Атмосфераның ластануы деп адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге негативті әсер ететіндей оның құрамының және қасиеттерінің кез келген өзгерістерін айтады
Атмосфераның ластануы деп адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге негативті әсер ететіндей оның құрамының және қасиеттерінің кез келген өзгерістерін айтады.
Атмосфера табиғи және антропогенді ластанады.
Термоядерлік
қарулар
транспорт
Мұнай,газ
Өндіру
Өндіріс
Жылу
энергетикасы
Антропогенді
ластау
Ауаны шаңнан тазартуға арналған құралдар 4 негізгі топқа –құрғақ және ылғалды шаң ұстағыштарға, маталы және электрсүзгіштерге бөлінеді. Шаңның түріне,оның физикалық-химиялық қасиеттеріне, дисперсиялық құрамы мен жалпы ауадағы мөлшеріне, шығарындының температурасына, қажетті тазарту дәрежесінің деңгейіне байланысты осы құралдардың қажетті түрі таңдап алынады. Шаңұстағыштарды таңдағанда тазаланатын газдың көлемі де ескеріледі. Газды оның құрамындағы газ және бу тәрізді қоспалардан тазарту үшін адсорбция, абсорбция, катализдік және термиялық әдістер кеңінен қолданылады. Адсорбциялы әдіс адсорбенттермен газды ластаушы компоненттерден бөліп алуға негізделген.