Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет17/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
САЯСИ ХАЛ
5 январьда Россия құрылтайы жиылды. Және большевик күшімен қуылды.
Біздің оқушыларға белгілі сентябрьде мемлекет мәжілісі құрылғаны. Большевиктер бұл мәжілістен шығып кеткен еді. Себебі, мемлекет мәжілісі Россия құрылтайын жимайды. Біз большевик, қару-жарақ жұмсасақ та құрылтайды жиямыз деген еді.

Октябрь аяғында мемлекет мәжілісін большевик күшпен таратты, уақытша үкіметті абақтыға салып жоғалтты.


Шынымен большевик Россия құрылтайын жимақ болғанда күш-қуаты қолында 28/Х1-ге құрылтайды жиюға ыждағат етуге керек еді. Большевик үкіметі астанада құрылтай сайлауының комиссиясын абақтыға салды. 28/XI жиылған құрылтай депутатты қуды.
Онда депутат саны 400-ге толмай құрылтай ашқызбаймын деп еді.
5 январьда 500-ден аса депутат жиылған еді.
Бұларды мылтық жұмсап тағы қуып Россия құрылтайын тарқатты. Николай түскеннен бері жұрттың сүйенген таянышы құдайдан соңғы құрылтайы еді. Құрылтай басына бұтын көтеріп большевик сарыды.
Енді Николай өлді. Енді қамшы жоғалды, енді билік халықта, жұртта билік. Жұртта болса жұрт жалпы жасырын, төте сайлаумен шығарған депутат мәжілісі құрылтайда деген едік. Билік жұртта деп өзгеге кезек бермей айқайлап алдымен шабатын большевик еді. Большевиктің мұнысы Аллалап отырып қонған үйдің қатынына қол салатын жалған қожа ісі болып шықты.
Соғысты тоқтатамын, бітім қыламын деп қараңғы солдатты ертіп алып, демагогияға сүйеніп іс жүргізген еді, бітім жоқ. Құрылтай ашылған күні, көп жұмысшылар, өзге көп қала кісілері «бар әкімшілік құрылтайға» деп ту алып көшеге шыққан. Осы топты большевик әскері шатырдан пулемет астына алып, көп кісіні өлтіріп, қуып тастаған.
1905 жылы 9 январьда астанадағы неше мың жұмысшылар бостандық бер деп Николайға барғанда, Николай бұларға пулемет бостандығын көрсеткен еді.
Большевик Николайдың аяғын құшты. Николайдың да, мұның емшектес інісі большевиктіңде пулеметтеп жатқаны жалпы жұрт, екеуінің де сүйенгені қараңғы солдат.
Құрылтай алдымен жұртқа беделді үкімет сайламақ еді. Құрылтайға сүйенген күшті үкімет босаған тізгінді жиып алып тежеп ұстап, тентек бастықты тыйып, жұртқа пайдалы тәртіп шығарып, елді билемек еді. Құрылтай өзі Россия мемлекетіне негізгі закон шығарып мемлекет күшін түзетіп, жұртқа пайдалы бітім қылып, жақсы сапарға жұрт тілегін тартпақ еді.
Бұл мақсұттың бәрі 5 январьдағы пулемет оғымен құйын соққан көлдей ұшты, орыс жұртының ұлтшылдары жұртына жаны ашыры, қабырғасы қайысатыны аз да қалды. Ақылды ұлт пайдасын демагогия, қараңғылық басты. Сыртпен бітім жоқ. Соғыстан бұрын Германия 70 млн. еді. Енді орыспен бітім қылмақ, адамын 143 млн. қылып. Олай болса бұрынғы 160 млн. Россия мемлекетінде 87 млн. қалды. Бұл болмайтын бітім емес.
Украина, Дон, Кавказ, Түркістан, Сібір, Орынбор өзге неше ішкі қалалар большевикпен соғысып жатыр. Майдандағы солдат өлді, үйіне қашып жатыр. Мұжық, солдат біз большевик дініне кірдік деп қаланы пулеметшіктер, бай мұжықты талап жатыр.

Темір жол тоқтады. Астаналар астық сатып алатын халықтар, майдандағы әскер жұтап жатыр.


Біздің қазақ жері әзір бұл Россия лаңынан аман. Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па? Болжап болмайды. Қорқамын, жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы былай деп, тонын айналдырып киіп, жұрт білетін өзінің соқыр тиынға айырбастағанынан.
Аға, іні Алаштың азаматы, бір күнгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы қара бұлт Россия лаңынан Алаш баласын қорғайтын жолға шық.
Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бір бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз.
Қош бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар.
Жалпы жұртқа мұрындық бол.
Әлихан»
Алаш газеттерінің бәрі де большевиктерді: «өкімет орнына отыру үшін жұртқа жақсы атты көрінбек болып жүрген жаман ниетті адамдар...» — деп оқушыларын ұғындырып жатты. Әрине, «адасқанның алды жөн...»
Мысал үшін «Қазақ» газетінің 1918 жылы 12 ғинуарда жоғарғы мақала келтірген нөмірінің алдында шыққан 259-нөмірінде, «Демагогия» деген басмақаласында бүй дейді:
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет