Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет74/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119
2. Жүректiң құрылысы және қызметi.
Жүректің құрылысы. Жүрек көкiрек қуысында екi өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасып, iрi қан тамырларға iлiнiп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, енi 8-11 см, ал массасы адамдарда 250-300 грам, жануарларда дене салмағының 0,6-1% алады.
Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесiк арқылы қосылады.Сол жақта қос жармалы, оң жақта ұш жармалы атрио-вентрикулярлық қақпақшалар орналасқан. Ал қолқа тамыры мен өкепе венасы жүректен басталған жерiнде айшық қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қанды бiр бағытта өткiзедi.
Жүректiң қабырғасы үш қабаттан тұрады. lшкi қабаты- эндокард, ортаңғысы- миокард, сыртқысы- эпикард. Эпикардтың сыртқы қабаты- перикард – жүрек қабы. Эпикард пен перикард арасындағы қуыста үлпершек сұйығы болады.
Эпикард жүректiң iшкi бетiн жауып жатқан жұқа қабықша. Ол бiрыңғай салалы ет ұлпасы мен серпiмдi талшықтардан тұрады.
Миокард- ет қабаты. Ет талшықтары ерекше тарамдалып, бiр- бiрiмен ендiрме табақша- нексус арқылы қосылады да, бiр тұтас тор, синцитий құрайды. Нексустар арқылы миокардта қозу өте жылдам жайылады (кедергiсi аз) ет талшықтары топтасып жиырылады. Сондықтан жүрек етi функциялық синцитий ретiнде қызмет етедi. Сонымен қатар жүректiң атиптiк ұлпасы болады (өткiзгiш талшық-тар) Бұл ұлпа жүректiң кейбiр бөлiктерiнде тұйiнмен шоқтар құрып, жүректiң өткiзгiш жүйесiн тұзедi.
Жүректің қызметі. Жүректiң негiзгi қызметi қанды қан тамырларымен қуалау. Бұл жұмыс жүрек еттерiнiң жиырылуымен және босаңсуымен iске асады. Жүрек еттерiнiң жиырылуы- систола, босаңсуы- диастола, одан соң жалпы үзiлiс- пауза деп аталады. Систола диастола, пауза жүрек циклiн құрайды. Жүректiң бiр толық айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуi систолалық, екеуi- диастолалық кезең.
Ширығу кезеңi, ұзақтығы- 0,08сек.
А) асинхронды жиырылу сатысы- 0,05с.
Б) изометриялық жиырылу сатысы- 0,03с.
Қанды қуу кезеңi- 0,25сек.
А) Қан қуудың пәрмендi сатысы- 0,12сек
Б) Қан қуудың баяу сатысы- 0,13сек
Диастолалық кезең
Босаңсу кезеңi- 0,12сек
А) протодиастола сатысы- 0,08сек
Б) баяу стаысы- 0,27сек
В) пресистола.
Сонымен, жүрекше еттер жүректiң бiр толық айналымында(0,8сек), жүрекше еттерi- 0,1сек, ал қарынша еттерi-0,3сек жұмыс iстейдi, басқа кезде дем алады. Осының арқасында ғана жүрек ұзақ уақыт тынымсыз, шаршамай қызмет жасайды.
Арнаулы зерттеулер бойынша жүрек 6 сағат iшiнде салмағы 70 кг адамда 25 қабатты үйдiң биiктiгiне көтеруге жарайтындай қуат шығындайды. Бiр минутта жүрек 8,5кГм, бiр тәулiкте-12мың кГм, ал бiр жылда-4.260мың кГм жұмыс атқарады. Жүректiң бiр тәулiк iшiнде жұмсаған қуатына 18т жұктi бiр метр биiктiкке көтеруге болар едi.
Жүрек қағуы- адам мен итте кеуденi жүреек ұш жағымен қақса, малда- бүйiр бетiмен қағады. Адамда минутына-70-80рет, ал жылқыда-32-42рет, сиырда-60-80, түйеде-32-56рет қағады.
Жүрек жұмысы кезiнде дүбiр (тоны сердца) пайда болады. Оларды тыңдау (аускультация) әдiсiмен стетоскон, не фонендоскоп арқылы зертейдi. Бұл дыбыстың пайда болуы жүрек қақпақшаларының қызметiне байланысты.
Жүрек еттерi жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгiлi мөлшерде қан қуылады. Қарыншалардан систола кезiнде өтетiн қанның мөлшерiн систолалық сиымдылық деп атайды. Оның мөлшерi адамда 70-80мл, ал жылқы мен iрi қарада 500-600мл, қой ешкiде-70мл тең.
Жүректен бiр минутта өтетiн қанның мөлшерiн жүректiң минуттық сиымдылығы деп атайды. Мысалы, адамда 5-6л, жылқыда –20-30л, iрi қарада-40-50л тең.
Жүректiң минуттық сиымдылығы адамның жасына, шынығуына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет