Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет29/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119
Бақылау сұрақтары:
1.Сопақша мидың қызметi.
2.Мишықтың қызметi.
3.Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметi.
4.Тонустық рефлекстер, түрлерi.


Лекция 9. Орталық жүйке жүйесiнiң жеке бөлiмдерi.

1.Аралық ми және оның қызметi


2.Көру төмпешiгi (таламус).
3.Гипоталамус – гипофиздік жүйе.
4.Торлы құрылым және оның маңызы.
5.Алдыңғы ми оның қызметтері.
6.Лимбика жүйесi.


Аралық ми және оның қызметi. Аралық миға көру төмпешiгi (таламус), төмпек асты аймақ – гипоталамус және төмпешiкүстi – эпифиз жатады. Аралық ми ортаң-ғы мидың алдында, алдыңғы мидың жолақ денелерiнiң артында орналасып, бiр-бiрiмен байланыстырып тұрады.
Көру төмпешiгi (таламус) - аралық мидың негiзгi бөлiгi. Алдыңғы жағынан ол құйрықты ядромен, ал артқы жағынан – төрт төмпешiкпен жанасады. Сұр заттан түзiлген 40 шақты ядролардан тұрады (алдыңғы, медиальдық, және латеральдық ядролардан).
Қызметi жағынан таламус ядролары арнаулы және жалпылама болып бөлiнедi.
Арнаулы ядролардан тараған импульстер ми қыртысының үшіншi немесе төртiншi қабатының нақтылы сезiмтал (сенсорлық) және жалғастырғыш (ассоциативтiк) аймақтарына шоғырлана бағытталады. Ал жалпылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына бытыраңқы, шашырай жайылады да, оның көп бөлiгiн қамтиды.
Таламус ядроларында жанасу, проприо-термо-ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан импульстер тоғысады. Егер көру төмпешiгi зақымдалса рецепция бұзылады (қабылдау қабілеті).
Таламус. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар функциялық маңызына қарай арнамалы, бейарнамалы, ассоциативтік, қозғалтқыш деп белінеді.
Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеме жүйке талшықтары арқылы дене рецепторларынан келетін тұрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, қүлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бұл ядролар бұзылса, рецепторлардан келетін әсерлер сезілмейді. Арнамалы ядролар нейрондарының тері, ет-сіңір және ішкі ағзалар рецепторларымен байланысына қарай ядролардағы орны, қызметі әртүрлі. Осы түрлі функциялы нейрондар ми қыртысының сезімтал зоналарындағы функциясы сәйкес нейрондармен байланысады. Таламустың арнамалы нейрондары сезімдік хабарларды ми қыртысын тек өткізіп қана қоймай, оларды талдап құрамыстайды. Сондықтан кейбір сезім серпіністерінен таламуста жабайы түйсік пайда болады. Нақтылы түйсік ол ми қыртысының қызметі. Ауруды сезу туйсігі таламусы сақталған (жарты шарлар алынып тасталған) жануарларда пайда болатыны байқалған.
Латеральды иілмелі дене көру сезімі жуйесінің, ал медиальды иілмелі дене дыбыс есту жуйесінің арнамалы ядролары. Ассо-циативтік ядроларға турлі серпіністер таламустың арнамалы ядроларынан келіп түседі.
Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы ядролардан келген әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді.
Қозгалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.
Ми қыртысы таламустың арнамалы және бейарнамалы ядролар кызметін тежеуші және жеңілдетуші әсер ете алады. Мұндай екі жақты байланыстардың ми қыртысының интегративтік қызметін іске асыруда және физиологиялық маңызды жағдайларды реттеуде маңызы өте зор.
Таламус арқылы афференттiк импульстер мидың жоғарғы бөлiмдерiне бағыттайтын құрылым зона емес, таламуста әртүрлі тiтiркенiстердi талдау, жинақтау поцестерi де жүреді. Таламус бұлшық еттiң икемдiлiк тонусын реттеуге де қатынасады.
Эпиталамуста иiс сезу орталығы мен iшкi секрециялық без – эпифиз орналасады.
Гипоталамус – ортаңғы мидың көне бөлiмi. Ол мидың үшіншi қарыншасының вентральдық қабырғасын құрайды, таламустың астыңғы жағында орналасады.
Гипоталамус алдыңғы жағында иiстiк мимен, артқы жағында - ортаңғы мимен жанасады. Гипоталамус көптеген ядролардан тұрады: паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сұр төмпек, емiздiкше дене, гипоталамус аймағында 32 жұп ядро орналасқан.
Гипоталамус ОНЖ-ң барлық бөлiмдерiмен тығыз байланысқан. Оның эфференттiк жолдары таламуспен, гипофизбен, ортаңғы және сопақша мимен, аксондары вегетативтiк жүйкелердiң түйін алдық талшықтарын түзетiн торшалармен жалғастырады. Гипоталамус ядролары афференттiк импульстердi көру төмпешiгi арқылы қабылдайды. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының иiстiк, промоторлық және қозғағыш аймақтарынан тараған импульстерде таламус арқылы жетiп отырады.
Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.
Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен бірге оған базальдық ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке аркылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді.
Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығып сақтайды. Гипоталамус сомалық функциялардың (қимылдардың) вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де қатысады.
Гипоталамуста көптеген мотивация, яғни мақсатты іс әрекет тудыратын орталықтар бар. Мәселен, ортаңғы бүйір ядроларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперорагия) — салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «-аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болса да ол азықка қарамайды (гипофагия), жудейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қайта су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар мақсатты және бағытталған әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді.
Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген функцияларын реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен функциялы гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды (ұнамды) сезімдер туады. Егеуқүйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен байланыстыратын кнопка қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда кнопканы басып қалып жаңағы ядроларды тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен кнопканы баса береді.
Гипоталамус вегетативтiк функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды атқаруда маңызды роль атқаратынын 1954ж В. Бесс оның тұрлі бөлiмдерiн электр бөлiмдерiн электр тогымен тiтiркендiру арқылы анықтаған. Атап айтсақ – артқы және латеральдық аймағы симпатикалық реакциялар: көз қарашығының үлкеюi, қан қысымының жоғарлауы т.б., ал алдыңғы және преоптикалық аймақты тiтiркендiргенде трофотроптық эффект байқалған (парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң жалпы қозуы).
Гипоталамуста вегетативтiк, соматикалық және эндокриндiк қызметiн реттейдi. Сонымен қатар гипоталамус түрлі эммоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Зерттеулерге сәйкес, қазiргi кезде оның жыныстық және агресивтi қорғаныс рефлекстерiне қатысы анық көрсетiлген. Тәжiрибеде мысықтың ызалануы, тоқтық, аштық орталығы, шөлдеу т.б. орталықтары анықталған. Гипоталамус гипофизбен тығыз морфологиялық және функциональдық байланыста болады. Арасында жүйкетiк және функциональдық байланыс болғандықтан гипоталамо-гипофизарлық жүйе деп бiрiктiредi.
Сонымен, қорыта айтсақ, гипоталамус организмдегi тұрлі процес-тердi реттеуде ролi зор, бiрақ ол өз әсерiн тәуелсiз, жеке жүргiзбейдi, өз қызметiн мидың жоғары бөлiмдерiнде орналасқан орталықтардың басқарушы, реттеушi әсерiмен атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет