Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет67/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

орыста тап күресі басталғалы жүздеп жылдар өтті. Бізде тап
тартысы әлі басталған жоқ. Ол неліктен? Әлде бізде бай, кедей,
жеуші,   жегізуші   жоқ   па?   Әлде   біздің   елімізде   қой   үстіне
бозторғай жұмыртқалап тұр ма? Жоқ, жолдастар! Жеу, қанау,
жаншу, зорлық, қиянат деген нәрселерден бізде көз тұнжырайды.
Бірақ   өкімет   байлардікі,   күштілердікі   болғандықтан
жылауқордың көз жасы көрілмеді, тілегі берілмеді. Іштен тыныш,
қапа боп, итшілеп күнелте берді.. Иә... Иә... Бай тегіннен-тегін бай
болмайды;   елдің   байлығын,   қанын   сорып,   малайдың   еңбегін   жеп
бай   болды.   Бұл   —   талассыз   шындық.   Әлгі   Әбендердің   бай   болу
себебі сол. Оған дау жоқ... Иә, иә... Бізде кедейлер табы деген тап
болып, байларға, жауыздарға қарсы тұра алмауы қалай? Олар да
жан емес пе? Өз пайдасын, өлерін білмегені ме? Міне, бұған түрлі
себеп бар. Бізде жалшылар, кедейлер бас қосарлық, ұйымдасарлық,
мұң-мұқтажын   сөйлесерлік   фабрик-зауыт   сықылды   ордалы
дүкендер болмады. Езілген, жаншылған кедейдің басы бірікпей, әр
төбенің   түбінде   бытырап   жүрді.   Шын   мәнісінде   бізде
пралетариат   болған   жоқ;   болса   да   олар   өлі   аз;   енді   бізден
жалшылар шықпақ, өйткені фабрик-зауыт кәсібі бізге де орнамақ.
Кен   жұмыскерлері   бізде   бұрын   да   бар   ғой...   Иә,   иә...   біздің
кедейлеріміз, жалшыларымыз ақтан қараны айыра алмайтын, көзі
соқыр   болды...   Иә,   кедей   баласы   соңғы   жылдарда   ғана   оқи
бастады.   Бұрын   төрелердің,   ақсүйектердің,   байдың,   болыстың


баласы   оқитын...   (Жорғабек   естімеген   кісі   боп,   теріс   қарайды).
Иә,   онсын   бізде   ру   таласы   деген   пәле   бар.   Ру   басы   ақсақал,
атқамінерлер   өз   пайдасына   бола   ру-рудың   кедейлерін
жауластырып, кедейді шоқпар қылды...
— Иә... Енді кедейдің өкіметі келіп отыр. Кедейді сүйе, кедейге
тендік әпер, кедейдің кезін аш, шаруасын түзет деп отыр. Кедейді
сүйеу бізге керек пе? Керек. Тап жігін, тап тартысын ашуымыз
керек пе?— Керек. Қалай ашамыз? Қандай шаралар қолданамыз?
Міне,   мәселе   —   осында,   —   деп   қалтасынан   шылым   алып,
тұтатып, бір сорды да сөзін тағы қозғады. Тыңдаушылар «Тап
тартысын   қалай   ашар   екен?»   дегендей,   еңселерін   сала   құлақ
қойды.
— Бұл мәселе туралы губернеде екі түрлі ағым бар... жазаласа үш
түрлі ағым бар деуге болады. Бірақ мен үшінші ағымды ағым екен
дегім келмейді, өйткені олар бізде тап жоқ, тап тартысы деген
орысқа еліктегендік: бұл болмайтын әңгіме деседі — деген кезде
Жорғабекке кезінің қырын бір жіберіп қойды. Жорғабек: «Маған
айтып отырсың ғой» дегендей, артынан мықтайтын кісіше көзін
бір қысып қойды.
— Біздер қазақтың коменестері ол пікірді қолдай алмаймыз... Біз
төңкеріс жолына түсуіміз керек... Иә, сонымен екі ағым бар.
Бірінші   ағымның   айтатыны:   қазаққа   төңкеріс   жасау   керек:
байдың жер-суын, мал-мүлкін, жазаласа артық қатынына шейін
кедейлерге тартып әперу керек; пышақ үстінен бөліп беру керек,
бай,   кедей   деген   айырманы   жойып,   қолма-қол   теңгеру   керек.
Әйтпесе, бай қолында малы тұрғанда, жер-суы тұрғанда,  өмірі
кедейге тендік бермейді деседі. Бұл ағымды бастаушы кейбір орыс
жолдастар;   оларға   қосылатын   біздің   Жақсылық   етікші   тәрізді
қаланың   кедейлері   және   кейбір   шолақ   ойлы   жастар...—   деді.
Соңғы сөздерінен Ақбала өзі бұл ағымға қарсы екені көрініп қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет