Судың минералды құрамының компоненттері
| |
Шекті рауалы концентрация
| |
1-ші класс
|
1 Катиондар
|
Кальций
|
200 мг/л
|
Магний
|
100 мг/л
|
Натрий
|
200 мг/л
|
2 Аниондар
|
Нитрат
|
45 мг/л
|
Карбонат
|
100 мг/л
|
Гидрокарбонат
|
1000 мг/л
|
Хлорид
|
350 мг/л
|
Сульфат
|
500 мг/л
|
2-ші класс
|
1 Катиондар
|
Аммоний
|
2,5 мг/л
|
Металдар
|
0,001 ммоль/л
|
Жалпы темір
|
0,3 мг/л
|
2 Аниондар
|
Нитрит
|
0,1 мг/л
|
Фосфат
|
3,5 мг/л
|
Судың минералды құрамының өзгеруі ең алдымен, қарапайым бір клеткалы организмдердің тіршілік етуіне әсерін тигізеді. Себебі, еріген тұздар тірі клетка элементтері үшін құрылыс материалы болып табылады және клетканың қоршаған ортамен зат алмасуын анықтайды. Тұздардың жоғары концентрациясы, суатты қоршаған топырақтың минералды құрамына ауыр зардабын тигізеді және ауылшаруашылық дала егістерін суландыру уақытында, топырақтың жер асты суларын сіңіру процесінде тұздануына әкеліп соғады. Судағы табиғи тұздылық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғатын, табиғи сулардың минералды тұздармен антропогенді байытылу көздері болып табылады:
қыстыгүні қала көшелері мен жолдардан тұзы бар еріген қар
суларының құйылуы;
дала алқаптарын минералды тыңайтқыштармен өңдегеннен
кейін, ақаба жаңбыр суларымен шайылып құйылуы;
өндіріс кәсіпорындарынан шығатын тұздық, тазартылмаған
ақаба сулары және тағы да басқа.
Тұздардың жоғары концентрациясы ауыз судың дәмін бұзады, ал ШРК-нан асып түсетін тұздардың концентрациясынан ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын су жарамсыз болып келеді.
Су үлгілерін дайындау және іріктеу
Келесі анализдің едәуір деңгейінде дұрыстылығын анықтайтын су үлгілерінің іріктемесін стадия ретінде қарастыру қажет және үлгіні іріктеу процесінде жіберген қателіктерді келешекте, тіпті квалификацияланған анлитик те түзете алмайды.
Су үлгісінің орнын және іріктеу жағдайын әр кезде зерттеудің нақтылы ережелермен анықтайды, бірақ үлгіні іріктеудің негізгі ережелері жалпы түрде болады:
жағдайын көрсетуі қажет;
алғашқы құрамының өзгермеуін қамтамасыз ету керек (анықталатын компоненттердің немесе су қасиеттерінің болуы);
өткізу үшін жеткілікті болу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |