«Таңғажайып жасыл әлем» Бастауыш сыныптар



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі26,69 Kb.
#49218
түріСабақ
1   2   3   4
Үйірменің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.


Негізгі міндеттері:
 туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
 оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
 күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
 «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
 танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
 қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
 картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды тауып көрсетуге үйрету;
 тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
 танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
 бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
 адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
 жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
 оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын негізгі талаптар.

- айнала қоршаған ортаны бағдарлауды;


- табиғаттағы заттарды, өсімдіктер мен жануарларды;
- ауа, су, топырақты ажыратып олардың адам үшін қажеттілігін;
- адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.
- адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
-ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
-өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
-өсімдіктің тіршілік ортасы;
-үй жануарлары және жабайы жануарлар;
-жануарлар мен құстардың қоректенуі;
-өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысы;
-жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
-өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі;
- сурет пен сұлбаның айырмашылығын;
-Қазақстанның ірі қалаларының атаулары;
- Қазақстан Республикасының астанасы туралы білуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет