Адам өмірі үшін ең басты қажеттің бірі ауа. Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа дейін өзгеріп тұрар еді. Жер шарына ылғалдық таратуда да атмосфераның ролі зор.
Ауа - әртүрлі газдардың қоспасы, негізінен азот пен оттегінен тұрады, азот, оттегі, аргон, көмір қышқыл газы.
Оттегі.
Оттегінің құрамының тұрақтылығын жасыл өсімдіктер мен мұхит, теңіздердегі фитопланктондардың көмір қышқыл газын сіңіріп, фотосинтез арқылы оттегін бөліп шығарулары арқылы қамтамасыз етеді.
Азот
Азот өзінің массасы бойынша атмосфераның негізгі бөлігін құрайды. Әр адам оттегімен шамалы сұйытылған азотпен демалады.
Газдан және оның ішінде жүрген қатты заттардың шаңдары, бөлшектері мен сұйық тамшыларынан тұратын системаны аэрозоль деп атайды.
Бұлттар, тұздармен қаныққан теңіз ауасы – бұлардың бәрі пайдалы аэрозольдар.