ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
«ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни
«ҚҰТАДҒУ БІЛІК» БҰЛ КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН, ТҮРКІ ТЕКТЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ.
БҰЛ КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН, ТҮРКІ ТЕКТЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ «ҚҰТТЫ БІЛІКТІ» 1069—1070 ЖЖ. БАЛАСАҒҰН ҚАЛАСЫНДА БАСТАП, ОН СЕГІЗ АЙДЫҢ ІШІНДЕ ҚАШҚАР ҚАЛАСЫНДА АЯҚТАҒАН.
ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ТЕРЕҢ, ХАЛЫҚТЫҢ МОРАЛЬДЫҚ ЭТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСПЕТТЕС БҰЛ ЕҢБЕГІН ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ СОЛ КЕЗДЕГІ БИЛЕУШІСІ ТАБҒАШ АРСЛАН ХАН БОҒРАТЕГІНГЕТАРТУ ЕТКЕН.
Баласағұн Қашқар ДАСТАН БЕЛГІЛІ БІР МАҒЫНАДА ЕЛДЕГІ АТА ЗАҢ (КОНСТИТУЦИЯ) ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН. БАЛАСАҒҰН ДАСТАНДА ПАТШАЛАР МЕН УӘЗІРЛЕРДІҢ, ХАН САРАЙЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕЛШІЛЕРДІҢ, ӘСКЕРБАСЫЛАР МЕН НӨКЕРЛЕРДІҢ, ТӘУІПТЕР МЕН АСПАЗДАРДЫҢ, ДИҚАНДАР МЕН МАЛШЫЛАРДЫҢ, Т.Б. ҚОҒАМ МҮШЕЛЕРІНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ, БІЛІМ ДӘРЕЖЕСІ, АҚЫЛ-ПАРАСАТЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕКТІГІН ЖЕКЕ-ЖЕКЕ БАЯНДАП ШЫҒАДЫ. ДАСТАНДА ЕЛДЕГІ БАРЛЫҚ ЛАУАЗЫМ, КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР СИПАТТАЛЫП КӨРСЕТІЛГЕН.
Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,
Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.
Ата-анадан жетім қалып келді ол,
Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!
ДАСТАННЫҢ БАСТЫ ИДЕЯСЫ ТӨРТ ПРИНЦИПКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН. БІРІНШІСІ, МЕМЛЕКЕТТІ ДҰРЫС БАСҚАРУ ҮШІН ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРАТЫНДАЙ ӘДІЛ ЗАҢНЫҢ БОЛУЫ. АВТОР ӘДІЛДІКТІҢ СИМВОЛДЫҚ БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ КҮНТУДЫ ПАТШАНЫ КӨРСЕТЕДІ. ЕКІНШІСІ, БАҚ-ДӘУЛЕТ, ЯҒНИ ЕЛГЕ ҚҰТ ҚОНСЫН ДЕГЕН ТІЛЕК. БАҚ-ДӘУЛЕТ МӘСЕЛЕСІ ПАТШАНЫҢ УӘЗІРІ АЙТОЛДЫ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ ЖЫРҒА ҚОСЫЛҒАН. ҮШІНШІСІ, АҚЫЛ-ПАРАСАТ. АҚЫЛ-ПАРАСАТТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМ. РӨЛІ УӘЗІРДІҢ БАЛАСЫ ҰҒДҮЛМІШ БЕЙНЕСІНДЕ ЖЫРЛАНАДЫ. ТӨРТІНШІСІ, ҚАНАҒАТ-ЫНСАП МӘСЕЛЕСІ. БҰЛ МӘСЕЛЕ ДАСТАНДА УӘЗІРДІҢ ТУЫСЫ, ДӘРУІШ ОРДГҮРМІШ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ ӘҢГІМЕ БОЛАДЫ.
БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БІЛІГІНДЕ» ӨМІР МӘНІ ПАЙЫМДАЛЫП, ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ РУХАНИ БАЙЛЫҚТАР – МҰРАТ, ДІН, ЭТИКА, ӨНЕР ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚТЫҢ МӘНІ САРАЛАНҒАН.
Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады, Сені жақтап, қолдамады басқаны. Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн, Салауат айт, мақта, ақта үмітін! Елге деген рахымы ол құдайдың, Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы. Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді, Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.
Қ.КАРИМОВӨЗБЕК ТІЛІНЕ (1971), Н.ГРЕБНЕВ (1971) ПЕН С.ИВАНОВ ОРЫС ТІЛІНЕ (1983), А.ЕГЕУБАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ (1986), БІР ТОП АУДАРМАШЫЛАР ҰЙҒЫР ТІЛІНЕ (ПЕКИН, 1984) ТӘРЖІМА ЖАСАДЫ. ҚАРАХАН ӘУЛЕТІ БИЛІК ЖҮРГІЗГЕН ДӘУІРДЕ ҰЛАН-ҒАЙЫР ӨЛКЕНІ АЛЫП ЖАТҚАН ОСЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ТӘРТІБІН БЕЛГІЛЕЙТІН ЕРЕЖЕЛЕР, СОНДАЙ-АҚ ҚОҒАМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АЙҚЫНДАЙТЫН ТИІСТІ ЗАҢДАР ЖОҚ ЕДІ.
Асқар Егеубаев Наум Гребнев Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды:
"Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік" ҚОРЫТА КЕЛЕ, ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ЕҢБЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ БАР ҚАҒИДАЛАРЫНА САЙ КЕЛЕДІ. «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫ АДАМДАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ, ӘДЕПТІЛІККЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ.