Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет38/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119
Бақылау сұрақтары:

  1. Ми қыртысындағы тежелу, оның қандай түрлерiн ажыратады?

  2. Ұйқы дегенiмiз не?

  3. Ұйқының қандай түрлерiн ажыратады?

  4. Ұйқының табиғатына түсінiктеме беретiн қандай теориялар бар?

  5. Не себептен түс көредi?



Лекция 12. Жоғары жүйке жүйесінің интеграциялық қызметтері


Лекция жоспары:
1.Гипноз.
2.Ес және оның түрлерi.
3. Қазiргi кездегi ес туралы негiзгi гипотезалар.
4. I және II сигналдық жүйе дегенiмiз не?
5. ЖДНҚ-iң типтерi.


Гипноз. Ұйқыны зерттеу нәтижесінде И.П. Павлов гипноз құбылысына физиологиялық тұрғыдан түсініктеме берді. Гипноздың да негізінде тежелу процесінің жайылуы, таралуы жатады. Бірақ терең ұйқы жағдайында тежелу процесі бүкіл ми қыртысын қамтып, қыртыс асты түйіндерге дейін таралса, гипноз жағдайында тежелу процесі ми қыртысының тек белгілі бір аймақтарына жайылады.
Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар.
Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомнелеция (ұйқышылдық) – адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) – қол-аяғы қозғалмайды – каталепция, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды. Сомнабулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады.
Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. В.М. Бехтеревтің айтуынша, гипноз – санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласыңсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.
И.П. Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз ми қыртысына, оның тежелуі мен тонусы төмендеген жағдайда әсер етеді. Бұл жағдайда ми қыртысыда пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдетте тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, себепті гипноздық иландырудың емлеу нәтижесін қамтамасыз етеді.
Иландыру – адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамдардың өзара қатынасының нормасы – ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда санаға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялық әсерленушілік енеді.
Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% - оңай, 55% - орташа, ал 25% - қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мәселен холериктер, меланхолик және флегматиктер.
Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі эмоциялық жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады.
Гипноздық жағдайда адамның қимыл әрекеті және ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бұл жағдайда «бұйырғанмен» жөнсіз немесе өнегесіз қылық жасамайды.
Бүгінге дейін гипноз бен иландыру тетігі толық ашылған жоқ. П.В. Симоновтың пікірі бойынша, гипноз ұйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бұл сергкетіктің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз бен сергектіктің айырмашылығы – ми құрылымдары арасында өзге әрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа әрекеттік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-қатынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу ұйқының жеңіл сатысында (сомнолеция) ми құрылым-дарының қарым-қатынасын үзіп, сергектіктің әрекеттік себептестік байланыстарын әлсіретеді. Бұл кейбір (шамасы лимбияда) жүргізгіш (тригерлік) тетіктер қозуынан мидың өзара бірігіп әрекеттесуін қайта ұйымдастыруға әкеліп соғады.
Гипнозды көбінесе адам психикасының жұмбақты құбылыс-тарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін әртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәуегейлік, проскопия (зерделік), болжампаздық (біреудің болашақ ойын немесе оқиғаларын сезу), психокинез («ой күшімен заттарды орнынан қозғалту» қабілеті), парадиагностика тағы басқалар қосылады
Ұйқыдан сергек күйге ауысу барысында И.П. Павлов пікірінше бірнеше жүйелі саты байқалады. Олар парабиоз сатыларына ұқсас және гипноздық сатылар деп аталады. Гипноз жағдайында үлкен ми жарты шарлары қыртысының көп бөлігі тежелу күйінде болады да, гипнозшы берген бұйрықтар ми қыртысының тек белгілі бір аймағын қоздыра түседі. Өзара индукциямен байланысты тежеулі учаскелер мұндай қозуды күшейте түседі, ал қозған аймақтағы теріс индукция басқа учаскелердегі тежелуді тереңдете береді. Осымен байланысты гипнозшының бұйрықтары ерекше оқшауланып, күшті әсер етеді. Гипноз кезінде толық тежелмеген ми қыртысы парадоксальдық сатыда болады да, әлсіз тітіркендіргіштер (гипнозшы сөзі) өте күшті әсер етеді. Ультрапародоксальдық сатының дамуымен байланысты гипноздағы адамда нақтылы әсерге қарама-қарсы түйсік тудыруға болады.
Жануарларда гипноз қауіп тенген кезде қимылсыз тырып ете алмайтын күймен бейнеленеді. Жалпы, гипноз — шала ұйқыдағы күй. Бұл кезде ми жарты шарлары қыртысының тек белгілі бір аймағында сергектік сақталады да, басқа аймақтары ұйқыда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет