Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Қазiргi кездегi ес туралы негiзгi гипотезалар



бет40/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Қазiргi кездегi ес туралы негiзгi гипотезалар.
1.Жалпы мида қалыптасатын уақытша байланысты естiң негiзiнде жататын күрделi физиологиялық процестiң бiр көрiнiсi деп алуға болады.
Морфологиялық мәлiметтерге қарағанда мида нейрондардың тұйықталған тiзбегi болады және және осы тiзбектi бойлай импульстер ұзақ уақыт бойына еркiн айналып жүре алады. Осы негiзде қысқа мерзiмдiк естiң физиолгиялық мәнiн түсіндiру үшiн реверберация (жаңғырту) теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сәйкес мәлiмет “тұзақ” деп аталатын нейрондар тiзбегi арқылы сақталды. Бұл тiзбектегi бiр нейрон қозса ол келесi нейронды қоздырып, тiзбектелген процесс басталады да бұл импульстер аксон бүйiр тармақтары немесе аралық нейрондар аксондары арқылы алғашқы торшаға қайт оралады. Бұл процесс қайталанып жалғасып, сақина сипатты байланыс тұзiлiп, қозу импульсi оны бойлай ұзақ уақыт айналып жүре бередi, әр айналым сайын есте қалған iз нығая түседi.
Қысқа мерзiмдiк естiң - электрондық теориясы. Бұл теорияға сәйкес нерв импульстерi синапстар арқылы өткен кезде өзiндiк құбылыста туындап, электрондық потенциал пайда болады. Осының нәтижесiнде белгiлi синапстар арқылы импульстердың өтуi ұзақ мерзiмге (1 мин тiптi сағатқа ) жеңiлдетiледi.
И.С.Бериташвили естiң түрiн жiктеген:

  1. Объективтi көрсеткiш-есте сақтау. (Бейне ес)

  2. Эмоциональдық ес- бұрынғы бiр жағдайда туған эмоция қайта бейнелеу, тiтiркендiргiш әсерi.

  3. Шартты рефлекторлық ес- шартты қозғалыс және сөл бөлу реакцияларының қайталануы.

  4. Сөз-логикалық ес- сөздерге ес.

Ес туралы мағлұматтар негiзiнен маймылдарға немесе миында патологиялық процесс дамыған адамдарға жүргiзiлген бақылаулар негiзiнде жинақталған.
Естiң қалыптасуына түрлі заттар әсер ететiнiн анықтаған: ацетил холин, серотонин естi жақсартады.
5. Жоғары дәнежелi нерв қызметiнiң типтерi.
Жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері деп нерв жүйесінің жеке малдарға тән қасиеттерінің жиынтығын айтады. И.П. Павлов ілімі жоғары дәрежелі нерв қызметінің жекеше сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, даму ерекшеліктеріне байланысты. Бір текті тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал өкілдері негізінен бірдей реакциямен жауап қайтарады. Дегенмен мұқият бақылағанда әрбір малдың тек өзіне ғана тән ерекшеліктері болатынын байқауға болады. Мысалы, бір атқорада бағылатын жылқылардың жылқышының жем үлестірер кезіндегі әрекеттеріне реакциялары әртүрлі келеді: бір жылқы тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, осқырады, үшіншісі бір орында тұра алмай, әрлі-берлі қозғала бастайды. т.с.с. Мал реакциясындағы бұл ерекшеліктер оның нерв жүйесінің қасиеттерімен байланысты. Өз кезегінде нерв жүйееінің қасиеттері ОНЖ-де пайда болатын қозу және тежелу процестерінің ара қатынасына сәйкес қалыптасады. Әр малда қозу және тежелу процестері бір деңгейде қалыптаспайды. Олар күшімен, тендестігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді. Аталған нервтік процестердің ара қатынасындағы өзгешеліктер жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтік ерекшеліктерінің негізіне алынады.
Нервтік процестердің күші ми қыртысы торшаларының жұмыс қабілетімен, олардың ұзақ әрі ауыр жұмыстарға шыдамдылығымен анықталады. Бұл қасиет қыртыс торшаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайды. Ол дұрыс не бұрыс шартты рефлекстер қалыптастыруға қажет тітіркендіргіштердің ең жоғарғы күшімен анықталады. Нервтік процестер күшті немесе әлсіз болуы мүмкін. Кейбір иттерде шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де күшті тітіркендіргіштерге де оңай қалыптасады, ал басқа біреулерірде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше шектен тыс тежелу туындайды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орташа күші бар тітіркендіргіштерге ғана қалыптасады. Организмге тым күшті тітіркендіргіш әсер етсе, онда нервтік процестері күшті жануар оған тиісті реакциямен жауап береді, немесе мұндай тітіркендіргіштің әсерін жұмсартып жібереді.
Нервтік процестердің теңдестігі қозу және тежелу процестерінің күшінің ара қатынасымен анықталады, бейнеленеді. Егер нерв жүйесінде аталған процестер күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса — теңгерілмеген болып табылады. Нервтік процестері күшті, бірақ қозу процесі басым жануарларға күшті қозғыштық тән болады, оларда оң шартты рефлекстер оңай қалыптасады, бірақ жіктеу процесі өте нашар жүреді. Егер қозу процесі тежелумен салыстырғанда әлсіздеу болса, ондай иттерде күшті тітіркендіргіштер көбінесе ми қыртысында тежелу тудырады.
Нервтік процестердің жылжымалылығы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады.
Бұл қасиетпен сыртқы орта жағдайына байланысты жануардың мінез-қылығының өзгеру шапшаңдығы байланысты. Нервтік процестер жылжымалы (лабильді) немесе инертті (тоқыраңқы) болуы мүмкін. Нервтік процестердің жылжымалылығы жоғары болса, жануар сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына шапшаң бейімделеді.
Нервтік процестердің қасиеттері нерв торшаларының өзіндік құрылым ерекшеліктерімен байланысты. И.П. Павлов пікірінше нерв торшаларының өзіндік функциональдық қоры болады және ол торша әрекетімен байланысты (қозумен) шығындалып отырады. Күшті нерв торшаларында функционалдық қор мол болады, сондықтан олар ұзақ мерзім бойына жоғары деңгейде қызмет атқара алады. Әлсіз нерв торшалары ұзақ, күшті жұмысқа шыдай алмайды, олар өзінің функциональдық қорын тез шығындайды.
Нервтік процестердің жылжымалылығы тек нерв торшаларының құрылым ерекшеліктері мен қасиеттерін ғана емес, вегетативтік нерв жүйесінің тонусына, гуморальдық реттелу механизмдерінің деңгейіне байланысты.
Жоғарыда аталған нервтік процестердің үш қасиеті — күші, теңдестігі және жылжымалылығы нерв жүйесінің типтік ерекшелік-терінің негізінде жатады да, жануардың мінез-қылықтық реакцияларына организмнің жалпы тонусына, оның жұмыс қабілеті мен өнім-ділігіне әсер етеді.
Нервтік процестердің күшіне, теңдігіне және жылжымалылығына
қарай И.П. Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметін төрт типке бөлген. Олардың біреуі әлсіз, ал қалған үшеуі—күшті. Күшті типтерді ол ұстамды және ұстамсыз, ал ұстамды типтерді — ширақ және инертті деп бөледі .
Демек, И.П. Павлов жіктеуі бойынша жоғары дәрежелі нерв қызметі әлсіз, ұстамсыз, ширақ және инертті болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет