Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет94/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Не жұмысы барын кім білсін, бүгін қасына ұлтарақты ертіп, Әбен
ауылына кетті. Ел адамдары ол ауылға осал-оңтағай жұмыспен
бармаса керек қой. Ақсақалдың барысы да, сірә, тегін емес қой.
Жүрерінде ауылдағы өрімші Тайкөтті шақыртып, сақал-мұртын
тұжыртып,   кеңірдек   жүнін   қырдырды.   Ақбілектен   жуылған
көйлегін   сұрап   киді.   Төс   қалтасына   сегіз   бүктеп,   таза   орамал
салды.   Етігін   де   түкіріктеп   сүртті.   Көптен   бері   бүйтіп
түзелгенін Ақбілек көрген жоқ еді; бір сый жерге баратынын іші
сезді.
Әбен   ауылы   отыз   шақырымдай   келуші   еді.   Біздің   Қыдекеңдер
болса,   жолда   бір   ауылға   қонып,   бір   ауылға   түстеніп   отырып,
алтыншы күні қонаға әрең жетер еді. Мамекең ондай қолы тиіп
жүрген азбах ақсақал емес қой: жолда атын бір шалдырып, қонаға
Әбел ауылына  келді. Жайлауда болмаса, қыстауында отырғанда
Әбен ауылына бармағалы екі-үш жыл аралап кетіп еді.


Әбен ауылы Алтайдың бір шұрай қойнауында. Былқылдақ бұлақ.
Бұлақ бойы тал. Сырты — орманды, ақбарлы заңғар тау, алды
бұйрат.   Бұйрат   ішінде   қамысты   көл.   Бұлақтан   өте   берістегі
ұзын   қора   Әбендікі.   Анау   таудың   ет   бауырындағы   жеке   қора
әкесімен туысқан Сатай қажынікі.
Мамырбай   ақсақал   бұлақтан   өтіп,   қораның   ығындағы   тармақ
діңгекке таман келе жатыр.
Арты тұтас, алды ашық, жарыса созылған екі ұзын қора. Ортасы
—   беті   ашық   аран.   Бұл   аранға   бес-алты   жүз   жылқы   сыйып
кетеді.   Теріскейдегі   ұзын   қораның   күңгей   беті   жағалай   есік,
мұның   бәрі   қойға,   түйеге,   сиырға,   ботаға,   тайыншаға   арнап
соғылған   бөлек-бөлек   мал   қора.   Анау   артқы   көлденең   өңшең   ат
қора.   Күнгейдегі   ұзын   қора   байдың   үйлері:   өзі   отыратыны   бір
басқа,   екі  қатынның  үйі  екі  басқа,  баласының   отауы,  қонақ  үй,
малшылардың үйі, шошала, еттік, астықхана...
Қораның төңірегі тап-таза. Аранның түкпірінде буы бұрқырап екі
құр ат суып тұр.
Ақсақал аттарын діңгекке байлатып етегін қамшымен бір қағып,
қақырынып, теріскей жақтағы кішкене есіктен байдың қорасына
кірді.   Қадалары   бір-бір   кісідей,   көш   құлаш   дөңбекпен,   сыпсың
шырышпен   жабылған   бүп-бүтін,   оқтай,   заңғар   қораға   кіріп
келгенде,   не   дәуір-ақ   денелі   ақсақал   баладай   боп   кетті.   Өмірі
мұндай қораға кіріп көрмеген Ұлтарақтың көзі бажырайып, аузы
аңқиып қалды. Толып жатқан есіктің қайсысына кірерін білмей,
аңырып   тұрғанда,   бір   есіктен   оңтайлы   аттай   даяршы   жігіт
шыға келіп, сәлем беріп, қонақ үйге бастады. Сықырлаған жаңа
есіктің   тақтай   табалдырығын   аттап,   қонақтар   үйге   кірді.
Ақсақал   сәкі   тақтайға   отырар-отырмаста   даяршы   жып   етіп
етігін   тартты.   Ұлтарақ   қолбаңдап   жете   алмай   қалды.   Етік
қоятын   жері   де   бөлме   тақтайлы   қабырғадан   шығарған   шкаф
екен.   Үйдің   асты   тақтай:   төбесін   қолдың   саласындай   мүсін
шырыппен ит арқалау қыла жауып, ақпен сылап тастапты. Кіре
беріс   жер   аласа,   құр   тақтай,   одан   арғы   жер   төрдегі   үлкен


әйнектерге шейін, киіз, алаша, көрпе, бөстек төсеулі биіктеу сәкі.
Екі   әйнектің   арасында   жоғарыда   желдеткіш   шырылдап   ән   сап
тұр.   Ұлтарақ   тиірмен   бе   деп   ойлады.   Бұрыштағы   карнезді   нар
пештің қуысында қаз мойын жез шәугім; пештің алдында үлкен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет