Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет111/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

2. Терінің құрлысы мен қызметі
Тері - денені сыртқы ортадан шектеп тұратан жабынды қабық. Ересек адамда оның жалпы беткейі 1,5-2   жетеді. Құрылысына, табиғатана және атқаратын қызметіне қарай ол үш қабатқа бөлінеді: сыртқы - эпидермис, ортаңғы - нағыз тері және ішкі - тері шелі.
Эпидермис сыртқы ұрықтық қабықтан - энтодермадан, дамиды да, көп қабатты эпителийдан құралады. Оның беткей қабаты өлекселеніп, мүйізденіп, қабыршақтанып, сыдырылып түсіп үздіксіз жанарып отырады. Мүйізденген торшалардан тереңірек тіршілігі тоқтаманған целинд пішінді, көбею қабілеті жойылмаған ядролы торшалар орналасады. Тері беткейіне ығысқан сайын олар жалпайып, ядросын жоғалтады. Эпидермистің терең қабатындағы торшалар құрамында организмді ультрокүлгін сәулелер әсерінен қорғайтын меланин деген пигмент болады.
Нағыз тері - кориум, ұрықтың ортанғы қабықшасы - мезодермадан дамиды. Ол құрамында көптеген оралымды талшықтары бар дәнекер ұлпадан құралады. Сондықтан тері оралымды және серпімді құрылым. Нағыз тері еміздікше және торлы қабаттардан тұрады.
Еміздікше қабат эпидермистің астында орналасып, одан негіздік жарғақпен (мембранамен) бөлінеді. Бұл қабат борпылдақ және торлы дәнекер ұлпадан түзіледі, бір - бірімен торлана байланысқан коллоген талшықтары будасына бай. Олардың арасында теріге серпімділік беретін эластин талшықтары орын тебеді. Еміздікше қабатта эпидермисті қоректендіретін қан тамырларымен жанасуды, жылылықты, суықтықты ауырсынтуды қабылдайтын сезімтал нерв ұштары орналасады. Малда бұл қабат түктің өсуіне тікелей әсетін тигізеді. Сондықтан жүнді көп беретін жануарларда ол қалың болады.
Торлы қабат - бір - бірімен торлана байланысқан коллоген талшықтары будалары мен олардың арасындағы эластин талшықтарынан құралған тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Коллоген талшықтары будаларының жуандығы, тоқылу тәртібі жануарлардың түріне, дене аумағына қарай өзгеріп отырады.
Нағыз теріде май, тер бездері және түк түбірлері орналасады.
Тері шелі де мезодермадан дамиды. Ол нағыз теріні дененің беткейлік шандырымен байланыстырады. Оны түзетін борпылдақ дәнекер ұлпа талшықтары арасында май түйіршіктері (май қоры) орналасады. Шел майы денені механикалық соққылардан сақтап, қорғаныстық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет