Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет3/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

саулатты.
Өзім табам, – деп орыс жүгіріп ала жөнелді.
Үш   орыс   қолдарына   шырағдан   алып,   қораны,   үйді,   тезекті,
шұңқырды, жүкті, пішенді – бірін қоймай найзаларымен піскілеп
тінтіп жүр. Зым-зия Ақбілек жоқ.
«Орыстар   келіп   қалды»   дегенде,   бәйбіше   теріскейдегі   кішкене
есіктен   ептеп   шығып,   жер   бауырлап,   бүкеңдеп,   Ақбілегін
жетелеп, бір апанға апарып «тырп етпей жат!»— деп кеткен.
Қыз таба алмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені
Терезе   алдына   етбетінен   басып   отырып,   жиырма   бес   қамшы
соқты.   Үні   шықса,   Ақбілегінің   жаны   қабат   шығады   ғой,
құшырлана   тістеніп,   ышқына   ыңқылдағаннан   басқа   дыбыс
бермеді..   Желге,   күнге   тигізбей,   аялап   өсірген   сәулесін   «кәпірге»
қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе?
Түнерген   түнде   абайсыз   ауыл   абалаған   ит   даусына   айналды.
Ауылдан   бажылдаған,   балдырлаған   жат   үн   шықты.   Бір   тайпы
ауыл үш мылтықтың албастысы басып тұншықты.
Үрейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап, құлағын түріп,
түсі   жаман,   ойы   қараңғы   бір   адам   жүр.   Ауылдан   бажыл
шыққанда әлгі адам бір тұрып, бір жүріп, ауылға таман ұмтылды.


Ұмтылып еді, астындағы жануар қорыс етіп, лоқып қалды. Аяғын
үзеңгіден   ептеп   шығарып,   сыбдырын   ұрлап,   жұмсақ   шөпті
жапыра   басып,   жерге   түсті.   Атын   артқы   қасына   қайқита
қаңтарып, қыл шылбырмен тұқырта тас қылып тұсап, үш атты
матастырды   да,   қотанға   кіретін   епті   қасқырша,   бүкеңдеп
адымдады, Қарауытқан, қара жамылған ауылдың иті ұлып тұр.
Бес-алты адым аттады ма, жоқ па, әлде шөптің, әлде шүберектің
сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. Енді
бір   басып   еді   —   аяқ   асты   қарауытқан   шұқыр   болды,   шұқыр
түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті:
— Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап.
— Ақбілекпісің?— деді әлгі адам біліп қойғандай.
—   Мен   едім,   құтқар,   ағатай!   —   деп   апанның   ернеуіне   таман
өрмелеп еді;
—   Құтқарам.   Бұқ.   Жата   тұр,—   деді   де,   қазақ   қалбаңдап   жоқ
болды.
Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып қалды.
Әлгі адам жүгіріп барып тоқтағандай, ат ышқынғандай, үзеңгіге
аяқ салғандай, тебінгі тырс еткендей болды. Атына мініп келейін
деген екен ғой, енді ажалдан құтылдым ғой. Жасаған-ай! Тәуба,
дей   беріп   еді,   дүбірлеген   аттың   тықыры   жақындамай,   теріс
айналып   кеткен   тәрізді   болды.   Қолы   әлі   жәрдем   тілеуде,
жарылқаушы   періште   келетіндей,   дәмелене   күтсе   де,   тықыр
алыстап, дүбірлетіп шауып кетті. Қолдары сылқ ете түсті, аяғы
тайғанап кетті, сырғанап түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай
көрінді...
Ауыл   жақтағы  иттердің   манағы  шабаланғаны   жоқ,   анда-санда
сақ қаншықтың безілдеген, жас күшіктің шәуілдеген әлсіз дауысын
төбеттердің   күңіренген   ұзын   сарыны   басып   тұрғандай.   Сүйтіп
тұрғанда,   бірдеме   ысқырғандай   болды.   Ауылдан   иттерді
шабаландырған   аттың   дүрсілі   тауға   қарай   кетті.   Ит   даусы
алыстап   барып,   қайта   жақындап,   абалады.   Ажал   да   абалады.
Дүрсіл   ауылға   қайтып   келді.   Күбір-күбір   адам   даусы   естілген


тәрізденді.   Ақбілектің   жүрегі   зырқ   ете   түсті.   Зырқ   етпей
қайтсін, тықыр шықты. Жүрегімнің дүрсілі болғай еді деп, қолын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет