Озон қабаты атмосфераның стратосфера қабатында орналасқан.
Озон қабаты атмосфераның стратосфера қабатында орналасқан.
Озон қабатының қызметі: Күн сәулесінен бөлінетін ультракүлгін сәулелерді абсорбциялап, Жерді оның зиянды әрекетінен қорғайды.Егер озон қабаты бұзылса УК сәулердің әсерінен адамдар түрлі ауруға шалдығуы мүмкін, мысалы, терідегі қатерлі ісік (рак) , соқырлық және т.б. Озон атмосфераны зиянды химиялық заттардан (мысалы, метан, азот оксидтері, көміртек монооксиді) оқшаулайды, демек олармен озон химиялық реакцияласып жаңа қосылыстар, ортаға зиянсыз заттар түзеді. 1980 жылы ғалымдар Антарктида аумағында озонның құрамы 2 есеге азайғанын анықтады. Озонды қабаттың бүлінуіне хлор тотығы әсер етеді, олар зауыттар мен өнеркәсіптердің өнімдері. Озонды бүлдіргіш заттар құрамында : хлор, фтор, бромкөміртек және сутек кездеседі. Олар галогенкөмірсутектер деп аталады.Құрамында көміртек,хлор,фтор кездесетін қосылысты хлорфторкөміртек, оның қатарында төртхлорлы көміртек және метилхлороформ. Озон қабатын бүлдіретін заттар көбінесе тоңазытқыштар мен кондиционер, электронды өндірістерде еріткіш ретінде қолданылады.
Атмосфералық ауа – маңызды сарқылмайтын ресурс, бірақ қаншалықты сарқылмайтын болса да, біз бұл ресурсты тиімді пайдаланып, қорғай біліуіміз қажет. Себебі адам денсаулығы ауаның тазалығына байланысты.