Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет96/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Астың сіңірілуі. Ас қорыту процесiнiң соңғы кезеңi ас қорыту жолында ыдыра-ған өнiмдерiнiң қанға және лимфада сiңуi.
Ас сiңiру процесiнiң қарқыны ас қорыту мүшелерiнiң құрылы-сына, астың жаншылуына қарапайым заттардың мөлшерiне байланысты болады. Ауыз қуысында азықтар аз уақыт (20-30секунд) болғандықтан сiңiрiлмейдi. Бiрақ кейбiр дәрiлер тiл астына салғанда сiңуi мүмкiн. Қарын қуысынан да сору процесi қарқынды жүрмейдi. Бұл жерде негiзiнен су, кейбiр минералды заттар, глюкоза, спирт сiңедi.
Негiзгi сiңу процесi ащы iшекте жүредi. Он екi елi iшекте ыдырау өнiмдерiнiң 5-8% ғана қанға сiңедi. Ас негiзiнен аш iшек пен мықын iшекте сiңедi. Себебi азық толық ыдырап, көптеген суда еритiн iшек мембранасынан өте алатын заттар пайда болады және олар iшекте 10-12 сағаттай беткейiн ұлғайтады.
Қоректiк заттардың сiңiру бiрнеше жолмен жүредi.
1.Қоректiк заттардың сiңуi фагоцитоз және пиноцитоз түрiнде жүредi мұны экзоцитоз деп атайды. Негiзiнен клеткалық ас қоры-тумен байланысты.
2.Ас қорыту жолында қоректiк заттардың сiңуi пассивтi және белсендi тасымалдау арқылы жүзеге асады.
3.Пассивтi тасымалдау диффузия сүзiлу және осмос деп ажыра-тады. Пассивтi түрдегi тасымалдау концентрациялық, осмостық және электрохимиялық градиенттерге байланысты жүредi. Тасымалдаудың бұл түрi қуат қажет етпейдi.
Белсендi тасымалдау деп заттардың клетка мембранасы арқылы градиенттерге қарама-қарсы арнаулы тасымалдағыштардың қатысуымен жүредi және қуат жұмсалады.
Мономерлердiң клеткаға апикальдiк және базальдық мембранасы арқылы өтуi Nа+ мен К+ иондарының тасымалдануына байланысты. Бұл процесс К+-Nа+-АТФ арқылы ферментiнiң қатысуымен жредi және қуат жұмсалады.
Сонымен қорыта айтсақ сiңу процесi үш жолмен жүредi. Эндоци-тоз, фагоцитоз, пиноцитоз) пассивтi тасымалдау (диффузия, осмос, сүзiлу) және белсендi тасымалдау (арнаулы тасымалдағыштардың қатысуымен)
Майлардың сiңуi.
Майлардың ыдырау өнiмдерi адам мен жануарларда ащы iшектiң он екi елi iшегiнде және аш iшектiң проксимальды бөлiгiнде сiңедi. Майлардың сiңуi жылдамдығы олардың эмульсияға айналуына және ыдырауына байланысты.
Майлар өт қышқылдарымен қосылып эмульсияға айналады, одан әрi липазаның әсерiмен глицерин және майқышқылдарына ыдырайды.
Глицерин суда жақсы еридi, сондықтан тез сiңедi, ал май қыш-қылдары суда ерiмедi, сондықтан олардың сiңуi үшiн өт қышқылдары қажет.
Орташа ұзындықты тiзбектен (С12) құралған май қышқылдары өт қышқылдарының қатысуымен тiкелей қанға сiңедi. Ұзын тiзбектi майқышқылдары, моно, диглицеридтер, холестерин өт қышқыл-дарымен қосылыс тұзген соң тасымалдаушылар әрекетiнiң арқасында эпителиоциттерге өтедi. бұл клеткаларда үшглицеридтер қайта тұзiлiп, май тамшылары липопротеиндi қабықпен қапталған хило-микрон тұзедi.
Хиломикрон құрамында 87% үшглицеридтер, 7% фосфаттар, 1% белок, 5% холестерин болады. Хиломикроидар лимфаға сiңедi.
Парасимпатикалық әсер майдың сiңуiн күшейтедi, симпатикалық әсер төмендетедi.
Гипофиз, қалқанша без, бүйрек үстi без гормондары майдың сiңуiне әсер етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет