  табиғат  ресурстарын  шектеуші  заңды 

түлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылық пайдасынан  алынады. 

Шектеудің  сипатына  карай  төлемдөр  бір  мерзімдік  немесе  ағымдағы  болуы 

мүмкін. Телемдердің бүл түрін қолдану әсіресе әмбебап ресурстар (жер, су) 

үшін  аса  маңызды.  Ресурстардың  шектеулілігі  оларды  бір  мақсатқа 

пайдалану екінші мақсатқа пайдалануды шектейді (болдырмайды). Мысалы, 

ауыл  шаруашылық  жерге  қүрылыс  салынғанда,  ауыл  шаруашылық  өнімдер 

өндіру мүмкіндігі шектеледі. 


Табиғат  қорғау  заңдары,  ережелері,  тәртіптері  бұзылғанда  алынатын 

төлемдер  айып  салу  сипатында  болады  және  келтірілген  зияннан  артық 

мөлшерде белгіленеді. 

Аталған  телемдерден  басқа  жер  қойнауын  кен  ондіруден  басқа 

мақсатқа  пайдалану,  техногендік  минералдық  ресурстарды  пайдалану,  т.б. 

төлемдер алынады. 

Экономикалық  бағытына  қарап  табиғат  пайдалану  төлемдерін:  орнын 

толтыру,  қайтару,  алмастыру,  компенсациялық,  ренталық,  айып,  сыйлық 

төлемдөрі деп (білуге болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет