Табысты оқыту құралдары. Кейс



бет3/3
Дата18.06.2023
өлшемі26,75 Kb.
#102019
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
6.Табысты оқыту құралдары (1)

Тізбек бойынша сұрау. Мұғалім жауап беріп тұрған оқушыны кез келген уақытта тоқтатып, басқа оқушыға басталған ойды аяқтауды ұсына алады.


Сыбырлап сұрау. Егер мұғалімге бір оқушының жауабын тыңдауға ұзағырақ уақыт қажет болса, бұл уақытта басқаларға жазбаша тапсырма ұсынуға болады. Мұғалім басқа оқушыларға кедергі келтірмеу үшін тақтаға шақырылған оқушымен сыбырлап сөйлеседі.


«Соқыр жеребе». Мұғалім оқушыларды сабақ айтуға шақырғанда, журналдағы бағалар санына қарамай, кездейсоқ жеребеге бағдарланады. Мысалы, кездейсоқ сандар қатарын және математикалық амалдарды атап, бірнеше адамның санауын өтінеді. Есептеу нәтижесінде шыққан сан – жауап беретін оқушының журнал бойынша нөмірі («Балалар, бірінші сан – 5 саны, оны 4-ке көбейтіп, оған 12 қосыңдар. Қанша шықты?.. 32. Біздің сыныпта оқушылар саны аз, сондықтан сандағы бірінші және екінші санды көбейтеміз. Сонымен, тақтаға журнал бойынша 6-шы нөмір шығады, бұл – … »).

Сондай-ақ топтық (жұптық) жұмыс бір мезгілде көбірек оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, тұтас топтың/ жұптың жауап беруіне мүмкіндік бере аласыз немесе орындалған тапсырманы топтағы бірнеше оқушы таныстыра алады.


Мұғалім оқушыларды өзіне «сүйкімді» және «сүйкімсіз» оқушылар деп бөлмегені жөн. Сабақ барысында оқу процесіне оқушылардың барлығын (мықты, орташа, «әлсіз» оқушылар) белсенді қатыстыра білу аса маңызды.

Пайдаланылған материалдарға сілтеме:


Е.Н. Куксо. Мектепте оқыту сапасын жақсартудың он тиімді тәсілі (Десять эффективных способов улучшения качества преподавания в школе). — М.: Национальный книжный центр, ИФ «Сентябрь», 2016. – 192 б. – («Директор школы» журналының кітапханасы)
Rosenthal R., Jacobson L. Pygmalion in the classroom: Teacher expectation and pupils’ intellectual development. Holt, Rinehart & Winston, 1968.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет